Ойынға қатысатын балалардың арасынан аңшыны сайлап алады. Қалған балалар – қояндар. Олар өз інінде отырады.
Іннің саны (шеңберлер) қояндардың санынан біреуге аз етіп салады. Аңшы үйсіз қалған қоянды ұстап алуға тырысады. Қоян қашады. Ол кез келген інге барып тығыла алады – шеңберге кіріп кетуі тиіс. Есесіне басқа қоян үйсіз қалады. Аңшы оны қуалайды. Аңшының қолы тиген қоян жеңілген болып саналады. Екеуі орын алмасады. Егер аңшы көпке дейін ешкімді ұстай алмаса, оның орнына басқа баланы таңдайы.