Ойыншылар шеңбер құрап отырады. Шеңбердің ортасында жүргізуші отырады. Оның көзін байлайды және бірнеше рет айналдырады. Ол кімнің қай жерде отырғанын білмей қалуы тиіс.
Жүргізуші ойыншылардың бірін қолымен көрсетіп, «Дауыста, атыңды айтам» дейді. Таңдау түскен бала дауыстайды, даусын танымастай етіп өзгертіп сөйлейді.
Егер жүргізуші бәрібір танып қойса, екеуі орын алмасады. Егер таба алмаса балалардың тілегін орындайды.
«Кеттi, кеттi орамал!»
Ойынға қатысатын балалар шеңбер құрап отырады және бір-біріне иығын тірейді. Тізелерін аздап бүгеді. Жүргізуші шеңбердің сыртында қалады. «Кетті, кетті орамал!» деген сөздерді қайталап, орамалды тізенің астынан береді. Жүргізушінің міндеті – көрінбейтін орамалдың кімнің қолында екенін айтуы тиіс. «Қолға түскен» ойыншы мен жүргізуші орын алмасады. Егер жүргізуші қателессе, балалардың тілегін орындайды.