Балалардың қолына шайбаны итеретін таяқшалар беріледі. Олар таяқшаның көмегімен шайбаларды Текшелермен жасалған дәліз арқылы итеріп өтуі тиіс. Бір уақытта екі-үш шайбаны итеру сынды тапсырмаларды пайдаланып, ойынды күрделілендіруге болады.
Мұз үстіндегі кегельдер
Алаңның бір жақ шетіне шоқпарларды әртүрлі етіп қояды. Екінші шетінде – балалар тұрады. Олар қолындағы таяқтармен шайба лақтырып, шоқпарларды құлатуы тиіс.
Ойынды шоқпарларды әртүрлі етіп қойып күрделілендіруге болады.
Тоннель
Ұзын алаңды бойлай тіреулер орнатылады. Оған гимнастикаға арналған полихлорвинилді таяқшалар орнатылады (әртүрлі биіктікте). Балалар жүгіріп барып тоннельдерден өтеді.
Алаңның екі жағына мұз үстіне екі кішкентай шеңбер қояды. Балалар жүгіріп келе жатып текшені шеңберге салады, екіншісі текшені алады т.б.
Ойынды қиындатуға да болады. Мысалы: бала бір жерде заттарды алады, екінші жерде – қалдырады. 2 немесе 4 зат пайдалану үшін балаларды залдың екі шетіне, бірбіріне қарама-қарсы бағытта орналастыру қажет және ойынды қарсы эстафета түрінде ұйымдастырған жөн.
Кім бірінші? Ұзын алаңның ортасында кегель, ойыншық пен текше тұрады. Залдың екі жақ шетінде тұрған балалар жарысады. Педагогтің командасы бойынша әркім өз жолымен жүгіреді. Затты бірінші алған бала жеңіске жетеді.