43 Тақырыбы: Құртақанға күлуді үйретейік
|
Мақсаты: баланың денсаулығын қорғау және нығайту, дене тәрбиесіне қызығушылығын дамыту, денсаулық сақтау технологияларын қолдана отырып, қозғалыс қабілеті мен икемділігіне талпындыру.
Міндеттері: бір-біріне доп лақтыруды және қолды төбеге көтеріп, қос қолдап қағып алу әдісін меңгеруді
жалғастырамыз. Алға қарай секірген кезде қос аяқты бірдей көтеру және тізені аздап бүгіп, жерге түсу қабілетін қалыптастыруды әрі қарай жалғастырамыз.
Демді іште сақтамай, еркін демалу қабілетін жетілдіру. Балаларды бір-біріне қайырымды, мейірімді болуға тәрбиелеу.
|