Денешынықтыру



бет23/390
Дата07.02.2022
өлшемі353,16 Kb.
#88022
түріБағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   390
Байланысты:
2 5404868312226072454
2 5339429971460884071, 2 5404868312226072430

Тепе-теңдік жаттығулары


Жаттығулардың арқасында қимыл-қозғалыс саны мен түрі көбейіп, өз денесін бақылау мүмкіндігі артады, негізгі қимылдарды үйлестіру қабілеті жақсарады. Бұл 5 жастағы балалардан тепе-теңдік жаттығуларын сапалы орындауды талап етуге мүмкіндік береді. Мысалы, балалар аяқтың ұшымен орындықтың немесе бөрененің үстімен жүруді үйренеді. Және қалауынша емес, аяқты ұшынан әдемілеп басады. Біртіндеп қолды дұрыс қалыпта ұстауды (белге қою, қапталға созу, арқаға қою) талап ететін тапсырмалар, жаттығуды қиындататын қосымша қимылдар (жіптің үстімен қосалқы адыммен жүру және қолды созып, кішкентай доп ұстап жүру, тепкішекті аттап, тақтайдың үстімен жүру т.б.) қосылады.
4-5 жастағы балалармен жұмыс істеу барысында түрлі құралдардың көмегімен жасалатын әртүрлі жаттығулар маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар кеңістікте бағдар табу, дененің қалпы мен бағытты тез ауыстыру, айналу, кілт тоқтауға қатысты және тағы басқа жаттығулар да мәнін жоймайды.
Тепе-теңдікке арналған жаттығулар (гимнастикалық орындық, бөрене үстінде) ерекше ден қоюды, мұқияттылықты талап етеді. Педагог байыппен, сабырмен сөйлеп, балаларды ынталандыруы, жаттығуды дұрыс әрі дәл орындау үшін жігерлендіруі тиіс. Балалар тепе-теңдік сақтауға арналған жаттығуларды орындаған кезде педагог оларды міндетті түрде сақтандыруы шарт. Тепе-теңдік жаттығуларын біртіндеп күрделілендіру қажет: алдымен балаларға екі сызықтың арасымен тепе-теңдік сақтап жүру (жолмен) жаттығулары ұсынылады. Кейін еденде жатқан тақтайдың, орындықтың, көлбеу тақтайдың және көлденең жатқан тақтайдың үстімен жүру жаттығулары беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   390




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет