Денешынықтыру


Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары № 66



бет245/390
Дата07.02.2022
өлшемі353,16 Kb.
#88022
түріБағдарламасы
1   ...   241   242   243   244   245   246   247   248   ...   390
Байланысты:
2 5404868312226072454

Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары № 66


Білім беру саласы: Денсаулық. Таным Бөлімі: Денешынықтыру.
Тақырыбы: Біз аяздан қорықпаймыз. (Таза ауада өткізу)
Мақсаты: Cпорттық ойындар арқылы организмнің функционалдық мүмкіндіктерін арттыру.
Міндеттері: хоккей ойнауға үйрету, қозғалыстың алғашқы циклын дұрыс бастау үшін дұрыс бастапқы қалыпты қабылдауға үйрету. Шайбаны тура бағытта алып жүруге үйрету.
Соғатын қолға аттас аяқты сәл артқа қою білігін бекіту. Ептілікті, төзімділікті дамыту. Мейірімділікке, дербестікке тәрбиелеу. Күтілетін нәтиже:
жасайды: шайбаны алып жүру, көлденең нысанаға лақтыру. түсінеді: доптаяқтың, шайбаның мақсатын, қарды қолының екпінді қимылымен лақтыру, жануарлардың сипаттамалық ерекшеліктерін.
қолданады: бір, екі тізбекке тұру білігін; лақтыру кезінде дұрыс бастапқы қалыпты қабылдай білу, кеңістікті бағдарлай білу.
Құралдар мен материалдар: доптаяқтар, шайбалар, текшелер.
Денсаулық сақтау технологиялары: сақинамен қимылдар жасау – саусақтардың ұсақ бұлшық еттерін дамыту, жалпақтабанның алдын алу – сирақтың үш басты бұлшық етінің ұзындығын арттыруға, табанның ойығын қалыптастыруға ықпал ету, тыныс жолдарына арналған профилактикалық жаттығулар.
Билингвалды компонент: «Тез ал, тез көтер» – «Быстро возьми, быстро подними», сақина – колечко, сәлеметсіз бе – здравствуйте, сау болыңыз – до свидания
ҰОҚ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Доптаяқтарға, шайбаларға назарларын аударады. Тәрбиеленушілерден хоккей ойнаудың пайдасы туралы әңгімелеп беру туралы ұсынады.
Доптаяқпен алаңда қозғалған кезде, шайбаны алып жүрген кезде қауіпсіздік техникасына баса назар аударады.
II. Негізгі кезең.
Бір-бірден бір тізбекке тұру, қолға арналған түрлі тапсырмалармен жүру – жоғары, жанжаққа, иыққа, алға. Екі тізбекке қайта тұру.
Шайбаны тура бағытта алып жүру (6 рет).
Тәрбиеленушілерге шайбаны доптаяқпен алаңның қарама-қарсы жағына алып жүруді ұсынады.
Нұсқау – доптаяқты имегінің төменгі қыры алаңның бетіне толықтай тиіп тұратындай етіп алып жүру керек.
Доптаяқты екі қолмен дұрыс ұстау – бір қолымен таяқтың ұшынан жоғарыдан қармап ұстау, ал екінші қолымен (мықты) сәл төменірек – астынан қармап ұстау (сонымен шайбаны бағыттайды) білігіне назар аударады.
Ойын жаттығуы: «Кім мерген?» (6 рет)
Қарды нысанаға оң және сол қолмен лақтыру. Қар үйіндісінің жоғары жағына педагог текшелерді қояды. Балалар 2 метр қашықтықтан оған қарды тигізуге тырысады.
Бастапқы қалыптың дұрыс болуына назар аударады, оң қолмен лақтырғанда – сол аяқ алға қарай қойылады, сол қолмен лақтырғанда – оң аяқ алға қарай қойылады.
Қимылды ойын: «Аязата» (4 рет).
Тәрбиеленушілер Аязатаның орманда тұратынын және қыста балаларға сыйлықтар алып келетінін естеріне түсіреді.
Педагог жуан дауысымен былай дейді:

  • Мен – Аязатамын. Орман ішінде жүрмін. Кәне, аңдар, шығыңдар! Қояндар, қайдасыңдар?

(Балалар қояндар сияқты педагогке қарай секіріп барады).

  • Әп-бәлем! Мен сендерді қатырып тастаймын! Қатырып тастаймын! Педагог балаларды ұстап алмақшы болады. Барлығы жан-жаққа қашады. Ойын қайталанады. Аязата әр кезде орманнан жаңа аңдарды (қонжықтарды, түлкілерді), орман құстарын шақырады. Тәрбиеленушілер олардың қимылдарын келтіреді, сосын Аязатадан белгіленген сызықтан асып қашады.

III. Алаңда ирелеңдеп жүру.
III. Қорытынды кезең (Рефлексия).
ҰОҚ-ны қорытындылайды, балаларды ынталандырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   241   242   243   244   245   246   247   248   ...   390




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет