Денешынықтыру


Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары № 68



бет248/390
Дата07.02.2022
өлшемі353,16 Kb.
#88022
түріБағдарламасы
1   ...   244   245   246   247   248   249   250   251   ...   390
Байланысты:
2 5404868312226072454

Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары № 68


Білім беру саласы: Денсаулық. Таным Бөлімі: Денешынықтыру.
Тақырыбы: Бізге қонаққа маймыл келді!
Мақсаты: Өрмелеу және допты алысқа лақтыру дағдыларын қалыптастыру. Міндеттері: кермені дұрыс ұстауға үйрету (4 саусақ үстінен, үлкен саусақ астынан), аяғын кезекпен басып, гимнастикалық қабырғамен өрмелеу, аяқ пен қолдың қимылдарын үйлестіру қабілетін нығайту. Балаларды доп көтерген қолдарын басынан асырып лақтыру, бүгілген қолдарды жазып, жоғары қарай көтергеннен кейін екпінмен лақтырылған доптың ұшу траекториясының дұрыс болуын қамтамасыз ету. Ойын түріндегі жаттығулардың көмегімен балалардың қимыл-қозғалыс тәжірибесін байытуды, кеңістікте бағдарлау қабілетін, ырғақпен әрі айқын қимылдау қабілетін дамытуды жалғастырамыз. Балалардың бойында жануарлардың табиғаттағы тіршілігі жайлы түсінік қалыптастыру.
Жануарлардың тіршілігі туралы мәлімет беру; қайырымдылыққа тәрбиелеу, қоршаған ортаны позитивті тұрғыдан қабылдау. Күтілетін нәтиже:
жасайды: ритмдік гимнастиканы, гимнастикалық қабырғамен өрмелеуді, еденде отырып, допты алға-жоғары қарай лақтыруды, ойындағы рөлдерді. түсінеді: маймылдың мінез-құлық ерекшеліктерін, жаттығуларды топқа бөлініп орындау, олардың ізбе-ізділігін сақтау; өрмелеу және тақтайлардан ұстау техникасын: бас бармақпен астынан, қалған саусақтармен үстінен ұстау; допты қос бүйірден қалай ұстайтынын. қолданады: допты бастан асырып алысқа лақтыру қабілетін, алға қарай қос аяқтап секіру қабілетін, гимнастикалық қабырғамен өрмелеу қабілетін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   244   245   246   247   248   249   250   251   ...   390




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет