І
|
Дайындық бөлімі
1) Оқушыларды сапқа тұрғызып
сәлемдесу.
2) Журналмен оқушыларды, спорттық киімдерін тексеру.
3) Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсат міндеттерін хабарлау.
Бір орында тұрып сапта орындалатын жаттығулар:
«Түзел!» , «Тік тұр!», «Оңға бұрыл!»,
«Солға бұрыл!», «Кері айнал!»
жаттығуларын бірнеше рет орындату.
Техника қауіпсіздік ережесін түсіндіру
Бір лек сап түзеген қалыпта спорт алаңын екі айналым жүгірту.
Терең дем алып,дем шығару
2 қатар сапқа тұрғызып жалпы дамыту жаттығуларын жасату:
Қолды белге қойып, басты оңға, солға айналдыру.
Қолды белге қойып басты оңға, солға, жоғары, төмен иіу.
Қолды иыққа қойып , иықты алдыға, артқа айналдыру.
Аяқты алшақ қой қолдарың белде, иығыңды алдыға, артқа айналдыр.
Аяқты алшақ қой, қолдарыңды бастан жоғары көтер, оңға және солға қисай.
Аяқты алшақ қой, қолдарды шынтағыңда бүгіп желкеңде ұста, солға қисайып шыңтағыңды тізеңе тигіз.
Қолды жоғары созып, бір шалқаямыз, екі еңкейеміз, үш отырамыз, төрт тұрамыз.
Қолды белге қойып, белді оңға, солға айналдырамыз.
Қолды тізеге қойып, тізені ішке, сыртқа айналдырамыз.
|
15 мин.
|
Оқушылар сапқа тұрған кезде бір сызықтың бойында тұру қажет.
Киімдеріне назар аудару керек.
Бір орында тұрып орындалатын саптық жаттығулардың дұрыс орындалуын қадағалау қажет.
Әр оқушы өз жолында кедергі жасамай жүгіруі тиіс
Спорт алаңында жүгіргенде техника қауіпсіздік ережесін сақталуын қадағалау керек.
Әрбір жаттығу 4-5 рет қайталанып жасалу қажет.
Оқушыларға жаттығу жасатпас бұрын мұғалім өзі жасап көрсетуі керек.
Жаттығу жасағанда денені дұрыс ұстауды үйрету, жіберген қателіктерді ескертіп айту қажет.
|
ІІ
|
Негізгі бөлім.
Допты қозғалыста алып жүруді жетілдіру. Ойын
1. Сабақтың тақырыбын, мақсат –
міндеттерін хабарлау.
2. Қауіпсіздік техникасын айтып, ескерту.
3. Тақырыпты түсіндіру, үйрету, көрсету.
І. Тізбектегі ойыншылар алма – кезек допты жүргізу, кеглилерді айналып өту, басқа ойыншыларға допты беру жаттығуларын орындап, тізбектің соңына барып тұрады.
ІІ. Оқушыларды 2 топқа бөліп допты бір – біріне беру, алып жүру тәсілдерін жетілдіру
ІІІ. Допты қақпаға тебу
Үйреніп, меңгерген әдістерді қолдана отырып футбол ойнау.
|
25 мин.
|
Сабақ кезінде қауіпсіздік техникасын ескертіп, сақтауды үйрету керек.
Мұғалім оқушылар жанында тұрып қадағалау керек.
Допты кедергілерге тигізбеу.
Допты алып, алып жүру тәсілдерін жетік меңгерту.
|