Денешынықтыру



бет300/390
Дата07.02.2022
өлшемі353,16 Kb.
#88022
түріБағдарламасы
1   ...   296   297   298   299   300   301   302   303   ...   390
Байланысты:
2 5404868312226072454

Құралдар мен материалдар: бала санына қарай диаметрі 20 см доптар, түрлі түсті құрсаулар – 6 дана, гимнастикалық қабырға.
Билингвалды компонент: сәлеметсіз бе – здравствуйте, сау болыңыз – до свидания, встаньте в круг – шеңберге тұрыңдар, возьмитесь за руки – қол ұстасайық, ходьба по кругу, взявшись за руки – қол ұстасып шеңбер бойымен жүру, мяч – доп, обруч – шеңбер,
«Фотография» – «Сурет»
ҰОҚ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Алдын ала залды шармен безендіреді. Балаларды көзін жұмып, айналуға және өзін туған қаласындағы саябақта жүргендей елестетуге шақырады.
II. Негізгі кезең.
Қимыл-қозғалыс ойыны: «Әткеншек».
Әрең-әрең әлдиледі, Әткеншегім ән биледі. Тербеткенде ойнадым ғой, Жүгіруді қоймадым ғой.
Ойын түріндегі «Атракцион» гимнастикасын орындау.
Негізгі қимылдарды орындау.
Аттракцион: «Ғажайып саты». Гимнастикалық қабырғамен өрмелеу. Өрмелеу техникасын түсіндіру (балалардың бірі көрсетеді).
Өрмелегенде адымдарын кезекпен, кермелерді қалдырмай басу қажеттігіне назар аударады. Техника қауіпсіздігі – баспалдақтың астына жұмсақ мат жаю қажет.
Аттракцион: «Менің көңілді добым».
Допты еденге қос қолмен ұру: допты саусақтарын жазып, алақандарымен тосып алу.
Аттракцион: «Түрлі түсті шеңберлер».
Құрсауларды кез келген бағытта, залдың әр жеріне тастайды. Ойын тәртібін түсіндіреді.
Ойын «Өз түсіңді тап!» тәртібі бойынша өткізіледі. Шеңберлердің орнын ауыстырады.
Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында педагог балалармен жеке-жеке жұмыс істейді.
III. Қорытынды кезең (Рефлексия).
ҰОҚ-ны қорытындылайды
Саябаққа барып серуендеген күнді есте қалдыру үшін суретке түсуге шақырады. «Фотосурет» жаттығуы. Белсенді демалыстың денсаулыққа оң ықпал ететінін балалардың есіне салады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   296   297   298   299   300   301   302   303   ...   390




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет