Дениет философиясы



Pdf көрінісі
бет28/63
Дата07.02.2022
өлшемі0,82 Mb.
#91797
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   63
Байланысты:
nuradin-madeniet
бензин есеп
бұқаралық санамен
тығыз байланысты.
Бұқаралық сана әлемнің тұтас мәнділігімен салыстырмалы түрде 
күнделікті ӛмір тәжірибесінің қарама-қарсы элементтерінен тұратын түрлі 
эмпирикалық материалдарды реттеудегі адамның қарапайым ұмтылысы 
нәтижесінде пайда болады. Бұқаралық сананың негізі шынайылық туралы 
эмоционалды-бейнелік пікірлер мен жүріс-тұрыстың нақты-практикалық үлгісі 
қатарын кӛрсетеді. Бұқаралық сананың құрамдас бӛліктерін 
үшке
бӛліп 
қарастыруға болады:
1) әрекеттердің нақты жағдайдағы бағдарламалары мен тікелей тәжірибеде 
таралған бұлыңғыр білім;
2) жәй жеке тұжырымдар мен ұсыныстар түріндегі күнделікті ӛмірден 
жиналған тұрмыстық және кәсіби тәжірибе, қарапайым ӛмір сүрудің тәртіптері 
мен құрамы;
3) аталмыш мәдениеттегі құндылықтар жүйесі, мәдени дәстүрлер, сонымен 
бірге білімнің арнайыланған түрлі салалары үстемдік ететін тікелей тәжірибе 
шеңберіндегі тұтас әлем картинасы. Бұқаралық сана ӛте қарапайым «үйірлік» 
тобыр санасынан ӛзінің күрделі құрылымымен ерекшеленеді және қоғамның 
ӛзіндік санасы болып табылады 
(Новейший философский словарь / Сост. Грицанов 
А.А. - Мн.: Изд. Скакун В.М., 1998. - 276 с.)
.
Мәдениет дамуының ең маңызды процестерінің бірі мәдениет үлгілерінің 
таралуы. Француз мәдениет зерттеушісі А.Моль осы процесс жолында пайда 
болатын 
мәдени үлгілер 
мен 
мәдени
бӛгеттердің
таралуының әр түрлі 
кезеңдерін анықтауға болатын қазіргі қоғамда мәдениетті таратудың әмбебап 
үлгісін ӛңдеп шығарды. А.Мольдың үлгісі бойынша, мәдени үлгілерді 
таратудың кез келгені шығармашылық тұлғаның іс-әрекетінен басталады
олардың әрқайсысы ӛздерінің ақылды іс-әрекетінің, экспериментінің бұрынғы 
тәжірибелері негізінде кейбір әлеуметтік топтарда қолдану үшін ӛзінің сапасы 
бойынша жарамды ӛнім жасайды. Жаңа мәдени үлгіні кӛрсеткен кіші топта ол 
алғаш рет бағаланады. Ондай жағдайда, егер үлгі кіші топ мүшелерін 
қанағаттандырса, онда ол қабылданады және ол микроортада мәдени үлгінің 
алғашқы таратылуы болып саналады. Осында мәдениет нормалары мен 
құндылықтардың таратылуы аяқталады.
Мәдениет үлгісінің әрі қарай таралуы үшін, 
біріншіден,
үлкен топтар мен 
қоғамдар шегінде құндылықтары мен мәні болу керек, 
екіншіден
, бұқаралық 
ақпараттар құралдары кӛмегімен үлкен аудиторияға жеткізілуі және кӛбейтілуі 
керек. Бұқаралық ақпарат құралдары әлеуметтік құндылықтарды қалың 
қауымға немесе макроортаға дейін жеткізеді. Алайда бұқаралық ақпараттар 
кӛмегімен таралған идеяларды бұқаралық мәдениеттің бір бӛлігі деуге 
болмайды. Біз күнде үлкен аумақта ақпараттар аламыз, бірақ одан игеру үшін аз 


ғана бӛлігін аламыз. Егер де жаңа мәдени норма немесе құндылық кең 
аудиториямен, микроортамен мәдениеттің пайдалы, қажетті бӛлігі ретінде 
қабылданатын болса, егер де ол қазіргі қоғамның басқа мәдениет үлгілерімен 
таласта тӛтеп бере алса, онда ол осының бӛлігі болып қалыптасады. Әрі қарай 
қолдану барысында мәдени үлгі адамдармен игеріледі, тұлғаның жеке-дара 
мәдениетіне ажырамас бӛлік ретінде енеді, процесс қайталана береді.
Мәдениеттің икемділігі, оның қоршаған ортаға бейімделу және ӛзгеру 
қабілеті кӛбінесе мәдени үлгілердің негізін құратын жаңа идеялардың айналу 
жылдамдығына байланысты. Алғашқы және маңызды элемент – танымдық, 
белгі-нышандық элемент, яғни қандай да бір түсініктер мен ойларда 
қалыптасқан, 
тілде 
айқындалған 
білім. 
Тіл

адам 
тәжірибесін 
шоғырландырудың, сақтаудың, жеткізудің объективті нысаны. Тіл нақтылы 
мәндермен үйлестірілетін белгілер мен нышандардың жүйесі болып табылады. 
Белгілер мен нышандар қатынас жасау барысында басқа ілімдердің ӛкілдері 
ретінде кӛрінеді, олар туралы ақпараттар жеткізу мен ӛзгерту, алу мен сақтау 
үшін қолданылады. Белгілер мен нышандар әрқашан нақтылы мәнге ие болады. 
Адамдар белгілер мен нышандардың мәнін түсінуді білім беру процесінде 
игереді. Дәл осылар оларға айтылған мен жазылғанның мәнін түсінуге 
мүмкіндік береді. 
Мәдениет әр түрлі деңгейдегі қоғамдық ӛзара байланыста қандай да бір 
нақтылы нысанда қызмет атқарады, оны субмәдениет деп атауға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет