Көксерек - табиғаттың тағы перзенті
Сабақтың мақсаты: 1. шығарманың мазмұнын талдай отырып
Көксеректің түз тағысы екенін мысалдар келтіру арқылы дәлелдету; 2.
оқушыларды адалдыққа , табиғатқа қамқор болуға , әр қадамын ойланып
істеуге тәрбиелеу ; 3. балаларды өз пікірін қорғай білуге үйрету , іздендіру
арқылы ойлай білу дағдысын қалыптастыру.
Сабақтың түрі : сот сабақ.
Сабақтың әдісі: сұчбаттасу (қаралаушы , куә , күнәқар , ), айтыс дәлелдеу.
Пән аралық байланыс: жануартану.
Көрнекілігі : Мұхтар портреті , бүктеме , нақыл сөздер, сот киімін , қасқыр
«киімін» киген оқушылар .
Сабақтың барысы.
1. Ұйымдастыру кезеңі. Сабақ барысын , мақсатын түсіндіру. Сот , адвокат,
прокурор , куәгер сөздерінің мағынысына тоқталу ашу.
2.Үй тапсырмасын сұрау.
1- ТОП
Қасқырдың итпен қандай туысқандық жақтары бар , айырмашылықғы қайсы ? Қасқыр аулау қандай мұқтаждықтан туған ?
Повесть қалай басталады .? Қасқыр інін бұзудағы үлкендер әрекетінен нені көруге болады ? Адамдар көзін аша қоймаған бөлікті ауылға не мақсатпен әкелді ?
2- ТОП
Көксеректі қолға қалай үйретті ? Ол неге үйренді ? Нені түсінбеді ? Оны қолға үйреуде қандай ағаттықтар болды деп ойлайсындар ?
Көксеректің ауыл иттеріне суықтығы неден пайда болды ? Көксеректі өз ортасына , тағылыққа жақындатқан нендей жағдай ? Қараадыр елінің малын қыруының , адамнан қаймықпауының себебі неде ?
3- ТОП
Көксеректің ашынуына , ызақорлануына себеп болған оқиға қандай еді ? Мұнымен Құрмаш баланың өлімінің қандай байланысы бар ? Кек қалай алынды ? Повесть қалай аяқталады
Аққасқаның жеңуі арқылы автор қандай ой айтқысы келген ?
Негізгі бөлім
« Көксерек » оқиғасы неліктен бұлай өтті , осыған байланысты
оқушылардың пікірін тыңдасақ.
Сот төрағасы сот үдерісін ашық деп жариялайды.
Прокурор сөз алып , «қылмыстық оқиғаға» қышқаша шолу жасайды ,
осындағы бейкүнә Құрмаштың өліміне кінәлі Көксеректі жазаға тарту керек
деген ұсыныс айтады.
Ақтаушылар Көксеректің ауыл иттерінен , ауыл адамдарының көбінен
не үшін таяқ жегенін , олардан соққы жегенде қандай мінез көрсететінін , оның
себебі неде екенін айта келіп , адамдар арасындағы өмірдің Көксерекке
түсініксіздігін , яғни әрбір тіршілік иесінің өмір сүретін өз ортасы , өз
қандастары бар екені туруалы айтады .Қасқыр адамдар арасындағы өмірге
көндікпейді , ол далада , тау – таста өмір сүру керек, бұл – табиғаттың заңы .
Айнала қоршаған табиғаттың өз заңы , ерекшелігі бар . Көзін әлі ашпаған
Көксерек адамдар арасына келіп тәрбиеленсе де , бөрлік табиғатына тартып
екі аяақты пенднмен өштесіп өсті . Сондықтан Көксеректі жазалау орынсыз.
Қаралаушы өз сөзінде Құрмаштың Көксеректі қалай жақсы көргенін ,
қалай тамақтандырып , қалай күткенін , сол үшін тіпті әжесінің қасынан
бөлініп , оны өзінің қасына алып жатқанын , ауыл иттерінен қорғанғанын
мәтіннен мысал келтіре отырып , Көксерек Құрмаштың жақсылықтарына
зұлымдықпен жауап қайтарғанын дәлелдеп , оны жазалау керек деген райынан
қайтпады.
Ақтаушылар: Көксерек жақсылыққа жақсылық қайтаруды білмейді.
Себебі ол – тағы . Оны шығарма барысында жазушы да бірнеше рет еске
алады. Мысалы , Көксеректің дене бітімін суреттегенде «зіңгіттей көк шолақ
қаскыр болады» , «орасан боп өсті» , «жоталары дүңкиіп , жон жүндерді үрпиіп
алған», «зорайып қатты өсті » , «аяқтары жуандап , жүндерінің бәрі ұзарып
өсті» деп сипаттайды.
«Гүрр» етіп ала төбетті алқымынан ала түсті» , «қорқ – қорқ асайды» ,
«қылқ – қылқ жұтады» , «қабырғаларын кірт – кірт сындырады» , «дүр – дүр
еткізіп келді » - бұл оның арланға тән қимылдары.
Көксеректің мінезін «қырыстанып жатып алады» , «ызалы , долы ,
ашулы» , «долылық , жойқындық бар» , «әлі күнге бір рет жадырап ойнап
көрген емес » , «татулық жоқ , суық» , «Көксерек оңашада , елсізде қатты
ойыншыл болатын » , «ол түзде еркін ойнақы » деген тіркестермен
суреттейді . Мұның бәрі Көксеректің тәрбиеге көнетін күшік емес , қанша асырасаң да орманға қарап ұлитын бөлтірік екенін дәлелдейді. Ол өзіне тән ,
мінезіне тән әрекет жасады.
Айыпталушы Көксерек: Менің адамдарға деген өшпенділігімнің арта
түсуіне итермелеген қосымша себептер : 1. адамдар менің ұяластарымды
өлтірді ; 2. ата – анама туған күн маған да туып , адамдар менің де күшіктерімді
өлтірді; 3. өзім адам щғына тап ьолдым , күшік кезімде де екі аяқтылардан
түрлі соққы көрдім.
Екі куәгердің сөздері .
Ақтаушылардың қорытынды сөздері : Көксеректің өзі келтірген
дәлелдерінен басқа оның Құрмашты өлтіруіне себеп не? Қасқырдың өзіне тән
мінезі , табиғи қасиеті дедік . Сондықтан ол қанына тартып , иесі болса да
Құрмашты өлтірді .
Адам , жануар – табиғат жаратылысы . Олар өмір сүру үшін , ұрпақ
сақтап қалу үшін өмір сүреді .Қасқырлар жыртқыш та болса тіршілік иесі .
Адамдар осыны түсіну керек еді. Ал қасқыр апанын бұзу , бөлтіріктерін өлтіру
адамның табиғатқа жасаған қиянаты.
Әңгімеде адамдар әлемінің қатігездігін көреміз, қиянатшы екенін
байқаймыз . Ойланбай істеген істің опық жегізеттінін көреміз. Құрмаш
үлкендердің екі рет ескерткенін елемеді , қасқырды соймақшы болғанына
көнбеді . Ал үлкендер ертеңді ойламай , арланның өсіп жыртқыш болып
шығуына бар жағдайды жасады.
Адвокаттар кеңесінің тұжырымы: Құрмаш өліміне басты кінәлі
Көксерек емес.
Сот үкім шығарады: Құрмаш өліміне адамдардың өзі кінәлі . Көксерек ,
біріншіден , тегіне тартып өлтірсе , бір жағынан оны мұндай қылыққа
итермелеген – адамдардан көрген жәбір – жапасы . Адамдар «Еккенің тікен
болса , орғаның балауса болмас » деген сөзді ескермеген . Көксерек күшік
емес , бөлтірік . «Бөрі бөрілігін істейді » , «Қасқырдың баласын қанша
асырасаң да орманға қарап ұлуын қоймайды » деген ата – баба даналығына
сүйеніп Көксеректің табиғат заңдылығына сәйкес әрекет еткенін ескере отыр
ып оны жазадан босатамыз.
Мұғалімнің қортынды сөзі : Мұхтар Әуезовтің «Көксерек » әңгімесін
аяқтадық . Жазушының «Көксерегі» - оның ең таңдаулы шығармаларының бірі .
Үйге тапсырма : «Адамдардың ең асыл қасиеті – жақсылық »
тақырыбына эссе жазып келу .
Бағалау . Қорытынды.
Біржан Сал Абай аулында
Сабақтың мақсаты: 1.көркем шығарманың мазмұнын меңгерту ,
шығарманы оқып – үйретудің әдіс – тәсілдерін дұрыс қолданып , талдай білуге
баулу ; 2. теориялық білімдерін практикамен ұштастыру , яғни теориялық
білімдерін одан әрі тереңдету , ойлау қабілеттерін, мәнерлеп оқу дағдыларын
қалыптастыру , шығармашылық ізденістерге баулу ; 3. қазақтың салт – дәстүрін
білуге , қарапайымдылыққа , адамгершілікке , қонақжайлыққа , сыйластыққа
тәрбиелеу .
Сабақтың әдіс – тәсілдері: СТО стратегиалары , сұрақ – жауап , баяндау ,
түсіндіру, іздендіру т.б .
Сабақтың түрі : іскерлік дағдыны қалыптастыру .
Пәнаралық байланыс : музыка , география , тарих т.б .
Көрнекіліктер: Абай , Мұхтар Әуезов , Біржан сал портраттері ,
Қазақстан картасы , плакаттар т.б
Сабақ барысы .
Ұйымдастыру .
Үй тапсырмасын тексеру .
Көркем мәтіннің мазмұнын талдау .
Автор өміріне шолу .
Мұхтар Әуезов туралы не білесің?
Автор өмірін биопоэма әдісі бойынша топтастырады .
«Топтастыру » страгиясын пайдаланады .
Абай кім?
Мәтіннің мазмұнын айту , түсіндіру .
Мұғалім мәтінді баяндау үшін төмендегі жоспарды пайдаланады .
Сый қонақ 7. Үмітей
Абай ықыласы 8. Әйгерім
Біржан құрметі 9. Абай әсері
«Жанбота» әні 10. Иіс кемпір
Әмір 11.Қайтқан қонақтар
Орал мен Керімбала 12. Ұлжан батасы
Мәтінді композициялық құрлысына талдату .
Оқиғаның басталуы – ауыл жастары , ойын – сауық . Абай ауылына
Арқаға аты шыққан , асыл саз , әсем үнімен ұйытқан Біржан салдың
келуі .
Оқиғаның дамуы - Біржанның ән айтуы.
Шиеленісуі – жастардың әнге деген құлшынысы
Шарықтау шегі – Ұлжанның бата алып Біржанның еліне аттануы .
Шешімі – Біржанның әнін тыңдауы , жаз бойғы қорытындысы ретінде әннің шығуы .
Мәтін бойынша жұмыс
а) Екі жақты күнделік
Мәтінен үзінді
|
Жауаптар
|
Ой – тұжырым мазмұнға
сәйкес мақал - мәтелдер
|
Ауылға келіп ,
мұндағы үлкен аға кіші
ініні өміріңе қарық
қылып барасың . Қайда
жүрсең , Жолың
болсын ! Өнерің , қәдірің
ассын , шырағым ! Біздің
апа , жеңге боп саған
ұсынған жол – жорамыз
осы . Ырзалықпен
аттан !
|
Біржан дәл жүрер
кезінде Ұлжан өз
үйінен , өз алдынан дәм
татқыза отырып , бата
берді де , оң сапар тіледі .
Тоғыз – тоғызсый
Ұсынды .Біржанның
өзіне өз қолынан үлкен
күміс тайтұйяқ
сыйлайды .Қасындағы
бар жолдасына қоржын
тола манат , мақпал
сәлем – сауқат берілді .
|
Жаңбырменен жер
көгерер , Ботаменен ел
көгерер .
|
ә. «Әдебиет лотасы » ойыны
(Модулдік техналогия)
Достарыңызбен бөлісу: |