ӛзіңнің туған апаң немесе анаңмен интимдік қатынасқа түскенмен тең) және
қарама-қарсы жынысты субъектті инвертирлеуге қатысты балағаттау (ер
адамның жыныстық айқындаушы мүшесін айту арқылы түрлі балағатты ӛзіне
бағыттау, орыс идиомасы т.б.). Тазалықты жоғары бағалайтын мәдениеттер
үшін инвектива гигиеналық талаптарды орындамаудың вербалды үлгісі ретінде
қабылданады, мысалы неміс және жапон дәстүрлеріндегі «кір», «жуынбаған»
сӛздерінің мәні лас сӛздермен ұрысу мәнімен тең, ал ағылшындар мұны «лас
дюжина» деп те атайды.
Туыстық қатынасты жоғары бағалайтын мәдениеттер үшін инвектива
максималды болып табылады, ол кӛбіне отбасылықтан тыс байланыстарды алға
қойып бағытталады (итальяндық мәдениетте «bastard», польяктарда «psa krev»,
орыстарда «сукин сын»). Дінді қатал ұстанатын мәдениеттер үшін
құдіретті
бағыныштылық аймағын ӛз атынан шығару (ағылшынша «God damn» құдай
сені қарғыс атсын) немесе басқа жойқын күштермен оны байланыстыру
(орысша «иди к черту») және т.б. барынша
қарапайым инвективаны
құрайды.
Мәдени нормалардан шығу немесе оны бұзу инвективада бағдарламалық-
технологиялық
сценарлы
(кӛптеген архаикалық мәдениеттегі «қабілетсіз»
мәндес инвектива) және
құндылықтық
(мысалы, кӛптеген еуропалық
халықтардағы «рогоносец») кӛрністермен үлгіленеді.
Кейде мәдени канонды
жүйесіз және бұзылған ретте санау, әрине егер ол инвективаға бағытталған ӛте
тӛмендететін жағдайда болса, онда ол инвектанттың ӛз мінез-құлқынан кӛрініп
тұрады (мысалы, кавказ мәдениетіндегі жауын жер жастатамын деп қорқыту»).
Мәдени тыйымдар уақыт ӛте ӛзінің мәдени статусын жоғалтып, оларды
жұмсарту мақсатында
экспрессивтіліг
і тӛмендетіледі (ортағасырлық Испанияда
тілге жауыр болған мағынасыз «шайтан алғыр» инвективасын қолдаған қызды
моралды тұрғыдағы тӛмен, нашар қыз ретінде есептеген).
Экстремалды нұсқадағы ӛз мәнін жоғалтқан инвективаны жиі қолдану
оның инвективтік мағынасын толығымен жойылуына алып келеді
(«девальвация»). Инвективаның бағыттау мақсатындағы жіктелімі:
1) инвектирленген субъектке тікелей бағыттау, яғни есі ауысқан делқұлыға
дәл оның жүріс-тұрысын үлгілеу;
2) инвективаның нағыз сол адамға емес,
оның туған-туыстарына, яғни
әрбір мәдениеттегі басымдылыққа сәйкес статусқа бағытталуы (мысалы,
азиялық мәдениеттегі инвектива бағытталған адамның әйелін балағаттау, оның
әйелін қорғап қалуға қабілетінің жоқтығын немесе сексуалды қалыпсыздығын
білдіреді);
3) белгілі бір дәстүрдегі максималды түрде қасиетке ие болған
мифологиялық субъектке бағыттау (антикадағы Зевстен бастап котоликтік
мәдениеттегі Мадоннаға дейінгі балағат). Бұл жағдайдағы инвектива ӛзіне
немесе ӛз тағдырына лағынет айту (немісше «Donnerwetter» - «найзағайлы ауа-
райы» орысша «разари меня гром» сӛзімен сәйкес).
Инвективаның семантикалық ӛзегі нормативтік тыйымдарды бұзу
айғақтары болып табылады. Мәдени феномен ретіндегі инвективаның күші
эмоционалдық мән айналасында болғанымен ӛзінің денотативті мағынасына
мүлдем сәйкес келмейді: инвектива айтылған индивидттің жүріс-тұрысы
айыпталып отырған реалдылықпен сәл де болса
сәйкес келуді талап етпейді
(оңтүстік-еуропалық «гомосексуалист» сӛзінің синонимі немесе славяндық
«дурак» сӛзінің синонимі олардың сексуалды бағдар мен ақыл-есі кемдігінен
тәуелсіз адамдарға инвектант бағытаған айып немесе жәй ғана жағымсыздық)
(Новейший философский словарь/Сост. Грицанов А.А. - Мн.: Изд.Скакун В.М., 1998. - 96 с.)
.
М.Бахтин
пікірінше инвективаны айтудың ӛзі тыйымды бұзу, тыйым
салынған шындықтар мен әрекеттердің вербалды артикуляциясы жағдай
үстінде инвектантты шарасыздыққа алып келеді. Катартикалық эфекттегі
инвектент үшін инвективалық жағдай философиялық
және мәдениеттанулық
дәстүр бойынша қызуын басып қайта қалпына келтіру факторы ретінде
қарастырылады. Бұл турасында
Дж.Х. Джексон
: «кімде-кім бірінші болып ӛз
замандасына балағат сӛздер айтпай-ақ дауыс кӛтеретін болса, онда ол оның
басын ашып, ішіне біздің ӛркениетіміздің ұрығын салды» - деген еді.
Р.М. Адам
болса жапонияны мысалыға ала отырып: «инвективтік идиомы аз
мәдениеттерде этикеттік ережелер мен әдептілік формулалардың мықты қабаты
қалыптасады» десе,
В.И.Жельвись
: «қазіргі заман мәдениетіндегі инвектива
экпрессивтілігінің жойылуына орай себепсіз қылмыстар мен вандализм ӛсімі
байланысады» - деген тұжырым жасайды. Осылайша
инвектива бұқараның
вербалды үлгісін реалды агрессияны тарату механизмдерінің бірі ретінде
қарастырылады. Мәдениет философиясында инвективаны коммуникативтік
және жалпы мәдени процестер жағдайында зерттейтін тұрақты дәстүр
қалыптасқан. Олардың қатарына Дж.Х. Джексон, Р. Грэйвз, А.В. Рид, Х.Э.
Росс, С.С. Фелдмен, К. Митчел-Кер-нан, К.Т. Кернан, Дж. Брюкмен, P.M.
Адаме, В.И. Жельвис және т.б. жатқызуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: