ОСНОВЫ АНТИКОРРУПЦИОННОЙ КУЛЬТУРЫ
5-6 жастағы балалар (мектепке дейінгі жоғары жас) өзіне қатысты
да басқаларға (достары, туыстары) қатысты да әділетсіздікті толықтай
түйсініп, сезінеді. Әділдік сезімі көрінісіне сүйене отырып, баланың кез
келген адамның және өзінің құқықтары мен міндеттерін түсінуіне есеп
жасауға болады. Мектеп жасына дейінгі балалардың зияткерлік мүмкіндігі
шынайылықтың алуан саласындағы елеулі байланыстар мен тәуелділікті
көрсететін түсініктер мен ұғымдарды қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Тұлғаның дамуы саласындағы психологиялық зерттеулердің авторлары
өзі, өзінің «Мені» туралы ұғымның құндылығы мен маңыздылығын
дәлелдеп берді. Олардың тұтастай «Мен образын» құрудағы, ілгерінде
өзін-өзі бағалау қабілетінің пайда болуындағы, өзін-өзі жасампаздыққа
бастау қабілетін дамытудағы рөлі көрсетілді [1].
Құқықтық мәдениет бойынша
материалды балалардың игеру
тиімділігін арттыру үшін: «Баланың құқықтары туралы декларация»,
«Баланың құқықтары туралы конвенция» сияқты әлеуметтік құжаттар
жөнінде әңгіме құру түрінде алдын ала сауат ашу жұмысын жүргізу қажет.
Белгіленген міндеттерді жүзеге асыру үшін іс-шаралар барысында
оқытудың: көрнекі (бала құқықтары туралы плакаттар, ертегілерге
иллюстрациялар, «Баланың құқықтары туралы декларация», «Баланың
құқықтары туралы конвенция»), ауызша, ойын, проблемалық оқыту,
практикалық әрекет әдісі сияқты оқыту әдістерін пайдаланған орынды.
Қызмет соңында мына тақырыптарға сурет
салу конкурсын өткізуге
болады:
«Мен және менің құқықтарым», «Бақыт қаласы», «Демалысымды қалай
өткіздім», «Мен және менің отбасым» және т.б. Білім беру қызметінің
мұндай мазмұны өз құқықтары мен міндеттеріне қызығушылықты
дамытуға, әлеуметтік әрекет дағдыларын қалыптастыруға бағытталған
[2].
Балаларға тікелей білім беру қызметін олардың қызығушылығына,
даму деңгейіне сүйеніп, сондай-ақ олардың жеке ерекшеліктері мен
бастамаларын
ескере отырып, құрылуға тиіс. Балалардың өз әрекетіне
жауапкершілігі пайда болады, өйткені құқықтар мен міндеттердің нақты
шегін айқындай алады. Құқықтық білімдерді өмірде қолдана отырып,
балалар өзінің әлеуметтік тәжірибесін кеңейтіп, өз құрбы-құрдастарымен
және ересектермен жанжалсыз байланысуды үйренеді, үйдегі және
қоғамдық орындағы жүріс-тұрыс нормасын игереді.
Кіші мектеп жасындағы баланың елеулі тану қызығушылығын
жандандыру, өз-өзіне сенімді болуына, ерік-жігерін,
адамдарға
қайрымды қатынас қалыптастыру, өзін Жер Шарының және өз елінің
азаматы ретінде сезінуіне ықпал ету қажет.
Кіші мектеп жасындағылар үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы
сауат ашу мақсатында «Өзін-өзі тану» пәні аясында арнайы сағаттар
енгізуге болады. Жасампаз, үйретуші және ойын әрекеттері, тәрбие іс-
шараларын, практикумдар мен сюжетті-рөлдік ойындар мейлінше тиімді
және пәрменді болады. Бірінші кезекте имитациялық және іскерлік
ойындар ұйымдастыру қажет, оның шеңберінде білім алушылар белгілі
бір билік өкілеттіктеріне ие болып, оны ойын барысында іске асырады.
72