Дениет негіздері


§ 9. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім және тәрбие



Pdf көрінісі
бет52/94
Дата06.02.2022
өлшемі1,52 Mb.
#81409
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   94
Байланысты:
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІ

§ 9. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім және тәрбие
Ағарту және тәрбиелеу жұмыстары.
Жас ұрпақтың сыбайлас 
жемқорлыққа қарсы сана-сезімін қалыптастыру жөніндегі ағарту 
және тәрбиелеу жұмыстары қазақстандық қоғамдық өмірдің әртүрлі 
салаларында сыбайлас жемқорлықты туғызатын және соған себеп 
болатын себептер мен шарттарды жою (барынша азайту) жөніндегі 
мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың бір бөлігі болып 
табылады. 
Бұл тұрғыдан алғанда білім берудің аса маңызды бағыты сыбайлас 
жемқорлық көріністерін қабылдамайтын білім беру ортасын құру, 
сыбайлас жемқорлықты қабылдамайтын моральдық деңгейі жоғары
адамгершілігі мүліксіз азаматтарды тәрбиелеу болуға тиіс.
Бүгінде жас ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеу жұмысының теориясы 
мен практикасына басқаша зер салу керек. Азаматтық қоғамды нығайту 
және дамыту, құқықтық көзқарас тұрғысынан сауатты, өзінің азаматтық 
құқықтары мен міндеттері туралы қажетті ілімдерге ие, бұл білімдерді 
күнделікті өмірде қолдануға қабілетті, сыбайлас жемқорлықты өзінің 
азаматтық құқықтарының бұзылуы деп түсінетін және бұл құқықтарды 
қорғауға дайын азаматтарды тәрбиелеу қажеттілігі Қазақстанның барлық 
білім беру мекемелерінің өзекті міндеті болып отыр. 
Бұл үшін, ең алдымен әртүрлі жас топтарындағы балалар мен 
жастарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру мен тәрбие әдістері 
мен құралдарының мақсатын, олардың мазмұнының, нысандарының
ерекшеліктерін педагогикалық тұрғыдан қайта салмақтау қажет. 
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру мен тәрбие педагогикалық 
кең мағынасында – бұл құнды ұстанымдар, сыбайлас жемқорлыққа 
қарсы сана-сезімді қалыптастыру және жас азаматтардың сыбайлас 
жемқорлыққа қатысты азаматтық ұстанымдардың қалыптасуы үшін 
қажетті қабілеттерді дамыту мақсатында арнайы ұйымдастырылған
мақсатты және басқарылатын ықпал ету. Ауқымсыз педагогикалық 
мағынада – бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұйымдастыруға 
бағытталған арнайы ағартушылық және тәрбие жұмысы процесі мен 
оның нәтижесі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру мен тәрбиенің мәні 
интериоразацияны білдіреді, яғни қоғамның сыбайлас жемқорлыққа 
қарсы талаптарын ішкі құндылық ұстанымдарына айналдыру және әрбір 
білім алушының соған көзін жеткізу.
Бұл іске асқан жағдайда, ол оның кейінгі өміріндегі бет түзер бағыты 
болады. Бұл тұрғыдан сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім мен тәрбие 
жөнінде олардың біртұтас процесс екенін айтуға болады. Бір жағынан 
білім алушыларға қажетті білім көлемін және тиісті моральдық идеалы 
туралы, рухани және адамгершіліксіз әрекет, моральдық қағидаттар 
мен нормалар туралы ұғымдарды қалыптастыруды болжайды. Екінші 
жағынан, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие адамның рухани сана-
сезімнің қабылданған және игерілген элементтеріне сәйкес әрекет 
етуінің терең ішкі қажеттілігін қалыптастыруды білдіреді.
66



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   94




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет