«Денсаулық – зор байлық» Ұлдай Алиғапарқызы абдуллина, «Таран ауданы әкімдігі білім беру бөлімінің



Дата17.04.2017
өлшемі24,11 Kb.
#14115
түріСабақ
«Денсаулық – зор байлық»
Ұлдай Алиғапарқызы

АБДУЛЛИНА,

«Таран ауданы әкімдігі білім беру бөлімінің

1 орта мектебі» КММ,



ІІ санатты тәрбиеші.

Таран ауданы, Қостанай облысы.

Мақсаты: Балалардың денсаулық жайлы білімдерін нығайту және жеке гигиена туралы білімдерін бекіту. Дәруменнің маңызын түсіндіру. Тазалыққа, спортқа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Жақсы көңіл-күй қалыптастыру.

Түрі: саяхат сабақ.

Көрнекілігі: доп, таяқшалар, мультфильмнен үзінді, «сау» және «ауру» тіс суреттері, тапсырма-карточкалар.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

-Балалар ,біз бүгін сендермен «Денсаулық еліне» саяхатқа аттанамыз, бірақ жолымыз оңай болмайды, қиындықтарды жеңу үшін тапсырмалар орындауға тура келеді.

(Әуен ойналады)

Ендеше: - Қане кімнің бойы ұзын,

Паровозы ол поездың.

Қатар-қатар тұрайық,

Саяхатқа шығайық.

Ал паровоз баста алға,

бәрімізді басқар да.

Ту-ту біз кеттік,

Жүрісті тым үдеттік.

Гу-гу гуілде,

Қалып қойма бәрің де.

I–тапсырма. «Ширату».

Мақсаты: Тәрбиеші допты лақтырып,балаларға сұрақ қояды,балалар сұрақтарға жылдам және нақты жауап қайтарулары керек.



II-тапсырма. Дәрігер Айболит тапсырмасы: мақал-мәтелдер айту.

ІII –тапсырма. Карточкамен жұмыс-спорт түрлеріне баланысты құралдарды анықтау.

IV –тапсырма. «Ағаш жару» - тыныс алу гимнастикасы.

V-тапсырма. Теледидардан «Ханшайым - тіс щеткасы» мультфилімінен үзінді көрсету.

VI–тапсырма. «Жұмбақ жасыру».

VII тапсырма. «Твист» биін билеу.

Есік тарсылдайды. Аю келеді (тісін байлап алған)

-Ой-ой-ой.

Дәрігер: Аю саған не болды,басыңды неге орап алғансың?

Аю: Ой-ой-ой тісім ауырып тұр.

Дәрігер: Тісіңді дұрыс тазарпаған соң, тісің ауырып тұрған шығар.

Аю: Жоқ, тісімді әрдайым тазартып тұрамын, бірақ қай кезде тазартуын ұмытып қала беремін.

Тәрбиеші: балалар,тісті неше рет тазалау керек?

Дәрігер: Аю, сен тіске зиянды тағамдарды да жейтін шығарсың?

Аю: Білмеймін, мен күнде бал, тосап жегенді жақсы көремін. Маған тәтті тағамдар өте ұнайды. Ой-ой-ой.

Дәрігер: Балалар, аю дұрыс жасады ма? (жоқ).

-Ендеше, балалар, аюға пайдалы және пайдасыз тағамдарды айыра білуге көмектесейік.



VIII–тапсырма.

Карточкамен жұмыс: «Пайдалы-пайдасыз».



IX-тапсырма.

Инсценировка «Жалқаубек».



Дәрігер сабақты қорытып, балаларға дәрумен береді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет