Денсаулық – зор байлық



Дата07.02.2022
өлшемі48,5 Kb.
#94713
түріСабақ

Денсаулық – зор байлық
Мақсаты: оқушыларға адам денсаулығының қымбаттылығы, дұрыс тамақтанудың маңыздығын түсіндіру, тазалық, жеке бас гигиенасы, мәдени дағдыларын қалыптастыру сабақтың басты мақсаты.
Жүргізуші: құрметті ұстаздар, оқушылар “Денсаулық – зор байлық” атты ауызша журналымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Уа, халқым, назар аудар денсаулыққа,
Өмірде бақыттысың денің сауда
“Денсаулық – терең бақыт” деген сөзді
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да
Денің сау күштісің бұл әлемде,
Деің сауда сұлусың жер бетінде.
Сол мықты денсаулықтың арқасында
Жетерсің әлі талай бақыттарға.
Журналымыздың I беті:
Жеке бас гигиенасын сақтау”.
Олай болса, жеке бас гигиенасын сақтау, күн тәртібін, орындау дене шынықтырумен шұғылдану, дұрыс тамақтанбау, белсенді, қайырымды және ақжарқын болу міндеттіміз.
Журналымыздың II беті:
“Денсаулық – зор байлық”.
Байлық туралы ой қозғау.


Байлық


  • Міне, сызба бойынша біздің ең үлкен байлығымыз денсаулық екенін байқап отырсыңдар. Денің сау болса, білім аласың, еңбек етесің. Еңбектенген адамға мал да, машина да, сабақ та, ақшада да бітеді. Олай болса, деніміз сау, құрыш білекті, алып жүректі, қайсар да қайратты, ұқыпты да, әдемі қазақ азаматы болу үшін адам денсаулығына не қажет деп ойлайсыңдар?

Денсаулық

Журналымыздың III үшінші беті:
Ауыру төнсе, кең дүние тар қөшақ,
Денсаулықтан адамға не бар қымбат.
Денсаулықтың қорғаушысы болам деп,
Дәрігерлер берген Отан алдында ант.



  • Ауырмау үшін не істеу керек?

  • Дене шынықтырудың маңызы қандай?

  • Күн тәртібін сақтау.

Бұл өмірде не керек?


Дұрыс сөйлеп, дұрыс жүру керек.
Ішімдік ішпей, шылым шекпей,
Денемізді шынықтыру керек.
Ерте тұрып, кеш жатып,
Есірткіге еліктемей
Ерінбей еңбек ету керек.
Бәрінен де салауатты өмір керек дей отырып
Журналымыздың IV беті:
“Тазалық – саулық негізі,
Саулық – байлық негізі”.



  • бүгін қандай тақырыпта сөз қозғадық?

  • Нені ойға тоқып, жанымызда сақтауға тиіспіз?

  • Сендер қандай азамат болып осулерің керек?

XXI ғасырда
Ашық аспан астында
Көңіліміз қуанышқа толсын.
Осымен ауызша журналымызды аяқтаймыз.


Р.М. Макиева
16 қазақ орта мектебінің кітапхана меңгерушісі
Өскемен қаласы

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет