Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 010 жылғы сәуірдегі №238 бұйрығы


Стационарлық көмек көрсететін және амбулаториялық-емханалық



бет64/73
Дата07.02.2022
өлшемі2,74 Mb.
#90621
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   73
Байланысты:
238 бұйрығы

Стационарлық көмек көрсететін және амбулаториялық-емханалық
бөлімшелері бар денсаулық сақтау ұйымдарының әкімшілік-шаруашылық және жалпы ауруханалық қызметкерлері мен емханалық бөлімшелерінің үлгі штаттары мен штат нормативтері
Стационарлық көмек көрсететін және амбулаториялық-емханалық бөлімшелері бар денсаулық сақтау ұйымдарының әкімшілік-шаруашылық және жалпы ауруханалық қызметкерлері мен емханалық бөлімшелерінің үлгі штаттары мен штат нормативтері мына кестеге сәйкес белгіленеді:



Лауазым атауы

Лауазымдар саны

1

Басшы (бас дәрігер, директор, бастық)

әр ұйымда 1 лауазым. Төсек саны 30-ға дейінгі ұйымдарда бұл лауазым бір дәрігерлік лауазымның орнына 30-дан 50-ге дейінгі төсектік ұйымдарда 0,5 дәрігерлік лауазым орнына белгіленеді

2

Басшының экономика мәселелері жөніндегі орынбасары

100 және одан көп төсектік ұйымдарда 1 лауазым

3

Басшының шаруашылық мәселелері жөніндегі орынбасары

1 лауазым:
стационары бар облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың орталық қалалық медициналық ұйымдарында;
дәрігерлік лауазымдар саны 100 бірліктен жоғары ұйымдарда немесе 150 және одан жоғары төсектік ұйымдарда шаруашылық бөлімі бастығының орнына

4

Шаруашылық бөлімнің бастығы

облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың орталық қалалық медицина ұйымдарында және дәрігерлік лауазымдар саны 50 бірліктен жоғары немесе 80-100 және одан көп төсектік ұйымдарда 1 лауазым

5

Шаруашылық меңгерушісі

1 лауазым:
оқшауланған үй-жайда орналасқан 20-дан астам дәрігерлік лауазымдары бар әр емханаға;
оқшауланған үй-жайда орналасқан кемінде 60 төсек бар әр стационарлық бөлімшеге (бөлім тобына)

6

Басшының сапа жөніндегі орынбасары

облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың орталық қалалық медицина ұйымдарында және қызметкерлерінің саны 600-ден астам ұйымдарда кадр бөлімі бастығының орнына 1 лауазым

7

Кадр бөлімінің бастығы

қызметкерлерінің саны 200-ден 600-ге дейінгі қалалық және аудандық ұйымдарда кадр жөніндегі инспектор лауазымының орнына 1 лауазым

8

Кадр жөніндегі маман, кадр жөніндегі инспектор (аға инспектор)

200 қызметкерге 1 лауазым, бірақ ұйымда 1 лауазымнан кем болмауы тиіс. Кадр жөніндегі аға инспектордың лауазымы кадр жөніндегі инспектор лауазымының орнына енгізіледі. Кадр жөніндегі аға инспекторлар лауазымдардың саны инспекторлардың жалпы санының 50%-ынан аспауы тиіс

9

Кеңсе меңгерушісі

облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың ұйымдарда және қызметкерлерінің саны 600 ден асатын ұйымдарда 1 лауазым

10

Іс жүргізуші

облыстық, қалалық және орталық аудандық ұйымдарда 1 лауазым

11

Хатшы машинист

әрбір ұйымда 1 лауазым

12

Жоспарлау-экономика бөлімінің бастығы

облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың орталық қалалық медициналық ұйымдарында және дәрігерлік лауазымдарының саны 150 бірліктен асатын ұйымдарда 1 лауазым

13

Экономист

2 лауазым:
облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың орталық қалалық медициналық ұйымдарында және дәрігерлік лауазымдардың саны 100 бірліктен асатын ұйымдарда;
дәрігерлік лауазымдардың саны 50 бірліктен асатын орталық аудандық ұйымдарда
1 лауазым:
дәрігерлік лауазымдардың саны 10-нан 50-ге дейінгі ұйымдарда

14

Қаржы жұмысы жөніндегі экономист

сметаларының жылдық көлемі бюджеттік және бюджеттен тыс шығыстар 60000 АЕК-ке дейін болғанда 1 лауазым;
сметаларының жылдық көлемі бюджеттік және бюджеттен тыс шығыстар 60000 АЕК-тен астам болғанда 2 лауазым (оның ішінде осы ұйым қаржыландыратын ұйымдар бойынша)

15

Кітапхана меңгерушісі

250 және одан да көп төсектік ұйымдарда кітапхашаны лауазымының орнына 1 лауазым. Перзентханаларда, инфекциялық және тері-венерологиялық ұйымдарда бұл лауазым белгіленбейді.

16

Кітапханашы (перзентханаларда, инфекциялық және тері-венерологиялық ұйымдарда бұл лауазым белгіленбейді)

250 және одан көп төсектік (190 және одан көп төсектік ОАА) кітапханасы бар ұйымдарда 1 лауазым;
100-250 төсектік балалар ауруханалары мен Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған госпитальда 0,5 лауазым

17

Инженер

250-600 төсектік ұйымдарда 1 лауазым;
600-ден астам төсектік ұйымдарда 2 лауазым. Осы лауазымдарды есептеу кезінде орталық аудандық ауруханалар үшін, сондай-ақ осы үлгілік штат бойынша инженерлер мен техниктер лауазымы рұқсат етілмейтін ведомостволық бағыныстағы ұйымдардағы төсектер саны есепке алынады

18

Еңбекті қорғау және қауіпсіздік ережелері жөніндегі инженер

қызметкерлерінің саны 100-ден 1000 дейінгі ұйымдарда 1 лауазым;
қызметкерлерінің саны 1000-нан астам ұйымдарда 2 лауазым.
Осы лауазымдарды есептеу кезінде орталық аудандық ауруханалар үшін осы үлгілік штат бойынша еңбекті қорғау және қауіпсіздік ережелері жөніндегі инженері лауазымы рұқсат етілмейтін ведомостволық бағыныстағы ұйымдардағы төсектер саны есепке алынады

19

Метрология жөніндегі инженер

облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың орталық қалалық медицина ұйымдарында және дәрігерлік лауазымдардың саны 150 бірліктен астам ұйымдарда 1 лауазым

20

Медициналық техникаға қызмет көрсету жөніндегі инженер

100-350 төсектік ұйымдарда 1 лауазым;
350-ден астам төсектік ұйымдарда 2 лауазым;
1000-нан астам төсектік ұйымдарда 3 лауазым;
оңашаланған үй-жайда орналасқан 60 және одан көп дәрігерлік лауазымы бар ұйымның құрамына кіретін әр емханаларға. Лауазымдарды есептеу кезінде сонымен қоса осы үлгілік штат бойынша инженер лауазымы рұқсат етілмейтін ведомостволық бағыныстағы ұйымдардағы төсектер саны есепке алынады

21

Медициналық техникаға қызмет көрсету жөніндегі техник

50-ден 100-ге дейінгі төсектік ұйымдарға 1 лауазым. Лауазымдарды есептеу кезінде сонымен қоса осы үлгілік штат бойынша техник лауазымы рұқсат етілмейтін ведомостволық бағыныстағы ұйымдардағы төсектер саны есепке алынады

22

Оттегі жөніндегі техник

реанимация және анестезиология бөлімшелері бар 250 және одан көп төсектік стационарлардағы тәулік бойы жұмыс істейтін 1 пост
интенсивті терапия палатасы бар 250-ге дейінгі төсектік стационарларда 1 лауазым

23

Заң кеңесшісі

1 лауазым:
облыстық және орталық қалалық және аудандық ауруханаларда;
наркологиялық, психоневрологиялық, тері-венерологиялық, онкологиялық және облыстық, қалалық (150 мыңнан астам халқы бар қалаларда) бағынысты туберкулезге қарсы диспансерлерде;
арнайы мәжбүрлеп емдеу медициналық ұйымдарында;
250 және одан көп санды төсектік қалалық ауруханаларда;
жаңа туылған балаларға арналған бөлімдері бар қалалық балалар ауруханасында;
20 мың және одан көп халыққа қызмет көрсететін емханаларда. Аз мөлшерде қызмет көрсетілген кезде көрсетілген лауазым 20 мың халық есебінен енгізіледі;
перзентханаларда, 5 және одан көп дәрігерлік лауазымы бар әйелдер консультацияларында. Әйелдер консультацияларында дәрігерлік лауазымның саны аз болған жағдайда, белгіленген лауазым стационарда 190 төсектен кем болмаған кезде енгізіледі;
әйелдер консультацияларында 5 дәрігерлік лауазымнан кем емес және стационары 100-180 төсектік перзентханаларда 0,5 лауазым

24

Кір жуатын бөлме меңгерушісі

арнайы киімдерді жуу жөнінде 6 машинистен кем емес рұқсат берілетін ұйымдарда 1 лауазым

25

Қойма меңгерушісі

қоймаға қамбашы лауазымының орнына 1 лауазым, бірақ ұйымға 4 лауазымнан көп емес

26

Жабдықтау жөніндегі агент

150-600 төсектік ұйымдарда 1 лауазым;
600-ден астам төсектік ұйымдарда 2 лауазым

Денсаулық сақтау ұйымдарының
үлгі штаттары мен штат
нормативтеріне 8-қосымша


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет