Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 010 жылғы сәуірдегі №238 бұйрығы


Жедел медициналық жәрдем станциялары мен бөлімшелерінің



бет63/73
Дата07.02.2022
өлшемі2,74 Mb.
#90621
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   73
Байланысты:
238 бұйрығы

Жедел медициналық жәрдем станциялары мен бөлімшелерінің
үлгі штаттары және штат нормативтері
Жедел медициналық көмек станциялары мен бөлімшелерінің үлгі штаттары және штаттық нормативтері мына кестеге сәйкес белгіленеді:



Лауазымдардың атаулары

Лауазымдар саны

1. Дәрігерлік қызметкерлер

1

Басшының медициналық бөлім жөніндегі орынбасары

бас дәрігердің лауазымын қоса алғанда, станцияның штатында 35-тен кем емес дәрігерлік лауазым болған жағдайда 1 лауазым

2

Басшының ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары

Астана, Алматы қалалары және облыстық орталықтар үшін

3

Кіші станция меңгерушісі - жедел және шұғыл медициналық көмек дәрігері

кіші станцияға 1 лауазым

4

Жедел бөлімнің меңгерушісі

шақыртуларды беру және қабылдау посттарының саны және 10-нан кем емес станцияда келіп түскен шақыртулар саны 250 мыңнан кем емес болған жағдайда 1 лауазым

5

Бөлім меңгерушісі - жедел және шұғыл медициналық көмек дәрігері

жылына шақырту саны 5 мыңнан кем болмаса 1 лауазым, егер бас дәрігердің орынбасары лауазымы енгізілмесе

6

Жылына станцияға шақырту саны бойынша жедел және шұғыл медициналық көмектің аға дәрігері:

20-дан 100 мыңға дейін - тәулік бойы жұмыс істейтін 1 пост;
100-ден 200 мыңға дейін - тәулік бойы жұмыс істейтін 1-2 пост;
200 мыңнан көп - тәулік бойы жұмыс істейтін 2 пост;
шақырту саны 30 мыңнан көп подстанцияға 1 лауазым

7

Жедел және шұғыл медициналық көмек дәрігері

жедел және шұғыл медициналық көмек көрсету үшін санитариялық автомобильдің жұмысын ауысымына 1 пост.

8

Психиатр-дәрігер

тұрғын саны 100 мыңнан астам қалаларда 250 мың адамға тәулік бойы жұмыс істейтін 1 пост, бірақ тәулік бойы 1 посттан кем емес (санитариялық автомобильдердің тиісті саны болған жағдайда)

9

Кардиолог-дәрігер, невропатолог-дәрігер, анестезиологиялық-реанимациялық топтардың анестезиолог-реаниматолог дәрігері, интенсивті терапия жедел жәрдем дәрігері

тиісті мамандандырылған медициналық көмек көрсету бойынша санитариялық автомобильдерінің ауысымына 1 пост; мамандандырылған автомобильдерді енгізу автомобильдердің жалпы санынан 25%-ға дейін

10

Статист-дәрігер

шақырту саны 100 мыңнан кем емес станцияға 1 лауазым

11

Психолог-дәрігер

шақырту саны 500 мыңнан астам станцияға 1 лауазым

2. Орта медициналық қызметкерлер

1

Басшының бас фельдшер, бас мейірбике, мейірбикелік іс жөніндегі орынбасары

станцияға 1 лауазым, бұл лауазым станцияның аға фельдшері лауазымының орнына енгізілуі

2

Аға фельдшер

шақырту саны жылына 10 мыңнан кем емес станцияға 1 лауазым

3

Шұғыл бөлімнің аға фельдшері

бөлімнің шақыртуларды қабылдау және жіберу бойынша посттар саны 10-нан кем емес станцияда

4

Шақыртуларды қабылдау және оларды бригадаға жіберу жөніндегі мейірбике немесе фельдшері

30 мың шақыртуға тәулік бойы жұмыс істейтін 1 пост, бірақ станцияда тәулік бойы жұмыс істейтін 1 посттан кем емес;
кіші станцияға тәулік бойы жұмыс істейтін 1 пост;
шақырту саны жылына 30 мыңнан астам подстанцияға тәулік бойы жұмыс істейтін 1-2 пост

5

Жедел және шұғыл медициналық көмек мейірбикесі немесе фельдшері

7-тармақта көзделген дәрігерлер лауазымдарына сәйкес (шұғыл медициналық көмек көрсету жөніндегі дәрігерлердің лауазымынан басқа) немесе дербес;
ауылдық әкімшілік ауданға қызмет көрсету үшін тәулік бойы жұмыс істейтін 1 пост

6

Мамандандырылған жедел және шұғыл медициналық көмек мейірбикесі немесе фельдшері

8-9-тармақта көзделген дәрігерлер лауазымдарына сәйкес (анестезиолог-реаниматолог дәрігерінен басқа);
мамандандырылған бригадалар үшін тәулік бойы жұмыс істейтін 1-2 пост

7

Психикалық науқастарды тасымалдау жөніндегі мейірбике немесе фельдшер

тұрғындары 250 мыңнан астам қалалардағы санитариялық автомобильдер жұмысының ауысымына тәулік бойы жұмыс істейтін 1 пост есебінен

8

Анестезиологиялық-реанимациялық топтардың мейірбике-анестезисті, фельдшері

2 бөлімнің 9-тармағына сәйкес анестезиолог-реаниматолог дәрігері лауазымы есебінен 2 лауазым енгізіледі

9

Станцияға жылына шақырту саны мынадай медициналық статист:

25 мыңнан астам - 1 лауазым,
25-тен 100 мыңға дейін - 1-2 лауазым,
100 мыңнан астам - 2 лауазым,
әр бір келесі 100 мың шақыртуға қосымша 1 лауазым

10

Емдеуге жатқызу бөлімінің анықтама үстелінің медициналық тіркеушісі

шақырту саны жылына 200 мыңға дейін станцияға тәулік бойы 1 пост, 200 мыңнан жоғары 2 тәулік бойы жұмыс істейтін 1 пост

11

Жедел медициналық көмек бригадаларының медициналық жәшіктерін толықтыру жөніндегі мейірбике бөлмесі немесе фельдшер

мыналар есебінен:
шақырту саны жылына 30 мыңға дейін станцияларда тәулік бойы жұмыс істейтін 1 пост;
кіші станцияға тәулік бойы жұмыс істейтін 1 пост;
шақырту саны жылына 30-дан 50 мыңға дейін подстанцияға - тәулік бойы жұмыс істейтін 1-2 пост;
шақырту саны жылына 50 мыңнан астам кіші станцияға тәулік бойы жұмыс істейтін 2 пост

12

Залалсыздандыру бөлімшесінің мейірбикесі

көпсалалы ауруханалардағы стерилизациялау бөлімшелерінің штат нормативтері бойынша.

13

Мұрағаттың фельдшері немесе мейірбикесі

әрбір 100 мың шақыртуға 1 лауазым есебінен;

14

Дезинфектор

шақырту саны жылына 25 мыңнан астам станцияға 1 лауазым

3. Кіші медициналық қызметкерлер

1

Санитар

сәйкес лауазымдарға:
2 бөлімнің 7 және 9-тармақтарда көзделген дәрігерлер (шұғыл медициналық көмек көрсету жөніндегі дәрігерілердің лауазымынан басқа);
2 бөлімнің 6 және 7-тармақтарда көзделген мамандандырылған мейірбикелер, фельдшерлер, акушерлер, мейірбикелер;
2 бөлімнің 8-тармақта көзделген дәрігер-психиатрдың әр бір лауазымына 1-2 лауазым

2

Шаруашылық-бикесі

шақырту саны жылына 30 мыңнан астам станцияда (подстанцияда) 1 лауазым

4.Фармацевтикалық қызметкерлер

1

Провизор

шақырту саны жылына 300 мыңнан астам станцияда 1 лауазым

2

Фармацевт

шақырту саны жылына станцияда:
25-тен 75 мыңға дейін - 1лауазым;
75-тен 150 мыңға дейін - 2 лауазым;
150-ден 250 мыңға дейін - 3 лауазым;
250 мыңнан астам - әр бір келесі 100 мың шақыртуға қосымша 1 лауазым






1. Шақырту саны жылына 100 мыңнан астам станцияның штатына денсаулық сақтауды басқару органдарының қарауымен медициналық және фармацевтикалық құрамның қосымша лауазымдары енгізілуі мүмкін.
2. Санитариялық автомобильдердің жұмыс ауысымының саны және олардың ұзақтығы станцияның бағыныстылығы жөніндегі денсаулық сақтау органымен белгіленеді.
3. 1 постқа лауазымдар санын анықтау санитариялық автомобиль жұмысының ауысымы жылдық жоспардың сағат санын жұмыскерлердің (дәрігерлер, фельдшерлер және тағы басқалар) жұмыс уақыты жылдық бюджетіне бөлу арқылы жүргізіледі.
4. Бір санитариялық автомобиль 10 мың тұрғын есебінен енгізіледі.
Денсаулық сақтау ұйымдарының
үлгі штаттары мен штат
нормативтеріне 7-қосымша


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет