Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтерін бекіту туралы



бет3/25
Дата06.07.2018
өлшемі3,34 Mb.
#47985
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
§1. Жалпы нормативтер

      220. Бөлімшелердің, кабинеттердің медициналық қызметкерлері лауазымдары (палата), стационарлық және амбулаториялық-емханалық көмек көрсету бойынша уақыттың нормативтері бойынша жұмыс көлеміне байланысты белгіленеді.


      221. Бас дәрігердің емдеу жұмысы жөніндегі орынбасары лауазымы диспансер штатында 30-дан кем емес дәрігерлік лауазымы болса бас дәрігердің лауазымы қоса белгіленеді.
      222. Ұйымдастырушы–әдістемелік кабинет (бөлім) меңгерушісі – дәрігер-әдіскер лауазымы әр ұйымда белгіленеді.
      223. Бас мейірбике лауазымы әр диспансерде белгіленеді.
      224. Тәрбиешілер лауазымдары ауруханалар мен емханалардың нормативтері бойынша белгіленеді.
      225. Шаруа-бикелері әр диспансерде белгіленеді.
      226. Дәріханалардың қызметкері лауазымдары медициналық ұйымдарда дәріханалық құрылымдарының нормативтері бойынша белгіленеді. Егер диспансерде ауруханаішілік дәріхана қызмет көрсетсе, аталған лауазымдар белгіленбейді.

§2. Дерматологиялық-венерологиялық (бөлімшелер мен кабинеттер)
диспансерлердің штат нормативтері

      227. Қалалық диспансерлерде амбулаториялық көмек көрсету үшін дермато-венеролог дәрігерлердің белгіленген нормативтері болмағанда 10 мың адамға 0,7 лауазым есебінен (ересектер мен балалар) белгіленеді. Егер диспансер (осы аудандағы үлкендер мен балалар) тікелей ауылдық аудан халқына амбулаториялық емханалық көмек көрсетсе, оның штатына 10 мың адамға 0,2 лауазым есебінен дермато-венеролог дәрігерлер лауазымдары қосымша белгіленеді.


      228. Облыстық диспансерлер штатында қабылдауды амбулаториялық және ұйымдастыру-әдістемелік жұмысты қамтамасыз ету үшін дәрігер-дерматовенеролог лауазымдары облыстың аумағындағы ересектер мен балаларға 100 мың адамға 0,3 лауазым есебінен белгіленеді.
      229. Ұйымдастыру-әдістемелік бөлімдердің эпидемиологиялық топтардағы патронаждық 2 мейірбике лауазымы белгіленеді.

§3. Онкологиялық диспансерлердің ауруханалардың,
бөлімшелердің, кабинеттердің штат нормативтері

      230. Емханалық көмек көрсетуіне арналған амбулаториялық қабылдау мен консультациялық жұмыстарын қамтамасыз ету үшін онколог-дәрігерлердің уақыттың белгіленген нормативтері болмаған жағдайда мыналар есебінен белгіленеді:


      қала халқының 10 мың адамына 0,2 лауазым;
      амбулаториялық және консультациялық көмекті қамтамасыз етуіне арналған облыс халқының 10 мың адамына 0,1 лауазым;
      облыс халқы 100 мың адамға 0,25, бірақ ұйымдастыру-әдістемелік жұмыспен қамтамасыз етуге арналған 1 кем емес лауазымнан;
      балалар кабинетіне арналған дәрігер-онколог 0,1 ставка 75 мың балаға, бір облысқа (республикалық маңызы бар қала) балалар онкологиялық кабинетіне 1 лауазымына аз емес дәрігер-онголог белгіленеді;
      облыс халқына арналған амбулаториялық химия терапия жүргізуге 100 мың адамға 0,2 лауазым есебінен белгіленеді.
      231. 1 лауазым химия терапиялық немесе химия сәуле бөлімшесінде 15 төсекке қосымша терапевт–дәрігер лауазымы белгіленеді.
      100 төсекке (торакалды төсектерді есептемегенде);
      торакалды хирургиялық бөлімшелерге.
      232. Термография кабинетінің дәрігер лауазымы ауысымына аппаратқа 1 лауазым есебінен белгіленеді.
      233. Лазерлік терапия және криохирургия кабинеті дәрігер лауазымына ауысымына 1 лауазым есебінен белгіленеді.
      234. Ауыруға қарсы терапия кабинетінің дәрігер лауазымы диспенсерге 1 лауазым есебінен белгіленеді.
      235. Шағын бейінді (бас және мойын ісіктері, балалар онкологиясы) бөлімшелерде қосымша лауазым белгіленеді:
      логопед-дәрігер 40 төсекке 0,5 лауазым есебінен;
      дәрігер-психолог 40 төсекке 0,5 лауазым.
      236. Дәрігер-иммунолог лауазымы диспансерлерде төсек саны 200 астам 7000 зерттеуге 1 лауазым есебінен.
      237. Радиолог дәрігер лауазымы:
      15 радиологиялық төсекке оның ішінде 2-3 микрокюри активтігі бар 2-3 белсенді төсекке;
      ауысымына гамма–терапиялық немесе рентгенотерапиялық аппараттар;
      ауысымға жоғары энергиялық сәулеленулердің көзі;
      30 радиологиялық төсекке сәуле алды дайындау кабинетінің дәрігер-рентгенолог (топометрист) лауазымы;
      238. Құрамында 150-ден астам төсегі бар диспансерлерде 2 медициналық психолог лауазымы белгіленеді.
      239. Онкоурология, онкогинекология, бас және мойын ісіктері, онкопроктология бақылау кабинеттерінде мейірбике лауазымы 40 төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді.
      240. Медициналық статист лауазымына қосымша 1 лауазым:
      амбулаториялық есептер үшін;
      стационарлық есептер үшін белгіленеді.
      241. Жабық радиоактивті препараттар блогына қызмет көрсетуге мейірбике лауазымы белсенділігі 200 мкюриден (7,4 ГБК) көп емес перапараттарды ауысымына пайдалану кезінде белгіленеді.
      242. Ашық радиоактивті препараттар блогына қызмет көрсетуге препараттардың мейірбике лауазымы белсенділігі 150 мкюриге (5,55 ГБК) дейін ауысымына пайдалану кезінде белгіленеді.
      243. Гамма-терапиялық, рентгено-терапиялық және басқа да жоғары энергиялық қондырғыларға қызмет көрсету жөніндегі мейірбике лауазымы иондайтын сәулелену аймағында 3 сағаттан артық жұмыс істеу есебінен белгіленеді.
      244. Сәуле алды дайындық кабинетінде зертханашы лауазымы топометрист дәрігерінің лауазымына сай белгіленеді.
      245. Ашық радиоактивті препараттары блогының аға мейірбике лауазымы ауысымына 150 мкюриге дейін (5,55 ГБК) белсенді пайдалануды қамтамасыз ететін лауазымға белгіленеді.
      246. Аға мейірбике лауазымы жабық радиоактивті препараттар блогына әрбір бөлімшеде белгіленеді.
      247. Радиологиялық бөлімшедегі аға мейірбикенің лауазымы бөлімше меңгерушісінің лауазымына сәйкес болып белгіленеді.
      248. Цитологиялық зертханадағы тіркеушінің лауазымы облыстың 100 мың адамына 0,2 лауазым есебінен белгіленеді.
      249. Сәуле терапиясын жүргізу үшін аппараттарға қызмет көрсететін санитарлар лауазымдары ауысым кезінде бір аппаратқа бір лауазым есебінен белгіленеді.
      250. Дистанциялық сәуле терапиясы блогы үшін шаруа-бикесінің қосымша лауазым 3 қондырғыдан кем болмаса белгіленеді.
      251. Ашық радиоактивтік препараттар блогымен және жабық радиоактивтік препараттар блогына қызмет көрсететін санитариялық қызметкердің лауазымы әр бөлімге белгіленеді.
      252. Медициналық физик маманының лауазымы сәулелік терапиясын алатын амбулаториялық науқастарымен жұмыс есебімен 30 радиологиялық төсек орнына 1 лауазым белгіленеді.
      253. Техникалық–мөлшерлеушінің лауазымы 60 радиологиялық төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді.
      254. Радиациялық қауіпсіздік инженерінің лауазымы 50 төсекке 0,5 ставка есебінен белгіленеді.
      255. Сәулелік терапия аппараттарына қызмет көрсететін радиациялық қауіпсіздік инженерінің лауазымы техникалық талаптарға сәйкес келетін жоғары энергияларды жылдамдатқыш 1 аппаратына 1 лауазым есебінен енгізіледі.
      256. Қызметкерлер құрамының комплектациясы күрделі қазіргі заманғы құралдары болса техникалық талаптарға сай жүргізіледі.

§4. Орталық аудандық ауруханалардың (диспансерлік
бөлімшелердің) онкологиялық кабинеттерінің
қызметкерлерінің штат нормативтері

      257. Онколог-дәрігерінің лауазымы әр аудандық орталық ауруханада белгіленеді.


      258. Цитолог-дәрігерінің лауазымы әр аудандық орталық ауруханада белгіленеді.
      259. Онкологиялық кабинетінің мейірбикесі лауазымы әр аудандық орталық ауруханада белгіленеді.
      260. Цитотехникалық фельдшер–зертханашының лауазымы әр аудандық орталық ауруханада белгіленеді.
      261. Онкология кабинетінің санитар лауазымы бір кабинетке 1 лауазым есебінен белгіленеді.

§5. Туберкулезге қарсы диспансерлердің, ауруханалардың
штат нормативтері

      262. Амбулаториялық көмек көрсету үшін дәрігерлер лауазымы 1 учаскелік дәрігер-фтизиатрдың 1 лауазымы есебінен:


      20 мың ересектерге;
      10 мың балаларға белгіленеді;
      263. Науқастарға қызмет көрсету үшін ауруханалар құрамында мамандығы бойынша тиісті бөлімшелер (төсектер) жоқ болған жағдайда дәрігерлер лауазымы төмендегідей белгіленеді:
      Оториноларинголог-дәрігер әрбір 250 төсекке шаққанда 1 лауазым, бірақ 50 және одан да көп төсегі бар ауруханаға кемінде 0,5 лауазым;
      Терапевт-дәрігер - өкпе-хирургиялық бөлімшесіне 1 лауазым;
      Невропатолог-дәрігер – туберкулездік менингитпен ауыратын науқастарды емдеу үшін аурухананың құрамында кемінде 20 төсек болған жағдайда 0,5 лауазым;
      264. Ауруханалардың сүйек туберкулезі бөлімшелерінің медицина қызметкерлері құрамының штаттары, тек операциялардың өткізуіне арналған омыртқа жотасында трансторакальды рұқсатты қолданумен және аурулардың мекендеуі, ереже бойынша, шамамен 2 орыннан асырмайды, штаттық нормативтермен белгіленеді, өкпе-хирургиялық бөліміне арналған.
      265. Өкпе-хирургиялық және урогенитиялық бөлімдерде меңгеруші бөлімшеде төсек санына қарай науқастармен тікелей жұмыс істеуден босатылады.
      Егер емдеуге арналған туберкулезді делбемен ауыратын науқастардың саны бөлімдер ұйымына арналған нормативтер талабына сай болмаса, бұл төсектер (палаталар) өкпе туберкулезі бөлімшесі құрамына қосылады.
      266. Изоляторға қызмет етуге арналған балалар туберкулез бөлімшелерінде қосымша 1 мейірбикенің лауазымы 100 төсекке дейін орналасқан ауруханаларда және 2 лауазым 100 төсектен астам ауруханаларда белгіленеді.
      267. Әлеуметтік құқығын оңалту бойынша нұсқаушылардың лауазымдары ересектер үшін және жасөспірімдердің 75 және одан да көп төсектен тұратын ауруханаларда әрбір 100 төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді.
      268. Сүйек-буын туберкулезбен ауыратын науқастарды емдеуге арналған ауруханаларда (бөлімшелерде), қосымша лауазымдар белгіленеді:
      массаж бойынша мейірбикелердің лауазымы әр 60 төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді;
      гипс салуға арналған кабинет мейірбикелерінің лауазымдары әр 200 төсекке 1 лауазым есебінен, бірақ 1 лауазымнан кем емес;
      емдік дене тәрбиесі нұсқаушының лауазымы: 100 төсекке дейін - 0,5 лауазым, 100 төсектен астам - 1 лауазым;
      269. 100 төсектен астам стационарларда қабылдау бөлімінің мейірбикесі лауазымы белгіленеді.
      270. Балалар туберкулез ауруханаларында изоляторға қызмет көрсету үшін санитарлар лауазымы изолятордағы мейірбикелер лауазымдарына сәйкес белгіленеді.
      271. Операциялық және таңушылық жұмысын орындайтын санитарлар лауазымы операциялық мейірбикелердің және таңушылық мейірбикелердің лауазымына сәйкес болып белгіленеді.
      272. Әр гипс салу кабинетіне 1 санитар лауазымы белгіленеді.
      273. Дәрігерлік тіс емдеу кабинетінде жұмыс істейтін санитардың лауазымы стоматолог дәрігерлерінің лауазымдарына сәйкес болып белгіленеді.
      274. Қабылдау бөлімшесі санитарларының лауазымы қабылдау бөлімшесі мейірбикелерінің лауазымына сәйкес белгіленеді.
      275. Педагогикалық қызметкерлер лауазымы балалар ауруханаларының (бөлімшелерінің) нормативтері бойынша белгіленеді.
      276. Диспансерлік бөлімшесі меңгерушісінің лауазымы 10 учаскелік фтизиатрия мамандарына 1,0 ставка есебінен белгіленеді.

§6. Психиатрия диспансерлерінің, ауруханаларының,
бөлімшелерінің және кабинеттерінің штат нормативтері

      277. Барлық психиатриялық жәрдем көрсететін (наркологиялықтан басқа) дәрігерлер лауазымының қойылған нормативтері жоқ болса 1 учаскелік психиатр–дәрігері есебінен белгіленеді:


      20 мың ересек (18 жас және одан жоғары) қалалық тұрғындарына;
      15 мың жасөспірімдерге және балаларға;
      50 мың тұрғындарына, ауылдық аудандарына және ауылды мекендердегі халыққа, әкімшілікке бағынатын қалаларға (ауылдық аудан әкімшілігіне кірмейтін) амбулаториялық психиатриялық жәрдем көрсету үшін, бірақ бір ауданға 1 учаскелік психиатр–дәрігерден кем болмауы тиіс (осы лауазым есебімен диспансерлік бөлімшелерде (кабинеттерде) аудандық бағыныстағы қалаларда).
      278. Балаларды (жасөспірімдерді) емдейтін психиатр–дәрігерлерінің лауазымы, зерделі артта қалған балаларға, мектеп-интернаттар оқушыларына, ерекше тәрбиелеу жағдайларын талап ететін оқушыларға, арнайы мектептердің және арнайы кәсіби–техникалық училищелердің, әрбір көрсетілген мекемеге 1 лауазым есебінен белгіленеді.
      279. Психотерапевт дәрігерлерінің лауазымы ересектер үшін 2 учаскелік психиатрлардың лауазымына 1 лауазым есебінен белгіленеді және учаскелік психиатрлардың ересектерге және балалар үшін 3 лауазымына 1 лауазым есебінен белгіленеді;
      280. Медициналық психологтың лауазымы тұрғындарға учаскелік психиатрлардың 3 лауазымына 1 лауазым есебінен белгіленеді.
      281. Невропотолог дәрігерінің лауазымдары амбулаториялық-емханалық жұмыс істеуді ұйымдастыру үшін бір диспансерге бір дәрігер есебінен белгіленеді.
      282. Консультациялық және ұйымдастырушы-әдістемелік жұмысын қамтамасыз ететін дәрігерлердің лауазымдары штатта бір облыс, республикалық маңызы бар қалалары психоневрологиялық диспансерлері есебінен белгіленеді:
      әкімшілік аумақтың 100 мың ересек тұрғынға 0,25 лауазым;
      әкімшілік аумақтың 100 мың жасөспірім тұрғынға 0,25 лауазым;
      әкімшілік аумақтың 150 мың тұрғын балаға 0,5 лауазым;
      283. Психоневрологиялық диспансерлік бөлімше меңгерушісінің лауазымы бөлімшеге 2 лауазымнан кем емес психиатр дәрігерлері біреудің орнына барлық атаулардың лауазымы болуы керек деген есеппен белгіленеді 3,5 көрсетілген лауазымнан кем емес 0,5 дәрігер лауазымы есебімен белгіленеді.
      Аурухана құрамындағы психиатриялық-диспансерлік бөлімшенің меңгерушісі лауазымы, психиатр дәрігерлерінің барлық лауазым атауларының 3,5 лауазымға дейін болуы тиіс, енгізілмейді, егер ауруханада психиатриялық төсектің санымен стационар бөлімше меңгеруші лауазымы қойыла алады.
      Егер психиатриялық бөлімше облыстық аурухананың құрамында ұйымдастырылса, оның ұйымдастырушы-әдістемелік бөлімі штатына мына лауазым орнына дәрігер-әдіскер лауазымы енгізіледі.
      284. Психотерапевт дәрігерлерінің лауазымы 40 төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді.
      285. Фтизиатр дәрігерлерінің лауазымы психотуберкулезді бөлімшесіндегі (палаталарындағы) 30 төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді.
      286. Терапевт–дәрігерлерінің лауазымы ересектерге арналған 400 төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді, бірақ бір ұйымға 1 лауазымнан кем болмай белгіленуі керек.
      287. Педиатр–дәрігерлерінің лауазымы ауруханаға жатқызатын балалармен 14 жасар балаларды қоса санағанда 400 төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді.
      288. Учаскелік мейірбикелер мен дәрігер кабинеттердің лауазымы учаскелік психиатр дәрігерлерінің лауазымына сәйкес келетін есеппен белгіленеді.
      289. Әлеуметтік жәрдем көрсететін мейірбикелердің лауазымы 5 учаскелік психиатр–дәрігерлеріне 2 лауазым есебінен белгіленеді.
      390. Амбулаториялық жәрдем көрсететін ем жасайтын кабинет мейірбикелердің лауазымы ауысымына 1 лауазым есебінен белгіленеді.
      291. Амбулаториялық жәрдем көрсететін мейірбикелердің лауазымы 40 төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді.
      292. Қабылдау бөлімшесі мейірбикелерінің лауазымы 800 төсекке тәулік бойы 1 пост 1 лауазым есебінен белгіленеді.
      293. Еңбек терапиясы жөніндегі нұсқаушысының лауазымы бөлімшелердегі (палаталардағы) ересектерге, жасөспірімдерге және балаларға деген мына көрсетілген төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді:
      орташа есеппен алғанда 100 күнге дейін төсекке болған науқастың 50 төсекке 1 лауазым;
      орташа есеппен алғанда 100 күннен астам төсекке болған науқастың 30 төсекке 1 лауазым.
      294. Әлеуметтік жәрдем көрсететін мейірбикелердің лауазымы 200 төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді.
      295. Медициналық және педагогикалық қызметкерлер және психологиялық–наркологиялық диспансерлік бөлімшелерінің және кабинеттерінің, психиатриялық, психотуберкулезді бөлімшелерінің және стационарлық палаталарының, күндізгі стационарларының, дыбыс жазу аппаратурасын қолданып және емді-өндірістік шеберханаларда науқастармен жұмыс жасау медициналық құжаттаманы рәсімдеу үшін көрсетілген бөлімшелердің штат нормативтері бойынша диспансерлерде белгіленеді.
      296. Стационар-логопед дәрігерлерінің лауазымы 30 балаға 1 лауазым есебінен белгіленеді.
      297. Балалар олигофрено-педагогтарының лауазымы 50 бала төсегіне 1 лауазым есебінен белгіленеді.

§7. Психиатриялық ауруханаларының күндізгі
стационарларының штат нормативтері

      298. Күндізгі стационардың дәрігер–меңгерушісінің лауазымы психоневрологиялық және психиатриялық ұйымы бөлімшесінің меңгерушісі ретінде, 50 және одан да көп орындары бар әр күндізгі стационарларда белгіленеді.


      299. 100 орынға дейін күндізгі стационардың меңгерушісі психиатр–дәрігерінің тікелей стационарда жатқан аурулармен жұмыс жасау міндеттерін орындайды.
      300. 100 орыны бар күндізгі стационарларда психиатр–дәрігерінің қосымша 0,5 лауазымы және әр 50 (100-ден астам) орындарына кейін 0,5 психиатр-дәрігерінің лауазымы белгіленеді.
      301. Медициналық қызметкерлердің лауазымдары әр 50 науқас есебінен белгіленеді:
      мейірбике – 1 лауазым
      шаруа-бикесі – 1 лауазым
      санитар – 1 лауазым.

§8. Емдік-өндірістік (еңбек) шеберханалары

      302. Медициналық қызметкерлердің лауазымдары әр 50 науқасқа есебінен белгіленеді:


      психиатр–дәрігері – 0,5 лауазым
      мейірбике – 1 лауазым
      санитар – 1 лауазым
      303. Еңбек терапиясы нұсқаушысының лауазымы әр 25 науқасқа 1 лауазым есебінен белгіленеді.
      304. Психологтардың лауазымы жалпы психиатриялық бөлімшелердегі 60 төсекке, басқа бөлімшелерде 30 төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді.
      305. Әлеуметтік жұмыс қызметкерінің лауазымы әр психоневрологиялық бөлімшеге, қосымша диспансерге 1 лауазым есебінен белгіленеді.

§9. Амбулаториялық сот–психиатриялық сараптау
комиссиясының штат нормативтері

      306. Амбулаториялық сот–психиатриялық сараптау комиссиясы төрағасының лауазымы жылына 600 сараптамадан (кәмелетке толмағандар сараптамасы үшін 450 сараптамадан) 1 лауазым есебінен белгіленеді.


      307. Сот–психиатриялық сараптама дәрігерлерінің лауазымы амбулаториялық сараптама жүргізу үшін жылына 200 сараптамаға (кәмелетке толмағандардың сараптамалары үшін 150 сараптамаға) белгіленеді.
      308. Сот–психиатриялық психолог-сарапшыларының лауазымы 300 амбулаториялық сот–психиатриялық сараптамаларға 1 лауазым есебінен белгіленеді, бірақ комиссияға бір лауазымнан кем белгіленбеуі тиіс.
      309. Медициналық тіркеушінің машинаға басылатын жұмыстарды орындаумен жылына 200 сараптамаға 1 лауазым.
      310. Санитарлардың лауазымы жылына 1000 сараптамаға 1 лауазым есебінен белгіленеді.

§10. Стационарлық сот–психиатриялық сараптау
комиссиясының штат нормативтері

      311. Бөлімше меңгерушісінің лауазымы 0,5 дәрігер лауазымы орнына 25 төсекке белгіленеді.


      312. Сот–психиатриялық сарапшы дәрігерлердің лауазымдары 10 төсекке (кәмелетке толмағандар сараптамасы үшін 8 төсекке) 1 лауазым есебінен белгіленеді.
      313. Сот психолог-сарапшылардың лауазымдары 15 төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді.
      314. Мейірбикелердің (палаталық) лауазымдары 15 төсекке 1 тәулік бойы жұмыс істейтін 1 пост есебінен белгіленеді.
      315. Ем-шара кабинеті мейірбикесінің лауазымы әр бөлімшеге 1 лауазым есебінен белгіленеді.
      316. Санитарлардың (палаталық) лауазымы 10 – 13 төсекке 1 тәулік бойы жұмыс істейтін 1 пост есебінен белгіленеді.
      317. Науқастарды қарайтын санитарлардың лауазымы 20 төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді.
      318. Буфетші санитарлардың лауазымы 25 төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді.
      319. Ваннашы санитарлардың лауазымы: бөлімшелерде 25 төсекке дйін 1 лауазым; 25 төсектен көп болған жағдайда 2 лауазым есебінен белгіленеді.

§11. Мәжбүрлеп емдеу бөлімшесінің штат нормативтері

      320. Бөлімше меңгерушісінің лауазымы 0,5 дәрігер лауазымының орнына әр бөлімшеге төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді.


      321. Психиатр дәрігерлерінің лауазымы 20 төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді.
      322. Психологтың лауазымы бір бөлімшеге 1 лауазым есебінен белгіленеді.
      323. Әлеуметтік қызметкердің лауазымы бір бөлімшеге 1 лауазым есебінен белгіленеді.
      324. (Палаталық) мейірбикелердің лауазымы 25 төсекке тәулік бойы жұмыс істейтін 1 пост есебінен белгіленеді.
      325. Психотуберкулез және психосоматикалық бөлімшенің (палаталық) мейірбикелерінің лауазымы 20 төсекке тәулік бойы жұмыс істейтін 1 пост есебінен белгіленеді.
      326. Ем шара кабинеті мейірбикесінің лауазымы әр бөлімшеге 1 лауазым есебінен белгіленеді.
      327. Психотуберкулез және психосоматика бөлімшесінің ем шара кабинеті мейірбикесінің лауазымы әр бөлімшеге 2 лауазым есебінен белгіленеді.
      328. Еңбек терапиясы нұсқаушысының лауазымы әр 25 науқасқа 1 лауазым есебінен белгіленеді.
      329. Санитарлардың (палаталық) лауазымы 100 төсекке тәулік бойы жұмыс істейтін 1 пост есебінен белгіленеді.
      330. Науқасты қарап және оны алып жүретін санитарлардың лауазымы 25 науқасқа 1 лауазым есебінен белгіленеді.
      331. Психотуберкулез және психосоматика бөлімшесінің науқасты қарап және оны алып жүретін санитарлардың лауазымы 20 төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді.
      332. 200-ге дейін төсегі бар ауруханаларда және диспансерлерде кешкі және түнгі уақыттарда дәрігерге дейінгі білікті жәрдем көрсету үшін (палаталық) мейірбикелер лауазымының тиісті санының орнына 4 фельдшер лауазымына дейін белгіленеді.
      333. Науқастарға консультацияны өткізу үшін басқа ұйымдардан маман – консультанттары ұйымдар сметасында осы мақсаттар үшін көзделген қаражат шегінде шақыруға рұқсат етіледі.

§12. Наркологиялық диспансерлерінің, ауруханалардың,
медициналық-әлеуметтік оңалту орталықтарының штат
нормативтері

      334. Наркологиялық көмектің барлық түрлерін көрсететін дәрігерлер лауазымының белгіленген уақыт нормативтері болмағанда 1 лауазым есебінен белгіленеді:


      алкагольді тұтыну нәтижесінде психикалық және мінез-құлық бұзылуларынан зардап шегетін, диспансерлік есепте тұрған 1000 науқасқа, оның ішінде профилактикалық бақылаудағы тұлғаларға;
      психикаға белсенді (алкогольден басқа) әсер ететін заттарды ПБЗ пайдалану салдарынан психикалық және мінез-құлық бұзылудан зардап шегетін, диспансерлік есепте тұрған 250 науқасқа, оның ішінде профилактикалық бақылаудағы тұлғаларға.
Ауылдық елді-мекендерде нарколог дәрігерлерінің лауазымы әр ауданға кемінде 1,0 есеппен белгіненеді.
      335. Нарколог–дәрігерлердің лауазымы былайша белгіленеді:
      есірткіге тәуелділіктің алдын алу бойынша – 1 лауазым;
      психикаға белсенді әсер ететін психикалық және мінез-құлық бұзылудан зардап шегетін тұлғаларға жасырын түрде медициналық жәрдем көрсету үшін – 1 лауазым;
      күндізгі стационардағы 20 төсекке 1 лауазым. Күндізгі наркологиялық стационар меңгерушісінің лауазымы әр күндізгі стационарда нарколог дәрігерінің 1 лауазымның орнына белгіленеді.
      335-1. Уақытша бейімдеу және детоксикация орталықтарының нарколог-дәрігерлерінің лауазымдары:
      Нарколог-дәрігерлердің 1 тәуліктік посты - уақытша бейімдеу және детоксикация орталығының 20 төсегіне.
      Уақытша бейімдеу және детоксикация орталығының меңгерушісі лауазымы әрбір орталыққа белгіленеді.
      Ескерту. 335-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2011.01.05 № 2 (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      336. Психотерапевт дәрігер лауазымы бір диспансерге амбулаториялық қабылдау жүргізетін 8 дәрігердің лауазымына 1 лауазым есебінен белгіленеді; күндізгі стационарда 50 төсекке 1 лауазым, бірақ бір диспансерге 1 лауазымнан кем болуы тиіс.
      337. Медициналық психологтың лауазымы амбулаториялық қабылдау жүргізетін 10 дәрігердің лауазымына 1 лауазым есебінен белгіленеді, күндізгі стационарда 50 төсекке 1 лауазым, бірақ бір диспансерге 1 лауазымнан кем болуы тиіс.
      338. Стационардағы науқастарға қызмет көрсету үшін психотерапевт дәрігерлерінің лауазымы мынадай төсек санына 1 лауазым есебінен белгіленеді: психотерапия және оңалту бөлімшесінде 10 төсекке, әлеуметтік оңалту бөлімшесінде 50 төсекке.
      339. Стационардағы науқастарға қызмет көрсететін психологтардың лауазымы мынадай төсек санына 1 лауазым есебінен белгіленеді:
      алкоголизммен және нашақорлықпен ауыратын ересек науқастарға арналған наркология бөлімшесінде 20 төсекке;
      алкоголизммен және нашақорлықпен ауыратын балаларға арналған наркология бөлімшесінде 15 төсекке;
      сот-наркологиялық сараптамаға арналған наркология бөлімшесінде 10 төсекке;
      психотерапия және оңалту бөлімшесінде 15 төсекке;
      әлеуметтік оңалту бөлімшесінде 50 төсекке.
      Ескерту. 339-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2011.01.05 № 2 (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      340. Стационары бар диспансерлерде терапевт-дәрігерлері лауазымы 60 төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді.
      341. Стационары бар диспансерлерде невропатолог-дәрігерлері лауазымы 60 төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді.
      342. Стационары бар диспансерлерде стоматолог-дәрігерлері лауазымы 500 төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді.
      343. Наркологиялық сараптамаларды бақылау және ұйымдастыру жөніндегі нарколог дәрігердің бір лауазымы.
      344. Алкогольмен және есірткімен мас болу сараптамасын жүргізу үшін бір нарколог дәрігерлерінің тәулік бой жұмыс істейтін пост белгіленеді.
      345. Сот-наркологиялық сараптама жүргізу үшін әрбір наркологиялық ұйымға сот-наркологиялық сарапшы дәрігердің екі лауазымы. Егер жылына сот-наркологиялық сараптаманың саны 1000-нан асатын болса, онда сот-наркологиялық сараптамашы дәрігердің бір лауазымы қосымша енгізіледі.
      Ескерту. 345-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2011.01.05 № 2 (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      346. Сенім пунктінің (шприцтерді алмастыру пунктінің) психолог лауазымы әр пунктке 1 лауазым есебінен белгіленеді.
      347. Учаскелік мейірбикелердің және әлеуметтік жәрдем көрсететін жеке фельдшерлердің (мейірбикелердің) лауазымдары учаскелік психиатр-нарколог дәрігерлердің лауазымдарына сәйкес белгіленеді.
      348. Наркологиялық сараптамаларды бақылау және ұйымдастыру жөніндегі фельдшер лауазымдары ұйымдастыру-әдістемелік консультация бөлімінің штатындағы психиатр-нарколог дәрігерінің лауазымына сәйкес белгіленеді.
      349. Диспансер бөлімшесі мейірбикелерінің лауазымдары мынадай есеппен белгіленеді:
      - ауысымына 1 емшара мейірбикесі лауазымы;
      - анонимді емдеу кабинетіне 1 лауазым;
      - алкогольді шектен тыс пайдаланудан және алкоголизмнен зардап шегетін тұлғаларға профилактикалық медициналық жәрдем көрсету және алкогольге қарсы насихаттауға арналған кабинетке 1 лауазым;
      - күндізгі стационардағы әр 20 төсекке 1 лауазым.
      - психотерапевт дәрігердің лауазымына сәйкес психотерапия кабинетіне 1 мейірбике лауазымы.
      349-1. Уақытша бейімдеу және детоксикация орталықтарының медициналық бике лауазымдары нарколог-дәрігерлер лауазымдарына сәйкес бекітіледі.
      Уақытша бейімдеу және уытсыздандыру орталықтарының фельдшерлер лауазымдары нарколог-дәрігерлер лауазымдарына сәйкес бекітіледі.
      Уақытша бейімдеу және уытсыздандыру орталықтарының аға медициналық бике лауазымы әр орталыққа бекітіледі.
      Ескерту. 349-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2011.01.05 № 2 (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      350. Емшара мейірбикелері лауазымы әр бөлімшеге 1 лауазым есебінен белгіленеді.
      351. Еңбек терапиясы нұсқаушысының лауазымы алкогольдік психозбен ауыратын науқастар бөлімшесінен басқа әр бөлімшеге 1 лауазым есебінен белгіленеді.
      352. Стационары бар диспансерлерднің фельдшер-зертханашыларының (зертханашыларының) лауазымы алкогольмен және есірткімен мас болу сараптамасын жүргізетін нарколог дәрігерлердің лауазымына сәйкес қосымша белгіленеді.
      353. Химик-зертханашының лауазымы (зертхананы жарақтандыруда сұйық немесе газ анализаторы болған кезде) бір ұйымға 1 лауазым есебінен белгіленеді.
      354. Дәрігер кабинеттері санитарларының лауазымдары учаскелік психиатр-нарколог дәрігерлердің лауазымдарына сәйкес болып, алкогольмен мас болу сараптамасы кабинетіне 1 лауазым және психотерапиялық кабинетке 0,5 лауазым белгіленеді.
      355. Қабылдау бөлімшесі санитарының лауазымдары 100 және одан көп төсектік диспансерлерде белгіленеді.
      355-1.Уақытша бейімдеу және уытсыздандыру орталықтарының санитар, санитар-жуындырушы және бақылау бойынша санитар лауазымдары нарколог-дәрігерлер лауазымдарына сәйкес бекітіледі.
      Уақытша бейімдеу және уытсыздандыру орталықтарының шаруашылық-бикесі лауазымы әр орталыққа бекітіледі.
      Ескерту. 355-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2011.01.05 № 2 (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      356. Педагог лауазымы диспансер бөлімшесіне 1 лауазым, 30 және одан көп төсекке медициналық-әлеуметтік оңалту бөлімшесіне 1 лауазым белгіленеді.
      357. Әлеуметтік жұмыскердің лауазымы диспансер бөлімшесін қосқанда әр наркологиялық бөлімшеге 1 лауазым есебінен белгіленеді.
      358. Сенім телефоны психологтарының лауазымдары диспансерде сенім телефоны болған жағдайда тәулік бойы жұмыс істейтін 1 пост есебінен белгіленеді.
      359. Еңбекке оқыту жөніндегі шебердің лауазымдары медициналық-әлеуметтік оңалтудың әр стационар бөлімшесіне және 30 және одан көп төсектік күндізгі стационар бөлімшесіне 1 лауазым есебінен белгіленеді.
      360. Дене шынықтыру әдіскерінің лауазымы медициналық-әлеуметтік оңалту, 50 және одан көп төсектік күндізгі стационар бөлімшесіне 1 лауазым есебінен белгіленеді.
      361. Оңалту жөніндегі нұсқаушының лауазымдары медициналық-әлеуметтік оңалту және күндізгі стационар бөлімшелерінің әр 50 төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді.
      362. Анонимді емдеу кабинеті наркологиялық диспансерден тыс орналасқан жағдайда (қалалық емханалық үй-жайында және т.б) кабинет штатында 1 санитар лауазымы белгіленеді.
      363. Наркологиялық диспансер қызмет көрсетпейтін қалалар мен басқа да елді мекендерде орналасқан денсаулық сақтау ұйымдарының тиісті қызметкерлер құрамы лауазымдарының санын анықтау үшін наркологиялық бөлімшелер мен кабинеттердің медициналық қызметкерлер құрамының штаттық нормативтерін қолданылуы мүмкін.


Каталог: images -> 000000000
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> АҚПараттық хат қҰрметті әріптестер!
images -> Абай Құнанбайұлы (1845—1904)
images -> Автобиография кандидата в депутаты районного маслихата по избирательному округу №5
images -> «Қазақстан тарихы» пәнінен «6М020300-тарих» мамандығына арналған жазбаша емтихан сұрақтары 1 блок
images -> Мазмұны Қазақстандағы жоғары білім, Ғылым және МӘдениет
images -> Үлгілік оқу жоспары
images -> Сембі Жансая Хасанқызы Қазақ тілі мен әдебиеті
000000000 -> «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет