Дербес білім беру ұйымы информатика оқу жоспары 2021-2022 оқу жылы 8-сынып



бет13/41
Дата17.12.2023
өлшемі0,93 Mb.
#197429
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   41
Байланысты:
Оқу жоспары Информатика 8 сынып

Кірістірілген функция







8.2.2.3 электрондық кестелерді қолдану арқылы есептерді шешу үшін кірістірілген функцияларды пайдалану

(М, К) Оқушыларға бір мәселенің шешімін екі түрлі жолмен шығаруға болтанын көрсетіп, оларды салыстыруды сұраңыз.


(М, Ұ) Оқушыларға функция деп аталатын дайын формулалар бар екендігін айтып, олардың категорияларымен таныстырыңыз.


(М, Ұ) Оқушылармен функцияның екі компоненттен тұратыны туралы талқылаңыз:

  • операцияның не істеп жатқанын көрсететін функцияның атауы (мысалы, СУММ, ЕСЛИ, ИЛИ);

  • функция аргументі.



(М, К) Аргумент ұғымын түсіндіріп, не аргумент болып табылатынын қарастырыңыз (сан, ұяшықтар диапазоны, ұяшыққа сілтеме).
(Ж, Ө) Формулалар мен функцияларды салыстыруды ұсыныңыз. Алдынғы сабақтың тапсырмасын кірістірілген функциялардың көмегімен шығаруды сұраңыз.


(К, М) Келесі кестені пайдаланып ұяшықтар ауқымына сілтемелерді автоматты түрде өзгертуге мысал келтіріңіз:

(Ө, Қ) Оқушыларға кірістірілген функцияларды қолдану қажет болатын тапсырмалар беріңіз. Өзара бағалау жұмысын ұйымдастырыңыз.

Оқушыларға өткен сабақ материалдарын қайталауды ұсыныңыз.
1-тәсіл

2-тәсіл

Түсіндіруге арналған материалдарды Алдын ала тақырыпты түсіндіруге қажетті ресурстарды дайындап қойыңыз.
Мысалдарда абсолютті, салыстырмалы және аралас сілтемелер берілгені абзал.
Оқушыларыңызбен кейбір жағдайларда функцияға аргумент ретінде бүкіл бағанды ​​немесе жолды сілтеме жасау ыңғайлы екенін талқылаңыз. Мысалы, =CУММ(A:A), =СРЗНАЧ(A:A), =МИН(A:A) және =МАКС(A:A) формулалары қосынды, орташа, минимум және максималды мәндерді барлық A бағаны үшін есептейді. Назар аударыңыз, Excel өз есептеулерінде мәндері жоқ А бағанының ұяшықтарын пайдаланбайды. Алайда, бұл бағанға жаңа мәндер қосылған кезде, формулалар автоматты түрде қайта есептеледі.

Оқушылардың білімдерін кеңейту үшін функцияларды қолданатын тапсырмалар дайындаңыз.


Бағалау критерийлерін алдын ала оқушылармен талқылаңыз.



Кірістірілген функциялар
https://www.opiq.kz/kit/15/chapter/775
Excel-де кіріктірілген функциялар: деректерді, категорияларды және қосымшаның мүмкіндіктерін меңгеру
https://fb.ru/article/456483/vstroennyie-funktsii-v-excel-osnovnyie-dannyie-kategorii-i-osobennosti-primeneniya

Excel функциялары санаттар бойынша


https://clck.ru/RYk9j

Excel кестелерінде функция аргументтерімен қалай жұмыс істеу керек


http://excelexpert.ru/kak-rabotat-s-argumentami-funkcii-v-tablicax-excel




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет