Дербес білім беру ұйымы информатика оқу жоспары 2021-2022 оқу жылы 8-сынып


(Ө, Қ) Функцияларды таңдау қажет есептерді ұсыныңыз. СЧЕТ, СЧЕТЕСЛИ, СУММЕСЛИ функцияларын қолданып, деректерді талдауды ұсыныңыз. (М, К)



бет15/41
Дата17.12.2023
өлшемі0,93 Mb.
#197429
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   41
Байланысты:
Оқу жоспары Информатика 8 сынып

(Ө, Қ) Функцияларды таңдау қажет есептерді ұсыныңыз. СЧЕТ, СЧЕТЕСЛИ, СУММЕСЛИ функцияларын қолданып, деректерді талдауды ұсыныңыз.


(М, К) ЕСЛИ функциясын қолдануды үйрететін бейнероликті көрсетіңіз және функция аргументтерін талқылаңыз.


(Т, Ж) Оқушыларға ЕСЛИ функциясын қолдануды қажет ететін тапсырма беріңіз.
• Студенттер «Зачет(Өтті)» және «Незачет(Өтпеді)» бағалау жүйесін қарастыратын сынақ тапсырады. Егер 10 сұрақтың ішінен студент сұрақтардың жартысынан көбіне дұрыс жауап берсе, рұқсат беріледі, әйтпесе Незачет(Өтпеді) қойылады. Баға қою процесін автоматтандыру қажет



(Ө, Қ) Оқушыларды келесі есепті шешу үшін қажет функцияны өз бетінше табуға шақырыңыз:

  • Квадрат теңдеудің a, b, c коэффициенттері берілген. Бұл теңдеудің нақты түбірлері бар -жоғын анықтаңыз.

(Ө, Қ) Оқушыларға кірістірілген функцияларды қолдану қажет болатын тапсырмалар орындауды ұсыныңыз.
Өзара бағалау жұмысын ұйымдастырыңыз.

Оқушыларды ұсынылған есепті шешуде максимум, минимум және орташа мәндерді табу үшін кіріктірілген функцияларды қолдану тиімді болатындығын ескертіңіз.


Келесі мәліметтер кестесін пайдаланыңыз:



Есептеулер үшін біз массив формуласын қолданамыз (дұрыс нәтиже Ctrl + Shift + Enter комбинациясын басқанда ғана болады).
Есеп мысалдары:
Әр айдағы жауын-шашын көлемі берілген кесте бойынша, ең жауынды, ең құрғақ айды және орташа жылдық температураны анықта.
Тақырыпты меңгеру үшін ресурстар ұсыныңыз.

Алдын ала кірістірілген СЧЕТ, СЧЕТЕСЛИ. СУММЕСЛИ функцияларын қолдануға практикалық тапсырмалар дайындаңыз.


Бұл функцияларды зерттеу үшін тақырыпты бірнеше сабаққа бөлу ұсынылады.

Оқушыларға келесіні есте сақтаулары қажет:



  • «Критерий» аргументінде, сілтеме немесе қандай да бір функция қолданылмаса, шарт әрқашан тырнақшамен жазылуы керек.

  • Кез келген аргумент басқа Excel жұмыс кітабының ауқымына сілтеме жасалса, онда бұл жұмыс кітабы ашық болуы керек.

  • Әріп регистрі еленбейді.

  • Сондай -ақ, қойылмалы таңбаларды * және ? қолдануға болады

  • Қате жібермеу үшін мәтінде компьютерде басылмайтын таңбалар болмауы керек.

Оқушылармен критерий регистрге сезімтал емес екенін талқылаңыз, сондықтан үлкен және кіші әріптерді енгізуге болады.


Егер сіздің деректеріңізде санағыңыз келетін сөздердің бірнеше нұсқасы болса, онда сіз қойылмалы таңбаларды қолдана отырып, олардың құрамында белгілі бір сөз, сөз тіркесі немесе әріптері бар барлық ұяшықтарды санай аласыз.


Мысалы, біздің кестеде әр түрлі қалалардан бірнеше «Корона» клиенттері бар. Біз қалаға қарамастан «Корона» тапсырыстарының жалпы санын есептеуіміз керек.


=СЧЁТЕСЛИ(A2:A22;"*Коро*")
Біз кез келген реестрде тапсырыс берушінің атында «коро» пайда болатын тапсырыстардың санын есептедік.

ЕСЛИ функциясын қолдануға мысал келтіріңіз:



Бұл тапсырманы орындауға оқушыларға нұсқаулық ұсынуға болады.



  • сол жақтағы мысал бойынша кестені толтырыңыз;

  • М бағанының ұяшықтарында автоматты қосынды көмегімен ұпайлардың жалпы санын есептеңіз;

  • N3 ұяшығына =ЕСЛИ(M3>=6;“Зачет”;“Незачет”) формуласын енгізіңіз

  • бұл формуланы автотолтыру көмегімен N ұяшықтарына көшіру;

  • алынған нәтижені талдаңыз.

Саралау мақсатында оқушыларға, тест нәтижелері бойынша шәкіртақы алатынын көрсететін бағанмен, кестені толықтыруды, ұсынуға болады. Студенттер шәкіртақы алады, егер олардың жалпы балы топтың орташа баллынан жоғары болса (СРЗНАЧ функциясын қолданыңыз).

Есептің шешімі:



  • Е2 ұяшығына дискриминант формуласын енгізіңіз: = B3 * B3-4 * B2 * B4

  • G2 ұяшығына формуланы енгізіңіз: =ЕСЛИ(E2<0;"Действительных корней нет";"Уравнение имеет действительные корни")





  • Нәтижені алу үшін теңдеудің бастапқы коэффициенттерін В2, В3, В4 ұяшықтарына енгізіңіз.

Дарынды оқушыларға құрама шарттары(И, ИЛИ) бар есептерді шығаруға беріңіз.



Математикалық функциялар


https://www.opiq.kz/kit/15/chapter/775#s5547

Информатикадан практикалық жұмыс. MS Excel:


http://info-olymp.narod.ru/informatika2.html

МИН функцияларын қолданатын формулалардың мысалдары


https://exceltable.com/funkcii-excel/primery-funkciy-min-mina

МАКС (MAX) функциясы https://msoffice-prowork.com/ref/excel/excelfunc/statistical/max/


СЧЁТ функциясы


https://office-guru.ru/excel/funkcija-schet-excel-27.html

Excel бағдарламасындағы СЧЁТЕСЛИ функциясы:


http://tutorexcel.ru/funktsii/funkciya-schyotesli-v-excel/

Маусымдылықты есептеу кезінде Excel «СУММЕСЛИ» және «СЧЕТЕСЛИ» формулалары


https://4analytics.ru/chto-vajno-znat-o/formuli-excel-summesli-i-schetesli-pri-raschete-sezonnosti.html

СЧЕТЕСЛИ функциясының мысалдары https://mister-office.ru/funktsii-excel/function-countif.html


ЕСЛИ функциясы


https://clck.ru/Whdbf

И() және ИЛИ()функциялары:


http://www.programm-school.ru/function_i_ili_excel.html






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет