8.3.3.2 for цикл операторын пайдалану
|
(Ұ) Оқушылардан шағын жаттығу жасауға шақылыңыз: бес рет отырып-тұру және үш рет тыныс алуды қалпына келтіруге арналған (бір дегенде: терең дем алып, қолдарын жоғары көтеру, екі дегенде: дем шығару және қолды төмен түсіру).
Келесі сұрақтарды қойыңыз:
Оқушылар жаттығулар кезінде қандай рөл атқарды?
Әр жаттығу неше рет болды? Және неге?
Сіздің әрекеттеріңізді қандай алгоритм сипаттай алады?
(Ұ) Оқушылардан өз тәжірибесінен немесе пәндік салалардағы қайталанатын әрекеттердің нақты санын атауды сұраңыз.
(Т, Қ) Оқушыларға алгоритмдердің әр түрлі түрлері бар бірнеше блок-схемаларды қарау үшін үлестірме материалдарын таратыңыз. Блок –схемаларды алгоритм түрлері бойынша топтарға бөлуді сұраңыз.
(Ұ) Оқушылармен бірге while циклына қатысы жоқ блок-схемның бөліктерін қарастырыңыз. Блок-схемадағы көрсеткіштердің(стрелки) бағыттарын қарастырыңыз.
(К) Оқушылар сабақ басында толтырылған алгоритмді орындау үшін for циклының блок-схемансын қалай қолдануға болатынын көрсетіңіз (бес жаттығу және үш тыныс алу жаттығулары)
(М, К) For циклімен шешуге болатын практикалық есепті талқылаңыз және есептің шешімін блок-схема ретінде көрсетіңіз. «Цикл денесі» қайда екенін көрсетіңіз.
(Т, Қ) Шешімін блок-схема түрінде көрсету тағы екі есепті ұсынып, алынған шешімдерді салыстыруды және әрбір блок-схемаға арналған цикл денесін анықтауды ұсыныңыз.
(М, К) Цикл басы, цикл параметрі / итератор, мәндер диапазоны және цикл денесі ұғымдарына тоқтала отырып, for циклінің Python тілінде қалай жазылатынын көрсетіңіз. Сондай-ақ, блок-схема ретінде көрсетілген есептің шешімін ұсыныңыз.
|