8.3.3.1 while цикл операторын пайдалану
|
(Ұ) Оқушыны командаларды орындаушы ретінде таңдаңыз. Орындаушыны мұғалімнің үстелінен сыныптың есігіне дейін жүруді сұраңыз. Оқушылармен орындаушының қандай әрекеттерді орындағанын, олардың қайсысы қай уақытқа дейін қайталанғанын талқылаңыз.
(М, Ұ) Оқушылардан өз тәжірибесінен қайталанатын әрекеттердің мысалын сұраңыз. Циклдық алгоритмнің анықтамасына жетелеңіз.
Анықтаманы қарастырыңыз, оқушылардан кілт сөздердің астын сызуды сұраңыз.
(Ұ) Әр оқушыдан басқа пәндік салалардан циклдық алгоритмнің мысалын келтіруді сұраңыз.
(Т, Қ) Оқушыларға үлестірме материалды пайдаланып, алгоритмнің әр түрлі түрлері бар бірнеше блок-схемаларды қарастырыңыз. Қандай блок-схемада цикл бар екенін анықтауды және оны қалай анықтағанын түсіндіруді сұраңыз.
(Ұ) Оқушылармен блок-схем цикл болып табылатын бөліктерін анықтаңыз. Блок -схемадағы көрсеткіш сызықтардың бағыттарын қарастырыңыз.
(К) Power Point бағдарламасында цикл бар блок-схемаларды қаншалықты әдемі жасауға болатынын көрсетіңіз.
(М, К) While циклімен шешілетін мәселені шешіңіз және алгоритмді блок-схемаға енгізіңіз. «Цикл денесі» қайда екенін көрсетіңіз.
(Т, Қ) Есептің алгоритмін блок-схема түрінде құру қажет екі мәселені ұсынып, алынған шешімдерді салыстыруды және әр блок-схемаға арналған цикл денесін анықтауды ұсыныңыз.
(К) Python тілінде while циклы қалай жазылатынын көрсетіңіз, цикл басы, цикл шарты және цикл денесі ұғымдарына назар аударыңыз. Сондай-ақ, блок-схема құрастырылған есептің шешімін көрсетіңіз.
(М, К) Цикл параметрі, цикл параметрінің бастапқы мәні, цикл параметрін өзгерту, цикл параметрін шартта қолдану түсініктерін қарастырыңыз. Параметрлік цикл алқылы шешілетін есеп мысалдарын көрсетіңіз.
(М, К) While циклінің ерекше жағдайларын көрсетіңіз:
1) while True:
<код блогы (цикл денесі)>
2) while False:
<код блогы (цикл денесі)>
(Ұ, Ф) Оқушылардан осы циклдарда не болатынын түсіндіруді сұраңыз. Бұл циклдардың қайсысын қолдануға болады, қандай мақсатта қолдануға болады және қайсысын қолданудың мағынасы жоқ? Оқушыларыңызға while циклі бар нұсқаны көрсетіңіз, егер ол шықпаса және ол шексіз болады, сондықтан while циклі ешқашан орындалмайтын нұсқаны қарастырыңыз.
|