Дербес білім беру ұйымы информатика оқу жоспары 2021-2022 оқу жылы 8-сынып


(Ө, Қ) Бақылау кестесіндегі жетіспейтін деректерді толықтыру қажет тапсырмаларды ұсыныңыз. (Т, Қ)



бет30/41
Дата17.12.2023
өлшемі0,93 Mb.
#197429
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   41
Байланысты:
Оқу жоспары Информатика 8 сынып

(Ө, Қ) Бақылау кестесіндегі жетіспейтін деректерді толықтыру қажет тапсырмаларды ұсыныңыз.


(Т, Қ) Дайын шешімдерге өзара шолуды ұйымдастырыңыз, оқушыларға толтырылған трассировка кестелерінің нәтижелерін салыстыруды, қателерді анықтап, оларды жұпта талқылауды ұсыныңыз.


(Ұ) Сабақты қорытындылау.
Оқушыларға сұрақтар қойыңыз:

  • Сабақтың тақырыбы қандай болды?

  • Сабақта не білдіңіз?

  • Не үйрендің?

  • Бағдарламаның трассировкасы не үшін қолданылады?

  • Неліктен біз алгоритмді тексеру үшін трассировка кестесін қолданамыз?



(Ө, Қ) Оқушыларды әлі де нақтылауды қажет ететін сұрақтарды анықтауға және талқылауға шақырыңыз.

Циклдық алгоритмдердің блок-схемаларын алдын-ала дайындаңыз. Трассировка жасауға кесте дайындаңыз.
Оқушыларды трассировка деген не және ол қалай жасалатынына назар аудартыңыз.
Оқушыларға бағдарламаның трассировка мен трассировка кестелері қателерді табуға және түзетуге көмектесетінін ескеріңіз.
Бағдарламалау ортасыдағы түзету(отладка) процесіне назар аударыңыз.
Түзету (отладка) - бұл бағдарлама жұмысындағы қателіктерді зерттеу және түзету процесі (оларды багтар деп те атайды, ағылшын тілінен bug – қоңыз), оны жөндеу, ағылшын тілінде debugging - түзету (отладка) дегенді білдіреді.

Саралау мақсатында кіріктірілген циклдарға тапсырма беріңіз (блок -схема құрыңыз, бағдарлама жазыңыз, трассировка жсаңыз).


Презентацияда трассировканы көрсету үшін блок-схемадағы блоктарды немесе кодтағы жолдарды кезең-кезеңмен бейнелеуге болады.


Бір мезгілде трассировка кестесінің қалай толтырылғанын көрсетіңіз.

Бағдарлама кодын қадағалау кезінде трассировка кестесінің бірінші бағанында орындалатын жолдың нөмірін көрсету ұсынылады, сондықтан бағдарлама кодының жолдары нөмірленуі керек.


Бағдарламаны іске қосу кезінде кездесетін қателердің түрлерін қарастырыңыз. Қателердің үш түрін қарастыру жеткілікті:



  1. Синтаксистік қате, онда бағдарлама іске қосылмайды.

  2. Орындалудың қателігі, мұнда бағдарлама іске қосылады, бірақ дұрыс орындалмайды.

  3. Логикалық қате, бағдарлама іске қосылады, орындалады, бірақ нәтижесі дұрыс емес.

Саралау мақсатында трассировка жасау үшін күрделірек программалардың алгоритмдерін қолданыңыз. Мысалы, кіріктірілген циклдар.


Оқушыларды демалыс кезінде циклдік құрылымдарды қолдана отырып, төртінші тоқсанда жасалатын шағын жоба туралы ойлануға шақырыңыз.


Оқушылардың идеяларын талқылап, шағын жобаның тақырыбын таңдауға ұсыныстар бере аласыз.

Трассировка кестелерін онлайн жасау:
https://www.bzfar.org/load/informatika/didakticheskij_material/trassirovochnaja_tablica/3-1-0-33

Алгоритмдердің трассировкасы: http://kufas.ru/programming6.htm


Трассировка кестесі https://informatikivgpu.ucoz.net/index/trassirovochnye_tablicy/0-26


Python Traceback — кодтағы қателерді қалай түзетуге болады (кеңейтілген оқу үшін)


https://python-scripts.com/python-traceback

Трассировка кестесін толтыру ережелері


http://www.myshared.ru/slide/1132543/

Трассировка кестелері. Мысалдар мен тапсырма.


https://sites.google.com/site/gagarintetrad/informatika/trassirovocnaa-tablica





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет