8.3.1.1 Python программалау тілінде тапсырма модельдерін жасау
8.3.2.1 алгоритмнің трассировкасын жүзеге асыру
|
(Ұ) Сыныппен келесі сұрақтарды талқылаңыз:
Жобалау кезеңі нені білдіреді?
Дизайн жасау проблемаларды шешуге қалай көмектеседі?
Неге жобаны тікелей іске асыруға бірден көшуге болмайды?
(Т, Қ) Оқушыларға қосымшалардың дизайнын жасау кезеңінде не істеу керектігін топта талқылауды ұсыныңыз.
(Ұ) Пікір алмасуды ұйымдастырыңыз. Жобаның есеп үлгісін қарастырыңыз. Математикалық модельге тоқтаңыз, яғни есептеулер үшін қолданылатын формулалар және жоба процестерінің блок-схемалары.
(Т, Қ) Математикалық модель мен блок-схеманы жасау мақсатында, белгілі бір мәселеге жасалған талдауды көрсетіңіз.
(Ұ, Қ) Болашақ қосымшаның дизайны бойынша пікір алмасуды ұйымдастырыңыз. Оқушылармен жасалған алгоритмдерді талқылаңыз. Шешім процесінде кездесетін қиындықтарды анықтаңыз. Сәттерге моменттерге назар аударыңыз.
(Ө, Қ) Оқушылардың өз жобасына математикалық модель мен блок-схеманы жасауын сұраңыз.
|
Талқылауға сұрақтар дайындаңыз. Оқушылардың жауаптарына толықтыруларды егізіңіз. Нақты дұрыс жауаптарды мадақтауға болады.
Оқушылардың жұмысын бір жүйеге келтіру үшін, бір үлгіні пайдаланыңыз, бірақ мәселе шешімінің аясын кеңейте алатындарды шектемеңіз.
Оқушылар өз жұмыстарын көрсету үшін флипчарттарды қолдана алады.
Мәселені шешу үшін циклдік құрылымдар тобын таңдауға назар аударыңыз.
Оқушыларды әзірлеу кезінде бір -бірінің жобалары бойынша пікір алмасуға ынталандыру.
|
|