8.4.1.1 әртүрлі электрондық құрылғылардың адам ағзасына әсері туралы мысалдар келтіріп, қорғау әдістерін тиімді пайдалану
|
(Ұ, Т) Оқушыларды компьютерді зиянды бағдарламалардан қалай қорғау керектігін еске түсіруге шақырыңыз. Электронды құрылғылардың адам ағзасына келтіретін зияндарын айтып шығуды сұраңыз.
(Ж, Т) Проблемалық сұрақ қойыңыз: «Адам ағзасына түрлі электронды құрылғылардың әсерін қалай төмендетуге болады?»
(Ж, Қ) Оқушылардан талқылау нәтижесі бойынша құрылғылардың кері әсерімен одан сақтанудың тәсілдерін көрсететін қауіпсіздік ережелер тізімін немесе сызба құруды сұраңыз.
Оқушылардан бір-біріне жұмыстарын көрсетулерін сұраңыз.
(Ө, Қ) Компьютерде қауіпсіз жұмыс істеу ережелері бойынша интерактивті тапсырма ұйымдастырыңыз. Тапсырмада келесі топтарға жіктеуді қолдануға болады:
аурулардың белгілері;
аурулардың атаулары;
эргономика ережелері.
|
Алдын ала сабақтың барысында қарастырылатын зиянды құралдар тізімін дайындап, оқушыларға таратыңыз.
Көмекші сұрақтар тізбегін қолдануға болады, мысалы:
Шу деген не, құлаққапты қалай қолдану керек?
Жарық қуаты көзге қандай әсерін тигізеді және қандай құралдар жарық шығарады?
Электромагниттік сәулелену көздері қандай және олардың адамға әсері.
Әр командаға тақырыптарды алдын ала дайындаңыз:
Электромагниттік сәулеленудің әсер етуі;
Құрылғылардың көзге әсер етуі;
Мойын ауруының алдын алу.
Тапсырманы орындау үшін постер / плакат / буклет қолданыңыз.
Жіктеу үшін келесі ұғымдарды қолдануға болады:
бұлшық ет ауыруы;
түнгі ұйқының бұзылуы;
бас ауруы;
аллергия;
омыртқааралық грыжа дискі;
тітіркенудің жоғарылауы;
остеохондроз;
сколиоз;
электромагниттік сәулелену монитордың барлық бөліктерінен шығады, сондықтан компьютерді бөлменің бұрышына қою керек т.б.
|
Компьютерді пайдаланудың теріс аспектілері. Сұрақтар мен тапсырмалар
https://www.opiq.kz/kit/15/chapter/770
Компьютердің адам ағзасына әсері
http://www.redov.ru/medicina/kompyuter_ubiica/index.php
Адамды электромагниттік сәулеленуден қорғау
http://electricalschool.info/spravochnik/poleznoe/1299-zashhita-cheloveka-ot-vozdejjstvija.html
Компьютердің адам денсаулығына әсері. Проблемалардан қалай аулақ болуға болады
https://massaget.kz/blogs/15954/
Компьютердің пайдасы мен зияны
https://faktiler.kz/kompjuterdin-pajdasy-men-zijany/
Компьютермен жұмыс істеу кезінде денсаулығыңызға қалай зиян келтірмеуге болады?
https://baribar.kz/62372/kompyuterde-zhumys-isteu-barysynda-densaulyqty-qalaj-saqtau-kerek/
Интерактивті тапсырма
https://learningapps.org/5487528
|