Дербес білім беру ұйымы информатика оқу жоспары 2021-2022 оқу жылы 8-сынып


Бөлім: Денсаулық және қауіпсіздік



бет7/41
Дата17.12.2023
өлшемі0,93 Mb.
#197429
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   41
Байланысты:
Оқу жоспары Информатика 8 сынып

Информатика. Орта мектеп. 8 сынып
1 тоқсан

Бөлім: Денсаулық және қауіпсіздік


Алдын ала менгеруге ұсынылған білім

Оқушылар қауіпсіздік техникасының ережелерін бұзу салдарлары туралы біледі, эргономика есептерін құра алады және шеше алады.
Оқушылар желіде жұмыс жасау ережелерімен таныс.

Мәнмәтін

Бұл бөлімде эргономика және электронды құрылғылардың адам ағзасына теріс әсерінен қорғау әдістері қарастырылады. Оқушылар желіде өзара әрекеттесу барысында туындайтын қауіпсіздік мәселелерін шешу стратегиясын іздейді.

Осы бөлімде қарастырылатын тілдік оқыту мақсаттары
Төменде оқушыларға бағытталған академиялық тілге сәйкес тілдік мақсаттар мысалы келтірілген

Пән бойынша оқу мақсаттары

Оқытудың тілдік мақсаты

Пәндік лексика және терминалогия

Диалог құруға/жазуға қажетті сөздер

Оқушылар:

  • әртүрлі электрондық құрылғылардың адам ағзасына әсері туралы мысалдар келтіре алады, қорғау әдістерін тиімді пайдалананады

  • желідегі пайдаланушының қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережелерін сақтайды (интернетте алаяқтық пен агрессия)

Оқушылар:

  • түрлі электронды құрылғылардың адам ағзасына әкелетін әсерлерін атай алады және одан сақтанудың тиімді жолдарын ұсына алады.

  • желідегі пайдаланушының қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережелерін түсіндіреді

  • Жеке мәліметтіңді қолдану барысында … назар аудару қажет.

  • … әсерінен қорғану үшін … шараларын қолданған дұрыс.

  • Электромагнитті сәулеленуді төмендету үшін … қажет.

  • Кибербуллингтің туындау себебі …

  • Компьютерді зиянды бағдарламалардан қорғау үшін ... орнатып, ... назар аудару қажет.

Қысқаша шолу

Оқушылар қауіпсіздік және электронды құрылғылармен жұмыс барысында сақтану шаралары туралы талқылайды. Желіде қарыс-қатынас қауіпсіздігі және қолданушыға зиян келтіру мақсатында қолданылуы мүмкін жеке мәліметтерді тарату мәселелерін қарастырады.








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет