Алдын ала менгеруге ұсынылған білім
|
Оқушылар қауіпсіздік техникасының ережелерін бұзу салдарлары туралы біледі, эргономика есептерін құра алады және шеше алады.
Оқушылар желіде жұмыс жасау ережелерімен таныс.
|
Мәнмәтін
|
Бұл бөлімде эргономика және электронды құрылғылардың адам ағзасына теріс әсерінен қорғау әдістері қарастырылады. Оқушылар желіде өзара әрекеттесу барысында туындайтын қауіпсіздік мәселелерін шешу стратегиясын іздейді.
|
Осы бөлімде қарастырылатын тілдік оқыту мақсаттары
Төменде оқушыларға бағытталған академиялық тілге сәйкес тілдік мақсаттар мысалы келтірілген
|
Пән бойынша оқу мақсаттары
|
Оқытудың тілдік мақсаты
|
Пәндік лексика және терминалогия
|
Диалог құруға/жазуға қажетті сөздер
|
Оқушылар:
-
әртүрлі электрондық құрылғылардың адам ағзасына әсері туралы мысалдар келтіре алады, қорғау әдістерін тиімді пайдалананады
-
желідегі пайдаланушының қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережелерін сақтайды (интернетте алаяқтық пен агрессия)
|
Оқушылар:
-
түрлі электронды құрылғылардың адам ағзасына әкелетін әсерлерін атай алады және одан сақтанудың тиімді жолдарын ұсына алады.
-
желідегі пайдаланушының қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережелерін түсіндіреді
| | -
Жеке мәліметтіңді қолдану барысында … назар аудару қажет.
-
… әсерінен қорғану үшін … шараларын қолданған дұрыс.
-
Электромагнитті сәулеленуді төмендету үшін … қажет.
-
Кибербуллингтің туындау себебі …
-
Компьютерді зиянды бағдарламалардан қорғау үшін ... орнатып, ... назар аудару қажет.
|
Қысқаша шолу
|
Оқушылар қауіпсіздік және электронды құрылғылармен жұмыс барысында сақтану шаралары туралы талқылайды. Желіде қарыс-қатынас қауіпсіздігі және қолданушыға зиян келтіру мақсатында қолданылуы мүмкін жеке мәліметтерді тарату мәселелерін қарастырады.
|