Алдын ала менгеруге ұсынылған білім
|
Оқушылар 7-сыныптан кесте процессорында жұмыс істеу біледі: электронды кестені форматтау, формулаларды құру, әртүрлі мәліметтерді қолдану, мәліметтерді диаграмма түрінде ұсыну.
|
Мәнмәтін
|
Осы бөлімнің материалы оқушылардың электронды кестелердің мүмкіндіктері туралы түсініктерін кеңейтуге арналған: абсолютті және салыстырмалы сілтемелер; мәлімет форматтары; кірістірілген функциялар мен функциялардың графиктері. Прақтикалық есептерді шешу арқылы оқушылардың функционалды сауаттары дамиды.
|
Осы бөлімде қарастырылатын тілдік оқыту мақсаттары
Төменде оқушыларға бағытталған академиялық тілге сәйкес тілдік міндеттер мысалы келтірілген.
|
Пән бойынша оқу мақсаттары
|
Оқытудың тілдік мақсаты
|
Пәндік лексика және терминалогия
|
Диалог құруға/жазуға қажетті сөздер
|
Оқушылар:
-
абсолютті және салыстырмалы сілтемелерді пайдалана алады;
-
электрондық кестелер мәселелерді шешу үшін түрлі деректер пішімдерін пайдалана алады;
-
электрондық кестелерді қолдану арқылы есептерді шешу үшін кірістірілген функцияларды пайдалана алады;
-
кестеде көрсетілген функциялардың графиктерін құрастыра алады.
|
Оқушылар:
-
кіріктірілген функциялардың қызметін сипаттай алады;
-
абсолютті және салыстырмалы сілтемелерді қолданудын қажеттілігін дәлелдей алады.
| -
абсолютті, салыстырмалы және аралас сілтемелер;
-
мәліметтердің түрлері мен форматтары;
-
формула;
-
диаграмма,
-
график;
-
функция аргументі;
-
мәліметтер жазбалары;
-
остер.
| -
Мәліметтерді … ұсынуға болады.
-
Бұл есепті шығару үшін … кіріктірілген функциясын қолдану қажет.
-
Абсолютті сілтемені пайдалану үшін … белгісін қолдану керек.
|
Қысқаша шолу
|
Осы бөлімде электронды кестелердегі мәліметтер форматтары, кіріктірілген функциялары және функциялардың графиктерін салу қарастырылады.
|