8.2.2.2 абсолютті және салыстырмалы сілтемелерді пайдалану
|
(К, Ұ) Бір есеп мысалында салыстырмалы, абсолютті, және аралас сілтемелерді қолдануды көрсетіңіз. Келесідей проблемалық сұрақтар қойыңыз:
Басқа ұяшықтарға формулаларды көшіру барысында, олар қалай өзгереді? Абсолютті сілтеме не үшін қажет?
Ұяшықты абсолютті сілтеме ретінде қалай көрсету керек?
Жауаптарды талқылаңыз.
(Т, Ж) Оқушыларға компьютерде тапсырма орындауды ұсыныңыз. Оларды В2:В5 ұяшықтарындағы формулаларда қате бар деген ойға жетелеңіз.
(Ө, Қ) Оқушыларға қосымша жалақының мөлшерін есептеуге арналған жаттығуды орындауды тапсырыңыз. Оқушылардан салыстырмалы және абсолютті сілтемедегі ұяшықтарды атауды сұраңыз.
Олардың жұмыстарын өзара бағалау арқылы бағалаңыз.
|
Проблемалық есеп ретінде келесі есептерді ұсынуға болады:
1) электр қуатының 1 Квт/сағ бағасы белгілі болса, оның бір жылдық бағасын есептеу
2) Түрлі ақша бірлігінің тенгеге қатынасы белгілі болса, туристтік жолдаманың түрлі ақша бірлігінде құнын есептеу.
Салыстырмалы, абсолютты, аралас сілтемелер қолдануға есептер дайындаңыз.
Оқушылар қатені түзетіп, формуланы абсолютті сілтеме арқылы келесі түрде жазуы керек:
Оқушылармен бағалау критерийлерін алдын ала талқылаңыз.
Келесі сабақтарда осы кестелермен жұмыс жасауды жалғастыру үшін оқушылардан оларды сақтап алуларын сұраңыз.
|
Абсолютті және салыстырмалы сілтемелер
https://www.opiq.kz/kit/15/chapter/773
Абсолютті және салыстырмалы сілтемелерді практикалық тұрғыдан қолдану
https://www.opiq.kz/kit/15/chapter/774
Сілтеме түрлері
https://www.youtube.com/watch?v=jPuu2QogUKg
Excel -дегі абсолютті салыстырмалы және аралас сілтемелер мысалдарымен http://exceltable.com/formuly/absolyutnye-otnositelnye-smeshannye-ssylki
Формуладағы ұяшық сілтемелерінің түрлері
http://www.planetaexcel.ru/techniques/2/83/
EXCEL ұяшықтарына сілтеме түрлері: салыстырмалы (A1), абсолютті ($ A $ 1) және аралас (A $ 1) сілтеме
https://excel2.ru/articles/tipy-ssylok-ms-excel-na-yacheyku-otnositelnaya-a1-absolyutnaya-a1-i-smeshannaya-a1-adresaciya
|