Дербес білім беру ұйымы информатика оқу жоспары 2021-2022 оқу жылы 8-сынып



бет6/41
Дата17.12.2023
өлшемі0,93 Mb.
#197429
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
Байланысты:
Оқу жоспары Информатика 8 сынып

Компьютерлік желілер







8.1.3.1 желінің өткізу қабілетін анықтау

(Т, Г) Әртүрлі компьютерлік желілердің сызбалық бейнелерін ұсыныңыз (сымды, сымсыз)
Хабарлама қай желі арқылы және неліктен тез жіберілетінін анықтауларын сұраныз. Оқушылардың жауаптарын талқылаңыз.
(Ұ, М) Оқушыларды желінің өткізу қабілетін есептейтін формулалармен және өлшеу бірліктерімен таныстырыңыз. Бірнеше есептерді қарастырыңыз. Оқушылардың ақпаратты өлшеу бірліктерімен таныс екеніне көз жеткізіңіз.


(Э, Ө) Оқушыларға арнайы сервисті қолдана отырып, мектеп желісінің жылдамдығын анықтауды ұсыныңыз.


(Ө, Ж) Оқушыларға мектептің жергілікті желісінде файлды жіберу уақытын есептеуді ұсыныңыз.


(Т, Қ) Оқушыларға келесі есепті шешуді ұсыныңыз:
50 Мбайт құжатты бір компьютерден екіншісіне екі жолмен беруге болады.

  1. Архиватормен жинақтауға, архивті байланыс арнасы арқылы жіберуге, архивтен шығаруға.

  2. Архиваторды пайдаланбай байланыс арнасы арқылы тасымалдауға.

Қандай жол және қаншалықты жылдамырақ, егер:

  1. байланыс каналы бойынша деректерді жіберудің орташа жылдамдығы секундына 223 бит;

  2. архиватормен жинақталған құжат көлемі түпнұсқаның 90% -на тең;

  3. құжатты жинақтау үшін 7 секунд, ал архивтен шығаруға үшін 3 секунд қажет болса?



(Ө, Қ) Оқушыларға өткізу қабілеттілігі бойынша жіберілген ақпараттың жылдамдығын анықтау жайлы тапсырмалар беріңіз, мысалы:

  • ADSL байланысы бойынша деректерді жіберу жылдамдығы 1 024 000 бит/c құрайды. Файлды осы байланыс арқылы тасымалдауға 5 секунд қажет болды. Файлдың өлшемін килобайтпен анықтаңыз.

  • Модем байланысы арқылы деректерді жіберу жылдамдығы 51 200 бит/c. Мәтіндік файлды осы байланыс арқылы тасымалдауға 10 секунд қажет болды. Егер берілетін мәтін 16-битті Юникодта ұсынылған болса, ол қанша таңбадан тұратынын анықтаңыз.

Оқушыларда компьютерлік желілердің түрлері туралы түсінігі бар. Оқушылардың алдыңғы білімдеріне сүйене отырып, жаңа материалды оқуын ұйымдастырыңыз.
Желінің «өткізу қабілеті» ұғымына жетектеңіз.

Есептерді құру барысында, оның қолданбалылығына назар аударыңыз.


Бұл тапсырманы интерактивтік тақтаға қосылған жалғыз компьютерде де орындауға болады.

Оқушылардың білімін тереңдету мақсатында байланыс каналдарының:



  • 3G;

  • телефон желесі;

  • Wi-Fi және т.б.

өткізу қабілетіне қарай өсу ретімен орналастыруға есептер дайындаңыз
Оқушыларды саралау мақсатында келесі тапсырмаларды қолдануға болады:

  • ADSL байланысы бойынша деректерді жіберу жылдамдығы 128 000 бит / с. Мәтіндік файлды бұл байланыс арқылы тасымалдауға 1 минут қажет болды. Егер берілетін мәтін 16-битті Юникодта кодта ұсынылғанын білсеңіз, ол қанша таңбадан тұратынын анықтаңыз.

  • 2.5 Кбайттан тұратын ақпараттық хабарлама 2560 бит/мин жылдамдықпен беріледі. Бұл хабарлама қанша минутты алады?

  • Модем деректерді 7680 бит/с жылдамдықпен жібереді. Мәтіндік файлды тасымалдау 1.5 минутты алады. Егер берілетін мәтін 16-битті Юникодта және бір бетте - 400 таңба бары белгілі болса, бұл мәтін қанша беттен тұратынын анықтаңыз.




Компьютерлік желілер
https://www.opiq.kz/kit/15/chapter/768

Ақпаратты беру жылдамдығы. Тапсырмалар


http://informatics-lesson.ru/ege/information-transmission.php

«Өткізу қабілеттілігі белгілі жіберілген ақпараттың жылдамдығын анықтау» жайлы тапсырмалар


https://infourok.ru/zadachi-opredelenie-skorosti-peredachi-informacii-pri-zadannoy-propusknoy-sposobnosti-kanala-656584.html

Өткізу қабілеттілігі


https://www.flottweg.com/ru/wiki/separation-technology/throughflow/

Өткізу қабілеттілігін есептеу мысалдары


http://lib.secuteck.ru/articles2/inegr_sistemy/propusknaya-sposobnost-v-ip-setyah-raschet-i-vybor-setevogo-oborudovaniya

Интернет жылдамдығын тексеру


https://www.speedtest.net/ru






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет