Дербес білім беру ұйымы



Pdf көрінісі
бет6/57
Дата07.02.2022
өлшемі1,68 Mb.
#91141
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57
Байланысты:
5 Oку жоспары Алгебра 7 сынып (1)
ЖБ математика №1
Ө 
Ж 
Аудан немесе көлемнің өзгеруі 
барысында 
сызықтық 
өлшемінің өзгерісін табуды 
қажет ететін кері есептерді 
қарастырыңыз.
 
Ү 
«Натурал көрсеткішті дәреже 
және оның қасиеттері» 
[20] 53-бет 
[31] 28-бет 
http://interneturok.ru
/ru/school/matematik
a/6-
klass/otnosheniya-i-
proporcii/izmenenie-
ploschadey-i-ob-
yomov 
http://www.mccme.r
u/free-
books/yaschenko/di
mensions.pdf 




3) Қыры а) 3 см; б) 1 м болатын текше қыры 1 см болатын текшелерге 
бөлінді. Қанша текше пайда болды? 
Дәреже қолданылатын ұзындық, аудан, көлем ұғымдарымен берілген 
мәтін есептерді ұсыныңыз.
Мысалы:
1) Отбасына бір сабын бір айға жетеді. Барлық өлшемдері берілген 
сабыннан екі есе үлкен болатын сабын отбасына қанша уақытқа 
жетеді? 
Жауабы: 8 айға. 
2) Жеті рет кір жуғаннан кейін сабынның ұзындығы, ені, биіктігі екі 
есеге кішірейді. Сабынды тағы қанша рет кір жууға қолдануға 
болады? (Әр кір жуғанда сабынның бірдей мөлшері жұмсалады.) 
Жауабы: бір рет. 
3) Жүк тиеуші қоймадағы 3×3×3 өлшемді тәртіппен орналастырылған 
бір литрлік сүттер қаптамалары салынған қорапты көтере алады. 
Осындай сүттер қаптамасы салынған 9×9×9 дана өлшемді қорапты үш 
жүк тиеуші көтере ала ма? 
Шешуі:
Егер үлкен қораптағы жүктің салмағын есептейтін болсақ, онда ол 9 · 
9 · 9 = 729 қаптама болады, яғни 729 литр. Оны үш жүк тиеушінің 
көтере алмасы анық.
4) Елдос пен Айдар өлшемдері бірдей текшелерден мұнара тұрғызды. 
Әрбір мұнара табандары шаршы тәрізді. Сандары бірдей текшелерден 
мұнаралар тұрғызылған. а) Айдардың мұнарасының табан қабырғасы 
Елдостың мұнарасына қарағанда 4 есе үлкен. Елдостың мұнарасы 
қанша есе биік? ә) Елдостың мұнарасы Айдостың мұнарасына 
қарағанда 4 есе биік. Айдостың мұнарасының табан қабырғасы неше 
есе үлкен? 
Жауаптары: а) 16 есе; ә) 2 есе. 
тақырыбының 7.1.2.1 және 
7.1.2.15 оқыту мақсаттары 
бойынша міндетті үй 
жұмысына оқушылардың 
орындауға 15-20 минуттан 
аспайтын уақыт жұмсайтындай 
және есептеу дағдысын 
қалыптастыруға бағытталған 
тапсырмалар саны беріледі. 
7.1.2.2 және 7.4.2.3 мақсаттары 
бойынша үйде орындау үшін 
тапсырмаларды күрделілігіне 
қарай дифференциациялауды, 
соның ішінде талдау, синтез 
және бағалауға байланысты 
тапсырмаларды қосуды 
ұсынылады. 
Бүтін көрсеткішті 
дәреже және 
оның қасиеттері 
7.1.2.3 
нөл және бүтін 
теріс көрсеткішті 
дәреженің 
анықтамасын және 
оның қасиеттерін 
білу; 
Көрсеткіші нөл болатын және бүтін теріс көрсеткішті дәрежені 
анықтаңыз. Сондай-ақ, натурал көрсеткішті дәреженің қасиеттері 
бүтін көрсеткішті дәрежелер үшін де орындалатынын көрсетіңіз. 
Оқушыларға санның бүтін теріс көрсеткішті дәрежелерін оң 
көрсеткішті дәреже түрінде және керісінше жазуды ұсыныңыз.
Оқушыларды топтарға біріктіріңіз. Әр топ дәреженің қасиеттеріне 
тапсырмалар жинағын және қазақстандық ғалым-математиктің тегі 
(Ә.А.Ермеков, О.А.Жәутіков, М.О.Өтелбаев, Т.И.Аманов, А.З.Закарин 
және т.с.с. топ санына байланысты) жазылған үлестірмелер алады. 
Тегіндегі әріптердің санынан тапсырмалардың саны артық болуы 
мүмкін. 
Оқушылар 
тапсырманы 
орындап, 
ғалымның 
тегін 
шифрлайды. Сонан соң топтар тапсырмаларын алмастырып, 
ғалымның жасырынған тегін ашады.
Тапсырма орындалып болған соң әр ғалымның қысқаша 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет