Дербес компьютердің қолданбалы бағдарламалық жасақтамасын орнату және өңдеу Бағдарламалық жасақтамалар Копьютердің бағдарламалық жасақтамалары жүйелік, қолданбалы бағдарламалардан және бағдарламалау жүйелерінен тұрады.
Жүйелік бағдарламалардың ішінде операциялық жүйе )ОЖ) (операционная система – (ОС) негізгі болып табылады.
ОЖ – компьютердің барлық мәліметтерді өңдеу жұмысын ұйымдастыратын бағдарламалар жүйесі. Ол компьютердің барлық құрылғыларын басқарады, компьютер құрылғыларының арасында және компьютер мен адам арасында мәліметтер алмасуын жүзеге асырады. Сонымен қатар ОЖ - әмбебап жүйе, оны әр түрлі типтегі компьютерлерге, компьютерге қосылған қосымша құрылғыларға сәйкестендіріп баптауға болады, компьютерді дербес түрде баптауға мүмкіндік береді.
ОЖ – лер өте көп, бірақ біздің арнайы қарастыратынымыз – үйде және мектептерде тұрған компьютерлердің операциялық жүйелері. Бұдан аз – ақ уақыт бұрын мұндай компьютерлерде ОЖ MS DOS тұратын. Қазіргі кезде кең тараған жүйелер: WINDOWS 95, WINDOWS 98, WINDOWS NT.
Бұл операциялық жүйелердің және көптеген өте маңызды қолданбалы бағдарламалардың, бағдарламалау жүйелерінің негізгі әзірлеушісі (жасаушысы) – американың Microsoft фирмасы.
Компьютерде жұмыс істеу - негізінде оның ОЖ – мен жұмыс істеу. Сондықтан компьютер мен адамның қатынасу тәсілі қаншалықты қарапайым, түсінікті және «жақын достықта» екендігі өте маңызды.
Адам мен компьютер арасындағы қарым – қатынас тәсілін интерфейс деп те атайды. Дербес компьютерлерде қатынасудың – интерфейстің – командалық және терезелік екі тәсілі болады.
Командалық интерфейсте адам компьютермен ОЖ – нің командаларының жиынтығының көмегімен қатынас құралады, олар өте көп және жазылу түрлері де әр түрлі. Командалық интерфайсі бар ОЖ – ға ОЖ MSDOS жатады, ол компьютерлерде соңғы жылдарға дейін негізгі болып келді. Компьютерде дұрыс жұмыс істеу үшін, ОЖ MSDOS нұсқауларының қалың томдарын оқып үйрену қажет болды.
Терезелік интерфейстің жөні басқа, ол WINDOWS типті ОЖ – де жүзеге асырылған. Мұнда компьютермен қатынасу көбіне тек маус құрылғысы арқылы жасалады. Компьютермен жұмыс істеу үшін, экранда графикалық бейнелер түрінде көрсетілген әрекеттерді маустың көмегімен таңдау жеткілікті. Экранда графикалық формаларды таңдау, жедел көмек жасау (оперативті көмек сөз), анықтама жүйесі адамның компьютермен қатынас құруды сезу дәрежесінде түсінікті етеді.
Оның үстіне ОЖ WINDOWS бір мезгілде бірнеше мәселелерді, ал MSDOS тек бір мәселені ғана шешуге мүмкіндік береді.
Әрине, WINDOWS типті ОЖ – лар тек белгілі жағдай жасалғанда , яғни процессордың жұмысының жылдамдығы арттырылғанда, компьютердің жедел және тұрақты жадының көлемі үлкейтілгенде ғана MSDOS – тың орнын басады.
Қолданбалы бағдарламалық жасақтама мәліметтерді өңдеудің нақты мәселесін шешуге арналған. Олардың көмегімен құжаттар құруға, графикалық обьектілер даярлауға, әр түрлі есептеулер жүргізуге және өздерінің демалыстарыңды ұйымдастырыуға т.б. жасауға болады.