Мәліметтер қорының басқа модельдері.
Кез-келген мәліметтер қорының негізі мәліметтер моделі болып саналады. Мәліметтер моделінің өзі көптеген қрылымдық мәліметтерден, бүтіндіктің шектеулілігінен және манипуляцияланған мәліметтердің операцияларынан тұрады. Мәліметтер моделінің көмегімен, пәндік салалар
мен олардың арасындағы арақатынастар да беріле береді.
Мәліметтер моделі — мәліметтер қоры мен оларды жөндеу
операцияларының бірлігі болып табылады.
МҚБЖ иерархиялық, желілік немесе реляциялық модельдерді
пайдалануда бұл модельдерді аралас түрде немесе осыларды қайсыбір
деңгейде қоса қамту жолына негізделеді.
Мәліметтер қорының негізгі үш түрлі: иерархиялық, желілік және реляциялық типін қарастырып көрелік. Мәліметтердің иерархиялық моделі
Иерархиялық құрылым белгілі бір заңдылықтармен өзара тығыз
байланысты элементтердің бірлігін көрсетеді.
Иерархиялық қатынастармен байланысты болып келетін нысандар бағыттаушылық графты (аударылған түрдегі ағашты) құрайды.
Иерархиялық құрылым туралы негізгі ұғым: элемент (тін), байланысқа қатысты болып келеді. Тін — бұл қайсыбір нысандарды бейнелейтін мәліметтер атрибутының бірлігі.
Иерархиялық ағаш сызбасында тіндер графтың ұштарымен есептеледі. Әрбір тін аздаған дәрежеде ғана жоғары тұратын келесі бір тінмен байланысты болып келеді.
Иерархиялық ағашта басқа ешбір ұшқа тәуелсіз болмайтын және ең басындағы бір ұшпен ғана байланысты болады. Тәуелді (бағынышты, Ф ҚазҰПУ 0703-10-09 Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Екінші басылым
есептеулермен сипатталады.