«Деректер қорының теориясы» пәнінің оқу-әдістемелік кешені


Delphi ортасында мәліметтер қорымен жұмыс істеу



бет46/62
Дата15.12.2021
өлшемі1,92 Mb.
#101364
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   62
Байланысты:
7da11e8a-0752-11e7-bfa7-a692e7d05c5eSQL УМК
тест саясаттану180, Фи-ра РК2, 605b75d27c0f7 (1), №7 СОӨЖ, Аскар Азамат 104Б, Қайратұлы Темірлан 104 Б, Пульмикорт-Ибраимова
Delphi ортасында мәліметтер қорымен жұмыс істеу.
Мәліметтер қоры бір каталогта орналасатын бірнеше кестеден тұрады. Каталог жаңа мәліметтер қоры үшін әдеттегі жағдайдағыдай құрылады, мысалы Проводниктің көмегімен құруға болады. Кестені Delphi құрамына кіретін Borland Database Desktop утилитін қолданып немесе мәліметтер қоры серверіне SQL-сұранысты қолдану арқылы құруға болады. BDE кітапханасы мәліметтер қоры файлына кіру үшін, файл орналасқан каталогты емес, оның псевдонимін пайдаланады, онда жаңа мәліметтер қорының кестесін құрудан бұрын, осы мәліметтер қоры үшін псевдоним құру қажет.

Сонымен, мәліметтер қорын құру процесін келесі қадамдардың тізбегі түрінде көрсетуге болады:




  • Каталог құру;

  • Псевдоним құру;

  • Кесте құру.

Каталог құру. «Телефон кітапшасы» мәліметтер қоры мысалы негізінде \Проекты каталогында Телефон каталогын және оның ішінде Data ішкі каталогын құру қажет.
Псевдоним құру

Мәліметтер қоры псевдонимі Delphi-ге кіретін BDE Administrator утилиті көмегімен құрылады, ол Windows-тан Проводник-Borland Delphi 7 мәзірінен BDE Administrator командасын таңдап жіберу арқылы орындалады.


BDE Administrator жүктелгеннен кейінгі сұхбат терезесінің түрі суретте көрсетілген (2.6-сурет).
Databases қосымшасында, терезенің сол жақ бөлігінде компьютерде тіркелген, псевдонимдер көрсетілген. Жаңа псевдоним құру үшін, Object мәзірінен New командасын таңдау керек. Сосын ашылған New Database Alias (мәліметтер қорының жаңа псевдонимі) сұхбат терезеде Database Driver Name тізімінен құрылатын мәліметтер қорының типін таңдау қажет.
Псевдоним құру барысында қалыпты жағдайда, Paradox форматында кестеге кіруге мүмкіндік беретін STANDART драйвері ұсынылады (2.7-сурет).

Ф ҚазҰПУ 0703-10-09 Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Екінші басылым

55
Драйверді таңдап болған соң, ОК түймесін басу керек, сонда псевдоним тізіміне жаңа элемент қосылады (2.8-сурет).
Бұдан соң администратордың көмегімен автоматты түрде құрылған псевдонимнің атын және псевдоним құрылатын мәліметтер қоры файлының жолын көрсету керек. Псевдоним атын Windows тәсілімен өзгертуге болады: псевдоним атына тышқанның оң түймесін басу, шыққан контекстік мәзірден Rename командасын таңдау және ашылған сұхбат терезеде жаңа атты енгізу.
Мәліметтер қоры файлы жолын Definition қосымшасының Path алаңында пернетақтадан немесе Path алаңының соңында орналасқан үш нүктелі түймеге шерту арқылы ашылатын Select Directory Path (Каталогты таңдау) стандартты сұхбат терезесін пайдаланып көрсетуге болады (2.9-сурет). «Телефон кітапшасы» мәліметтер қорын үшін Telefon псевдонимін құрғаннан кейінгі BDE Administrator терезесінің түрі, мысал ретінде келесі суретте келтірілген (2.9-сурет).
Құрылған псевдоним конфигурация файлында (Idapi.cfg) тіркелген болу үшін, Object мәзірінен Apply командасын таңдау керек. Ашылған Confirm сұхбат терезесінде конфигурация файлындағы өзгерісті сақтау керектігін растау қажет.
Кесте құру

Delphi құрамына кіретін Database Desktop утилитінің көмегімен кесте құрылады. Database Desktop утилитасы мәліметтер қорымен жұмыс істеуде қажетті барлық әрекеттерді орындауды жүзеге асырады. Ол әртүрлі форматтағы мәліметтер қоры кестелерін құруды (Paradox, dBASE, Microsoft Access), қарап шығуды және өңдеуді қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, утилита сұраныс құру жолымен ақпараттарды таңдауды орнындауға да көмектеседі.


Жаңа кесте құру үшін, Tools мәзірінен Database Desktop командасын таңдап, Database Desktop жүктеу. Database Desktop утилитасының шыққан терезесінен File мәзірінен New командасын таңдау керек және шыққан тізімнен Table-құрылатын файлдың типін таңдау (2.10-сурет).
Сосын Create Table ашылған сұхбат терезесінде құратын кестенің типін таңдау (мәні келісім бойынша Paradox 7 типі болып табылады) (2.11-сурет).
Нәтижесінде кестенің жазбаларының құрылымын анықтайтын, Create Paradox 7 Table (2.12-сурет) сұхбат терезесі ашылады.
Кестенің әрбір өрісі үшін, өріс атын, типін және керек жағдайда өріс мөлшерін енгізу қажет. Field Name бағанына енгізілетін, өріс аты ретінде ұзындығы 25 символдан аспайтын латын әріптері мен цифрлар тізбегі пайдаланылады.

Ф ҚазҰПУ 0703-10-09 Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Екінші басылым



56


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет