Нуо казахстанско-российский



Дата10.02.2022
өлшемі35,19 Kb.
#131378
Байланысты:
№7 СОӨЖ





МЕББМ ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ



НУО КАЗАХСТАНСКО-РОССИЙСКИЙ

МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ







КАФЕДРА АНАТОМИИ С КУРСАМИ



СОӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫ


Тақырыбы: Қан тамырлар физиологиясы. Гемодинамика көрсеткіштері. Қан қысымы. Адамның артериялық қан қысымын Коротков әдісімен өлшеу. Артериялық пульс.

1 Тапсырма.





  1. Артериялық қысымға әсер ететін факторларды, артериялық қысымның мөлшері.

Артериялық қан қысымына әсер ететін факторлар : 1. Жүректің жұмысы (систолалық және минуттық қан көлемі). Систолалық қан көлемі (СҚК) – жүректің бір систола кезіндегі шығарған қан мөлшері (60 -70 мл). Минуттық қан көлемі (МҚК) – жүректен бір минут арасында шыққан мөлшері (4, 5 – 5 л) 2. Тамырлардың шеткі кедергісі.

Тамырлардың шеткі кедергісі мынандай жағдайларға байланысты : • тамырлардың созылғыштығы • тамыр саңылауы • Тамырлардың шеткі кедергісі мынандай жағдайларға байланысты : • тамырлардың созылғыштығы • тамыр саңылауы • қанның тұтқырлығы


Артерия тамырындағы қысымы: Аортада – 120 -130 мм. с. б. Орташа артерияда – 100 -120 мм. с. б. Артериоларда - 70 -80 мм. су б. б.

  1. Артериялық қысымды анықтау әдісін (максимальді, минимальді

пульстік )
Артериядағы қан белгілі бір қысыммен ағады. И.П. Павлов көрсеткендей, артериялық қан қысымының шамасы қалыпты физиологиялық жағдайларда тек шамалы ғана ауытқиды. Адамның артериялық қан қысымын қансыз әдіспен анықтайды. Жалпы қан қысымының 2 шамасын өлшейді:
1) максимальды немесе систолалық қысым , бұл – жүректің систоласы кезінде артериялардағы қан қысымы, 2) ал жүректің диастоласы кезінде артериялардағы қан қысымы төмендегенде пайда болатын шамасын минимальды немесе диастолалық қысым деп атайды.
Қалыпты жағдайларда адамның артерияларындағы максимальды қысым сынап бағанасы бойынша 105 – 125 мм – ге дейін, ал минимальді қысым 60 – 80 мм шамасында болады. Ал артерия тамырында максимальды және минимальді қысымдардың айырмашылығы жүректің жиырылу күшін сипаттайтын пульстік қысымды немесе қан қысымының амплитудасын көрсетеді. Пульстік қысымның орташа мәні сынап бағанасы бойынша 35 – 40 мм болады. Сфигмоманометр 3 бөліктен тұрады :
А) қапталған қуысты резенке манжеткадан ;
Ә) ауаны тек бір бағытта өткізетін клапаны бар резенке грушадан;
Б) манжетканың ішіндегі қысымды өлшеуге арналған сынапты манометрден. Осы бөліктердің барлығы бір - бірімен резенке түтікшілер арқылы герметикалы жалғасқан.
Жалпы қан қысымын көпшілікке танымал Коротковтың аускультациялық әдісімен өлшейді. Бұл әдіске сүйене отырып, максимальды және минимальды қан қысымын анықтауға болады. Бұл әдіс қантамырдың қабырғасына қан соғылғанда пайда болатын дыбыстарды (Коротков тондары ) тыңдауға негізделген.

  1. Артериялақ қысымның қисық сызығын талдау.

Людвиг манометрі шкаласы бар штативке бекітілген сынапқа толы U - тәрізді шыны түтік. Манометрдің жабық бөлігі қанды ұйытпайтын ерітіндімен толтырылып ұшында канюлясы бар резенке түтікшенің көмегімен жануардың артериясына қосылады. Артерия қаны сұйықтыққа қысым жасап , ашық бөліктегі сынапты қозғайды. Сынаппен жалғасқан жазғыш қозғалады да кимографқа артериялық қысымның қисық сызығы жазылады. Осылай артериялық қысымның шамасын анықтауға болады.

  1. Қан - тамыр жүиесінің қызметін зерттеу әдісін. Реография.

Реография дегеніміз жүрек - қантамырлар жүйесінің атқаратын қызметін зерттеу әдісі. Бұл әдіс адам денесі арқылы өтетін өте жиі электр тоғына тіндердің электрлік кедергілері өзгерісін тіркеуге негізделген. Бұл өзгерістер жүрек систоласы кезінде тіндер мен мүшелердің қанға толуынан электр кедергісінің азаюына байланысты. Қан плазмасы тұздардың ерітіндісі болғандықтан электр тогын жақсы өткізеді де, мүшенің электрлік кедергісі азаяды. Ал диастола кезінде мүшенің қанға толуы азайғаннан, электрлік кедергісі керісінше ұлғаяды.


Электродтардың орналасқан жеріне байланысты мидың
( реоэнцефалография ) , аяқ - қолдардың ( реовазография ), бауырдың
( реогепатография) реограммасын жазуға болады.

  1. Коротков әдісімен қан қысымын анықтау (тыныштық және жұмыс кезінде)

АҚ өлшеу ережесі


Шараның орындалуы:

· Науқастың қолы киімінен босатылуы керек (киімін орауға болмайды – бұл қолын және артерияның басылуына әкеледі!). Науқастың қолын жазған күйде тегіс қатты беткейге (үстел немесе керуеттің шеті) қойып, алақанын жоғары қаратып, барынша босаңсытып отыру қажет.


· Манжетті иыққа салып, манжеттің ортасы жүрек деңгейіне сәйкес болғаны дұрыс (гидростатикалық күштің әсерін болдырмау үшін), ал оның төменгі шеті шынтақ бүгуінен 2,5 см жоғары орналасқаны дұрыс. Манжетті салу тығыздығы: манжет пен науқас иығы арасына саусақ сиятындай болуы керек.


· Манжетті аппаратпен және алмұртпен байланыстыратын резиналы түтіктер білектің ішкі жағынан өтуі қажет. Манометрдің тілі 0 белгісінде тұруы керек.


· Шынтақ бүгуінен пальпациялау арқылы пульсті анықтау.


· Иық артериясының пульсациясы бар нүктесіне фонендоскоптың мембраналы басын қояды.


· Ауа айдағыштың (алмұрт) тетігін жауып, пульс жоғалғанша және тағы шамалы (20-30 мм с. б.б. дейін) манжетке ауа айдайды.


· Тетікті ашып, манжеттен ауаны жайлап шығарады, Коротков тондарының пайда болуын және жоғалуын естіп, жазып алу. Манометрдің шкаласында пайда болған бірінші тон санын есте сақтау– бұл систолалық қысым.


· Манжеттен ауаны шығаруды тондар жоғалғанша жалғастырады. Тонометрдің соңғы дауысты тонына сәйкес келетін шкаладағы сан – диастолалық қысым.


· Барлық ауаны шығарып, манжетті шешу керек. Манометрдің тілі 0 белгісінде тұрғандығына көз жеткізу.


· Фонендоскоптың басын 70% спиртпен екі рет залалсыздандыру.


· АҚ көрсеткішін жазу.


· Қайтадан өлшеу. Бір рет қана алған мәлеметтер шынайы болып саналмайды: артериальді қан қысымын қайталап өлшеу қажет (екі рет арасы 3 минут болу керек, кейін орташа мөлшері саналады). Артериальді қан қысымын оң жақ және сол жақ қолдарында өлшеу керек.




Орындаған студент _Қайратұлы Темірлан_ тобы _204 Б_ факультет _Стом_

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет