Деректерді қорғаудың криптографиялық құралдары



бет20/21
Дата03.01.2022
өлшемі0,51 Mb.
#108815
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
derekterdі-қorғaudyң-kriptografiyalyқ-құraldary-dәrіs-3

Мысал. Қаржылық транзакция кезінде аутентификация үшін тұтынушы 64 биттік кілт қолдансын. Онда 264 мүмкін кілт бар, алайда бұзғыш алғашқы коллизиясын 232 транзакциясын қарастырғаннан кейін табуы ықтимал. Аутентификация мезетінде бұзғыш кілт мәндерін емес, h(k, m) мәндерін алады, мұндағы k – кілт, m – хабар, h – хэш функция. Әр транзакция үшін m белгілі болсын. h(k, m) мәнін MAC (message authentication code) деп атайды.

«Ортада кездесу» шабуылы (Meet-in-th-Middle attack). Бұл шабуыл «Туған күндер» шабуылының модификациясы болып табылады. Алдындағы мысалға оралайық. Бұзғыш алдын ала кездейсоқ 232 64 битті кілттер таңдайды. Әрбір кілт үшін олардың МАС мәндерін есептеп, кілт мәндерімен бірге сақтап қояды. Енді 232 транзакциясын жасырын тыңдап, олардың МАС мәндерін салыстырады. Өзінің мәліметтер базасындағы МАС мәні кездескен мезетте ол әрекетін тоқтатады. Мәліметтер базасында МАС мәніне сәйкес кілт мәні жазылғандықтан енді ол жалған кілтпен аутентификация процесін өтеді. Жұмыс көлемі 232, мұндағы 232 – алдын-ала орындалатын есептеулер үшін және 232 жасырын таңдау үшін. «Туған күндер шабуылы» мен «Ортада кездесу» шабуылдарының айырмашылығы «Туған күндер» шабуылында бұзғыш таңдап алынған жалғыз мән үшін қайталануды күтеді, ал «ортада кездесу» шабуылында бұзғыш екі жиынның қиылысу нүктесін іздейді. Бірінші жиын – бұзғыш таңдап алған кездейсоқ кілттер, екіншісі – жасырын таңдау кезіндегі табылған мәндер. «Ортада кездесу» шабуылы «туған күндер» шабуылына қарағанда күштірек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет