Сублингвалдық (тілдің астына) енгізу.
Сублингвалдық енгізу деп дәрілік затты тіл асты қабылдауды айтады. Дәріні бұлай қабылдағанда тіл асты кілегей қабаты арқылы тез сорылып қанға араласады, бауырға бармайды және ас қорыту ферменттері әсерінен жойылмайды. Бірақ бұл жолды сирек қолданады, өйткені тіл асты маңының сіңімділік көлемі аз, сондықтан бұл жолмен өте белсенді дәрілерді аз мөлшерде (мысалы: нитроглицерин , валидол) қабылдауға болады. Ректальды (тік ішек арқылы) енгізу жолдары
Ректалды енгізу жолдары деп дәрілік заттарды тік ішек арқылы енгізуді айтады. Ректалды жолмен сұйық (мысалы: қайнатпа, ерітінді) сонымен қатар қатты (ректалды суппозиторий) дәрілерді енгізеді.
Дәрілерді тік ішекке енгізудің мынандай артықшылықтары бар:
1. Тез сіңірілуі және мөлшерлеудің туралығының жоғары болуы
2. Дәрі ферменттердің әсеріне ұшырамайды, өйткені тік ішекте ферменттер болмайды, және, дәрі төменгі геморраидальды көк тамырлар арқылы сіңіріліп, бауырға соқпай бірден төменгі қуыс көк тамырға түседі
3. Бұл тәсіл құсудың болуының, өңештің тарылуының, бұзылуының салдарынан ауыз арқылы қабылдай алмайтын науқастарға, дәріні қабылдаудан бас тартқан, қозу жағдайындағы (сандырақтап жатқан) психикалық сырқаттарға дәріні енгізуге мүмкіндік береді. Мұндай кезде тыныштандыратын заттарды дәрілік клизмамен енгізу козумен нәтижелі күресуге мүмкіндік береді.
Ингаляциялық (тыныс жолы арқылы) жолдармен дәрілерді енгізу
Ингаляциялық енгізу дегеніміз дәрілік заттарды тыныс жолдары арқылы енгізу. Ингаляция арқылы ағзаға газ тәрізді заттарды (оттегін), қос ұшпалы сұйықтықтарды (эфир, фторотан), аэрозольдерді енгізуге болады.
Ингаляциялық енгізу жолдарының тиімділігі:
|
Ингаляциялық енгізу жолдарының кемшіліктері:
|
1. Тыныс жолындағы патологиялық процеске тікелей әсері.
2. Қабынған жерге бауырда сүзілмей, ешбір өзгермей өзінің жоғары сапасында жетуі, жоғары концентрацияның сақталуы.
|
1. Бронх жолдары өткізгіштігінің бұзылуларында дәрілік заттың қабынған жерге дұрыс жетпеуі;
2. Тыныс алу жолдарының кілегей қабатының дәрілік заттардың әсерінен тітіркену мүмкіндігі.
|
Медициналық тәжірибеде арнайы аспап көмегімен булы, жылы булы, майлы ингаляциялар кеңінен қолданылады. Сонымен қатар ингаляцияларды қалталы ингаляторлармен жүргізуге болады. Ингаляция жасарда пациенттің алдына алжапқыш жабылып, буға күймейтіндей жерге аппарат алдына отырғызылады. Буды мұрнымен жұтып, ауыз арқылы шығару керек. Бронх демікпесімен ауыратын пациенттер үшін үйде қолдануға арналған ингаляторлар бар. Онда дәрілерді пластмассадан жасалған түтікшеге құяды, оған резеңке баллон кигізілген, пациент баллонды басып, ауаның күшімен дәріні тыныс жолдарына итереді.
Достарыңызбен бөлісу: |