Дәрілерді сыртқа қолдану тәсілдері І .Сырттан енгізу - бұл кілегей қабығына және теріге, құлаққа, көзге дәрілік заттарды қолдану.
Дәріні теріге май, эмульсия, ертінді, тұнба және т.б. формада жағады. Қолданылуы көбінесе жергілікті әсерге, айқын дәрежедегі рефлекторлы және аздаған дәрежедегі резорбты әсерге негізделген. Зақымдалмаған терінің сіңіру қабілеті көп емес, тек майға еритін заттар, көбінесе шаш фолликулалары мен май бездерінің шығару жолдары арқылы сіңіріледі.
Қолдану тәсілдері: жағу, компрестер, ұнтақ себулер, сүртулер, жарақатты таңу. Дәріні жағу әрқашан таза теріге, таза құрал-саймандармен және мұқият жуылған қолдармен жүргізіледі.
2. Көз ауруларын емдегенде әртүрлі дәрілік заттардың ерітінділері және майлар қолданылады. Қолдану мақсаты - жергілікті әсер, бірақ конъюктивтің сіңіру кабілетінің жақсылығын есте сақтаған жөн және осы мүмкіндікті ескере отырып мөлшерлеу керек. Көзге дәрі тамызу пипеткамен.
жасалынады. Бұл үшін төменгі қабақты тартып тұрып шырышты қабатқа тамшыны тамызады. Көз майын арнайы шыны қалақшамен көздің сыртқы бұрышына конъюктивтің шырышты қабаты мен көз алмасы арасындағы сызыққа жағылады.
3.Мұрынға дәріні жергілікті, резорбты, рефлекторлы әсер ету мақсатында ұнтақ, бу, ерітінді және май түрінде қолданады. Тамшыларды пипеткамен енгізеді, бұл кезде науқас басын артқа қарай шалқайтады. Майды шыны қалақшамен жағады.
4. Құлаққа да дәрі пипеткамен тамызылады. Дәрілік заттардың майлы ерітінділерін дене температурасына дейін жылытқан жөн. Оң жақ есту жолына тамызғанда науқас сол жақ қырына жатады немесе басын солға қарай қисайтады, және керісінше. Дәріні енгізгенннен кейін сыртқы есту жолы мақта тампонымен жабылады.
5. Әйел жыныс жолдарына әсер ету үшін жағуға және жуып-шаюға арналған дәрілер, әртүрлі сұйықтықтар мен майларға батырылған мақта-дәкелік тампондар, ұнтақтар, ерітінділер түрінде енгізіледі. Медикаменттер кебінесе жергілікті әсер етеді, өйткені қынаптың зақымданбаған шырышты қабаты арқылы аз мөлшерде сіңіріледі. Жуып шаю үшін дәрігердің тағайындауымен дәрілердің жылы ерітінділері немесе емдік шөптердің тұнбалары қолданылады.