Дәрі Химиялық және фармацевтикалық технологияның негізгі процестерін жіктеу. Химиялық өндірісті оңтайландыру



бет80/103
Дата14.03.2023
өлшемі2,23 Mb.
#172330
түріҚұрамы
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   103
Байланысты:
книга ПАХТ

Бақылау сұрақтары.
1.Жылу процесстері дегеніміз не?
2.Жылу процессінің қолданылуы?
3.Жылу алмасу?
4.Стационарлық емеске мысал келтір
5.Жылу алмасу процессі қалай жүреді?
Дәріс 12. Жылулық алмастырғыштардың жіктелуі,олардың жобалық сипаттамалары.Жылуалмастырғыштарды есептеу әдістері.


Температура -химия өндірістеріндегі ең негізгі технологиялық жəне экономикалық мəндердің бірі. Қондырғыларда біркелкі температура ұстап тұру үшін, оны бірде қыздыруға (жылуберуге), бірде суытуға (жылу алуға) тура келеді. Яғни, барлық жағдайда, жылутасымалдағыштардан жылытылатын денеге, суытылатын заттардан суық агенттеріне, дененің бір жағынан екінші жағына жылуды көшіру (беру) керек. Мұндай əртүрлі температурадағы денелерде, жылудың бір жағдайдан екіншісіне өтуі жылуалмасу үдерісі деп аталады. Жылуалмасу үдерісінің қозғаушы күші – ыстық жəне суық денелердің температураларының айырмасы – ∆t болады.
Жылуалмасу негізінде үш түрлі əдіспен беріледі.
Жылуөткізгіштік -əртүрлі температурадағы қатты денелер бір-бірімен жанасқанда бірінен-біріне көшетін жылу. Бұл үдерістегі жылудың бір бөлшектен бір бөлшекке берілуі олардың тəртіпсіз қозғалысының нəтижесі деп қараған жөн. Мұндағы бөлшектердің жалпы бір бағыттағы қозғалысы (су сияқты) болмайды. Жылуөткізгіштік таза түрінде тек қатты заттарда ғана байқалады, ал тамшылы сұйықтар мен газдарда конвекция құбылысы жоқ кезінде ғана болады.
Конвекция -тек сұйықтар мен газдарда, олардың молекулаларының өзара алмасуы нəтижесінде болатын жылу таралуы.
Конвекция -еркін жəне еріксіз деп екіге бөлінеді. Газ немесе сұйық көлемінің əртүрлі нүктелеріндегі температуралар айырмашылығы салдарынан, осы нүктелердегі тығыздықтар айырмасының нəтижесінде болатын жылуалмасуды еркін конвекция деп атайды. Газ немесе сұйық көлемінің еріксіз қозғалысы (мысалы, насоспен айдағанда) салдарынан болатын жылуалмасуы еріксіз конвекция деп аталады.
Жылулық сəуле шығару -жылу энергиясының электромагнитті (инфрақызыл) толқындар арқылы таралуы. Бұл ретте жылу сəулесін таратын денеде жылу, сəуле энергиясына айналып кеңістікке таралады да, жолында кездескен денелерге соғылғанда, бұл сəулелі энергия жартылай жылуға айналады, жартылай шағылысады, жартылай сол денеден ары өтіп кетеді.
Техникада жоғарыдағы жылуалмасу үдерістері жеке түрінде өте сирек өтеді. Олар əрқашан екі үдеріс, кейде үш үдеріс түрінде бірлесе өтеді. Мысалы, қатты қабырға мен газ арасындағы жылуалмасуда осы үш үдеріс те болады. Осыған байланысты жалпы жылуалмасу үдерісін екі түрлі ішкі үдерістерге бөлуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет