Көлемдік сорғыштар.
Жұмыс істеу принципіне байланысты көлемді сорғыштарға поршенді сорғыштар жатады.
Поршенді сорғылар элетроқозғалтқыш арқылы айналады да, кривошипті-шатуды механизм жәрдемімен поршен цилиндр ішінде ілгерінді-кейінді жылжиды. Піспекті оңнан солға қарай жылжығанда цилиндр ішінде қысым пайда болады. Соның салдарынан сору клапаны жабылып үрлеу клапаны ашылады. Сұйық үрлеу клапаны арқылы айдау құбырына ығыстырылып шығарылады. Негізгі кемшілігі жұмыстың инерциондығы және сұйықты берудің біркелкеместігі.
Роторлы сорғыштарды тұтқырлығы жоғары және ластанған сұйықтарды тасымалдау үшін пайдаланады. Роторлы сорғыштарда клапандар және ауалы қақпақтар болмайды.
Роторлы сорғыштардың көлемі кішкене, ПӘК көп, поршенді сорғыштарға қарағанда берілісі біркелкі және реттеу мүмкін. Осы қасиеттеріне байланысты, сонда ақ жылдам жүрістілік және үлкен сенімділігіне байланысты роторлы сорғыштар гидрожетектерде және басқа да гидрожүйелерде қолданылады. Поршенді сорғыштар конструкциялық ерекшеліктері мен технологиялық міндеттеріне байланысты келесі түрлерге бөлінеді
1.Айдау және сору циклдарының саны бойынша бір екі жүрісті сорғыштарды біржақты жұмыс істейтін және екіжақты жұмыс істейтін деп ажыратады.
2.Поршендер немесе плунжерлер саны бойынша сорғыштар бірпоршенді, екіпоршенді, үшпоршенді және көппоршенді болады. Көппоршенді сорғыштарда жалпы кривошипті біліктен бір уақытта бірнеше біржақты немесе көпжақты әсердегі цилиндрлер жұмыс істейді. Бірақ әрбір цикл уақыт бойынша жылжиды, оның нәтижесінде берілістің бірқалыпсыздығы азаяды.
3.Сорғыш конструкциясы бойынша -сұйықты цилиндрден соратын жұмысшы орган, поршенді сораптар дискілі поршенді, плунжерлі, дифференциалды поршенді, сол сияқы мембраналы болады.
4.Жетек түрі бойынша -сорғыштар тура әрекетті және кривошиті механизмді.
5.Цилиндрлердің орналасуы бойынша -сорғыштар кеңістіктегі цилиндрлерінің орналасуы бойынша горизонтальды және вертикальді.
Достарыңызбен бөлісу: |