Дәрі Химиялық және фармацевтикалық технологияның негізгі процестерін жіктеу. Химиялық өндірісті оңтайландыру


Насостар. Насостардың негізгі сипаттамалары



бет32/103
Дата14.03.2023
өлшемі2,23 Mb.
#172330
түріҚұрамы
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   103
Байланысты:
книга ПАХТ

Насостар. Насостардың негізгі сипаттамалары.
Үйкеліс күшін, жергілікті кедергілерді жеңіп жəне энергия шығындап сұйықты төменнен жоғарыға құбыр бойымен аппараттарға жеткізетін гидравликалық машиналар - насостар. Химия өндірісінің үдерістері жəне аппараттарының негізі 27 Қозғалтқыштан шығатын энергия насоста сұйық ағынының энергиясына айналып оның қысымын жоғарылатады.
Насостардың негізгі сипаттамаларына олардың өнімділігі, тегеуріні жəне қуаттылығы жатады.
Өнімділік Q (м 3 ⁄сағ) насос құбырға насоспен бір уақыт ішінде айдалатын сұйықтың көлемімен анықталады жəне ол насостардың 2 тобы үшін əрқилы болады: динамикалық насостар үшін тəжірибелік зерттеулермен, көлемдік насостар үшін конструктивті өлшеммен анықталады.
Тегеурін Н (айдалатын сұйықтың ұзындығы, м). Тегеурін насоспен айдалатын сұйықтың бірлік салмағына беретін меншікті энергиясымен сипатталады. Сұйықтыққа берілетін энергия оның құбыр бойымен бір аппараттан екінші аппаратқа айдалысы кезіндегі барлық шығындарды жабу үшін қажет. Сондықтан талап етілетін тегеурін құбыр өлшемдеріне қарай, бекітуші арматураға жəне басқа да құрылғыларға байланысты анықталады.
Соратын жəне айдайтын тегеуріндер аралығындағы əртүрлілікті насостың өзі қалыптастырады. Сонда қарқынның теңдеуі:

Мұндағы -насостан шығатын сұйықтың айдаушы құбырдағы қысымы, Па; – насосқа кіретін сұйықтың сорушы құбырдағы қысымы, Па; һ – пен қысымдарын өлшеу нүктелері арасындағы вертикальды арақашықтық, м; – сұйықтың айдаушы құбырдағы жылдамдығы, м/с; – сұйықтың сорушы құбырдағы жылдамдығы, м/с.
Əдетте, соратын жəне айдайтын құбыршалардың диаметрлері тең, демек . Осыған байланысты теңдеуі қарапайым түрге келеді:


1.2-сурет. Ортадан тепкіш насосты қондырғының сұлбасы

Осылайша жұмыс істеп тұрған насостың тегеуріні, манометрлердің көрсетулерінің айырымы мен осы аспаптардың тұрған жерлерінің тік бағыты бойынша, арақашықтықтарының жиынтығы ретінде анықталуы мүмкін.



Мұндағы Н -насос дамытатын толық тегеурін, айдалатын сұйықтың метр бағанасымен өлшенеді; мен -айдау кеңестігі мен сору кеңестігі арасындағы қысым, Па; ρ -айдалатын сұйықтың қысымы, кг/м 3 ; -сұйық көтерілуінің геометриялық биіктігі, м; -сорушы жəне айдаушы линия бойындағы туындайтын барлық жергілікті кедергілірді жоюға жұмсалатын тегеурін мөлшері, м; g = 9,81 м/с 2 – еркін түсу үдеуі.
Теңдеу бойынша насостың тегеуріні үш қосындыдан құралады: сұйықтықты көтерудің геометриялық биіктігінен, тегеурінді жəне қабылдаушы ыдыстар қысымдарының айырымын жеңетін күштен жəне сорушы мен айдаушы құбыршалардың жалпы гидравликалық кедергісінен.
Негізінен теңдеуді технологиялық қондырғыларға насостарды таңдап алу кезінде қолданады. Насостарды жобалау кезінде тегеурінді есептеу үшін қолданады.
Насос қозғалтқышы пайдаланатын қуат, кВт:

Мұндағы Q -насостың көлемдік өнімділігі, м 3 /с; ρ -айдалатын сұйықтың тығыздығы, кг/м 3 ; η – насос қондырғысының ПƏК.
Қозғалтқышқа түсетін ауыртпалықты ескере отырып, қондырғыға біршама артық қуаты бар қозғалтқыш орнатылады:

мұндағы β -артық қуат коэффициенті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет