Поршенді сорғылар
Поршенді сорғылар сұйық өзі алып тұрған көлемнің мезгілімен өзгеріп тұруы әсерінен орын алмасатын көлемдік ағызғыш болып табылады.
Бір жақты әсер ететін поршенді сорғының нобайы 5.1.ә-суретінде көрсетілген.
Поршен оңға жылжығанда оның сол жағындағы көлем ұлғайып, цилиндрдің іші К1 сору клапаны арқылы сұйыққа толады. Бұл кезде цилиндрдің клапандық қорабындағы қысым (Р4-1) атмосфералықтан төмен, себебі сору желісінде гидравликалық кедергі бар және әдетте сорғы сұйықты өз өсінен төмен деңгейден сорады.
«1» нүктесінде поршен бағытын өзгертіп, К1 клапаны жабылады, цилиндр ішіндегі қысым бірден артады (Р2), К2 клапаны ашылып, поршен «2» нүктесінен солға жылжығанда тұрақты Р2 қысымымен сұйық тегеурінді желіге беріледі. «3» нүктесінде поршен тағы бағытын өзгертеді, қысым «3-4» құбылысы бойынша бірден азайып, цикл тұйықталады да қайталанады. Цилиндр ішіндегі қысымның теориялық өзгеруі «теориялық индикаторлық диаграмма» деп аталады (5.1, а-сурет).
Нақты индикаторлық диаграмма 5.1, б-суретте көрсетілген. Мұнда сығу және сору құбылыстары бірден іске аспайды (себебі К1, К2 клапандардың белгілі бір ашылу, жабылу жылдамдықтары бар) және беру, сору құбылыстарының бас кезінде қысымның тербелісі орын алады. Оның себебі -клапандардың инерциясының бар болуы мен олардың өздері жауып тұрған орындарына жабысып қалуында.
Поршенді сорғылардың берісі. Берістің бір қалыпсыздығы
Поршенді сорғының берісі жұмыстық цилиндрдің өлшемдерімен, цилиндрлер санымен және айналу жиілігімен немесе поршеннің жүріс санымен анықталады.
Егер поршен бір жағымен ғана жұмыс істейтін болса және қозғалтқыштан қисық білікті-бұлғақ арқылы іске қосылатын болса (5.1,ә-сурет), сорғының берісі мынаған тең болады
Поршенді сорғыда сұйық поршеннің артынан сорылады да, тегеурінді желіге сол поршеннің өзімен ығыстырылып шығады. Егер сұйық
сығылмайтын болса, ол қатаң түрде поршеньнің соңынан жүріп отырады. Ал
поршен айналшықты -бұлғақтан қозғалыс алатын болса, онда оның өзі де, соңындағы сұйық та бірқалыпсыз қозғалады.
5.1, ә-суретіндегі сорғыдағы сору құбылысын қарастырайық.
Vn= ,
мұндағы - айналшықтың бұрыштық жылдамдығы.
Поршеннің үдеуі
.
5.1,всуретіндегі Vn жылдамдығының өзгеруін сорылған сұйық көлемінің өзгерісі ретінде де санауға болды. Сұйықты беру диаграммасы осылай өзгереді деп санауға болады. Сұйықты беру диаграммасы осылай өзгереді, тек кері бағытта демек, поршенді сорғыда сұйықты сору және беру құбылыстары бірқалыпсыз түрде -синусоида бойынша іске асады. Мұның барлығы поршеннің үлкен үдеулері кезінде сұйықтың екпіндік күштерінің пайда болуына әкеліп соғады. Сондықтан жоғары айналу жиіліктерінде екпіндік күштер үлкен шамаға ие болып, ағынның тұтастығын және сорғының қалыпты жұмысын бұзуы мүмкін. Оның үстіне сорғының бір қалыпсыз сұйық беруі айналасындағы құбырлар жүйесінде де теріс әсер етеді.
Сондықтан поршендік сорғыда сұйық берісінің бір қалыпсыздығына қарсы бірнеше тәсілдер қолданылады:
-ортақ иінді білікке бірнеше поршендері орналастыру;
-екі жақты әсерлі поршендерді қолдану;
-сору құбырында ауалы қалпақтарды орналастыру және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |