Поршенды компрессорлар. Компрессорлар түрлері. Поршенды компрессорлар поршенның бір екі қозғалуынан сору және айдау саны бойынша қарапайым және қос әрекет ететін компрессорларға бөлінеді. Әрекеті қарапайым компрессорда поршенның бір екі қозғалысынан бір сору және бір айдау, ал қос әрекет ететін компрессорда -екі сору және екі айдау жүзеге асады.
Сығылу сатысы деп компрессорлы машинадағы газдың соңғы немесе аралық қысымға дейін сығылатын бөлігін айтады (бұл келесі баспалдаққа түсер алдына өтеді).
Саты саны бойынша поршенды компрессорлар бір сатылы және көп сатылы болып бөлінеді. Олар көлденең немесе тік болуы мүмкін.
Бір сатылы сығу. Бір сатылы компрессорда газ қатарынан жұмыс істейтін бірнеше цилиндрде немесе бір цилиндрлі соңғы қысымға дейін сығылады. Бірнеше цилиндрде жұмыс істейтін бір сатылы компрессорлар цилиндрлі деп аталады.
Әрекеті қарапайым бір сатылы көлденең компрессор. Олар цилиндрдан 1 тұрады, мұнда поршень 2 қозғалыста болады, поршень тығыз поршенді сақиналармен қамтылған. Цилиндр бір жағынан қақақпен жабылған, бұнда сорушы клапан 3 мен айдаушы клапан 4 орналастырылған. Поршень шатунмен 5 және кривошиппен 6, білікте орналасқан маховикпен 7 тікелей қосылған. Поршеннің шатунмен мұндай қосылысында құрылғыда жылжыманың болуы қажетсіз. Поршеннің шатунмен тікелей қосылғанм компрессорлар крейцқопсыз деп аталады.
Поршень оңнан солға қозғалғанда цилиндр қақпағы мен поршень арасындағы кеңістікте қысым пайда болады. Сору жолында қысымның әртүрлігі әсерінен 3 клапан ашылады және газ цилиндрге келіп түседі. Поршень солға жылжығанда соушы клапан жабылады, ал цилиндрдегі газ поршеннің көмегімен қандай да бір қысымға дейін сығылады, бұл жағдайда 4 клапан ашылып, газ айдаушы құбырға жіберіледі. Бұдан кейін цикл қайталанады.
Әрекеті қос бір сатылы компрессор. Мұнда газ 1 цилиндрде поршеннің 2 жағынан да алма -кезек сығылады. Поршеннің бір қос жүрісінде екі рет сору және екі рет айдау болады. Цилиндр екі сорушы клапанмен 3 және екі айдаушы клапанмен 4 қамтылған. Қос әрекет ететін компрессорлардың құрылғысы күрделі, бірақ өнімділігі әрекеті қарапайым компрессорларға қарағанда екі есе жоғары.
Өнімділікті жоғарылату сонымен бірге әрекеті қарапайым немесе қос цилиндрлі компрессорларда жүзеге асырылады.