32
Қалыпты жағдайда өсу интенсивтілігін сипаттау үшін Qx мөлшері емес, биомасса
бірлігіне есептелген меншікті өсу жылдамдығы µ пайдаланылады (биомассаның өсуі клетка
концентрациясына пропорционал):
µ = Q
x
/X = dX/Xdt
Экспотенциалды фазада, өсу еш кедергімен шектелмеген жағдайда, µ тұрақты болады
да биомасса өсуі келесі формуламен суреттеледі
dX/dt = µx
µ мөлшерінің өлшемі - (с
-1
) немесе (мин
-1
), микробиологиялық процестер жылдам
жүрмегендіктен бірінші жағдай жақсы. Өсудің меншікті жылдамдылығы микроағзалардың
түріне байланысты əр түрлі болады.Көп бактериялар үшін ол көп шамада болады да 0,5 – 1,0
с
-1
ге дейін жетеді. Саңырауқұлақ жəне актиномицет үшін өсу жылдамдығы 0,1-1 с
-1
-ден
аспайда, ал микро су өсімдіктері жəне өсімдік жəне жануар клеткалары үшін 0,01с
-1
деңгейінде болады.
Енді, ферментация процесінің екінші параметрі – субстрат концентрациясын S
қарастырайық. Субстрат қолтанылатындықтан уақыттың өтуімен концентрациясы
төмендейді, ақырында микроағзалардың жасушаларының əрі қарай өсуі тоқтайды.
Биомасса жылдамдығына сай кинетикалық сипатты шаманы енгізуге болады:
Достарыңызбен бөлісу: