Дəрі Кіріспе. Биотехнологиялық процесстер жайында түсінік. Биотехнологияның даму сатылары. Халық шаруашылығының əр түрлі саласындағы биотехнологияның ролі


Фермент  иммобилизациясының  əдістері



Pdf көрінісі
бет53/66
Дата25.12.2021
өлшемі1,69 Mb.
#104931
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   66
Байланысты:
Osnovy-BT-kaz.

Фермент  иммобилизациясының  əдістері. 

Ферментті 



тұтынушыға 

(носитель) 

бекітудің бірнеше əдістері бар: 

1.

 



Тұтынушыдағы  адсорбция 

–  тұтынушы  ретінде  неорганикалық  материалдар  (шыны, 

силикагель,  бентонит,  аллюминий  оксиді,  титан  диоксиді  т.б.),  табиғи  полимерлер 

(целлюлоза,  коллаген),  синтетикалық  полимер  (нейлон,  полиэтилен,  полипропилен) 

қолданылады.  Биокатализатор  жəне  тұтынушы  арасындағы  байланыстың  мехенизмі  жəне 

беріктігі əртүрлі, жай химиялық ковалентті байланыстан физикалық адсорбцияға дейін. 

2.

 

Агар-агар, альгинат, карагинан 



геліне қосылу

. Фермент молекулалары гельдің тесіктеріне 

(пора)  кіріп  алады.  Субстрат  жəне  реакция  өнімінің  молекулаларымолекулалық  диффузия 

арқасында гельге енеді. 



3.

 

Бифункциональдық   реагенттердің   көмегімен   фермент   молекулаларының     



көлденең 

«тігісі»(«сшивка»)

.  Ерітіндіде  фермент  молекулалары  еркін  орналасады,  белгілі  бір 

реагенттердің  көмегімен  өзара  əртүрлі  бөліктерімен  байланысады.  Белсенді  фермент 

молекулалары  бар  кеңістіктік  қоспа  пайда  болады,  субстрат  жəне  реакция  өнімі 

молекулаларының диффузиясы үшін ыңғайлы кеңістік туады. 

4.

 



Жартылайөткізгіш  капсулаларға  қосылу.

Капсула  ішінде  ферменттің  коллоидтық 

ерітіндісі  болады.  Капсуланың  сыртқы  қабығы  айтарлықтай  мықты,  ферментті  өткізбейді, 

бірақ өнім мен субстратты өткізеді. 

5.

 

Фермент сополимеризациясы жəне полимер-тұтынушы. 



Гельге енгізуді елестетеді, бірақ 

матрица  полифункциональды  реагент  жəне  фермент  сополимеризациясы  жолымен  түзіледі. 

(фермент геьдің «жасушасында» ғана орналасып қоймай, сондай-ақ онымен байланысқан). 

6.

 



Физикалық араласу 

– фермент пен тұтынушы ұнтақтың араласуы. Əдіс сондай қарапайым, 

бірақ  соншалықты  сенімді  емес.  Фермент  тұтынушыдан  бөлініп  қалуы  жəне  ерітіндіге 

ауысып кетуі ықтимал. 

Иммобилизация  əдістеріне  баға  бергенде  алынатын  биокатализатордың  үш  сипаты 

есепке  алынады:  1) 



иммобилизация  кезінде  белсенділігінің  жоғалуы

.  Мойындау  керек 

иммобилизация  –  бұл  ферментке  зорлық  көрсету.  Бұл  əсіресе  иммобилизация  процесін 

химиялық  реагенттерді  пайдаланып  жүргізгенде,  ферменттер  үшін  рН  көрсеткіші  мен 

температура  шектен  тыс  ауытқығанда  байқалады.  Сондықтан  иммобилизациядан  кейін 

ферменттің  белсенділігі  бастапқымен  салыстырғанда  төмендейді.  2) 



биокатализатордың 

тұрақтылығы. 

Бұл  фермент  молекулаларының  деградацияға  қарсы  туру  қабілеті.  3) 



биокатализаторлардың белсенділігі. 

Бастапқы фермент қаншалықты белсенді болғандығына 

тəуелді.  Ферментті  биокатализаторға  қаншалықты  мол  жəне  жақсы  «енгізуге»  мүмкіндік 

болды. 


Биокатализаторлардың  сапалық  бағасы  əртүрлі  қарама-қайшылықта  болады. 

Экономикалық негізі жағынан салыстырып таңдауға тура келеді: биокатализатор қанша өнім 

береді жəне өнімділігі жəне құны қанша болады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет