Ақмола облысы
Көкшетау қаласы
Аманкелді орта мектебі
Кенес Мөлдір Мұратқызы
10-сынып
Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеті
Бағыты: Салауатты қоршаған орта және Қазақстан-2030 стратегиясын іске асырудың негізі
Секция: Биология
Ғылыми жетекшісі: Кемалов Абзал Аманкелдіұлы.
Көкшетау
2015
МАЗМҰНЫ
Аннотация...........................................................................................................3-4
КІРІСПЕ.................................................................................................................5
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Қазақстандағы дәрілік өсімдіктерге жалпы шолу
Дәрілік өсімдіктерге жалпы сипаттама...........................................................6
Еліміздегі фармацевтика саласының дамуы.................................................12
Дәрілік өсімдіктерді пайдалана отырып, аурулардың алдын алу жолдары............................................................................................................15
Дәрілік өсімдіктерден дәрі-дәрмек жасау, емдік қасиеттері.жергілікті халықтың пайдаланылуы
2.1 Дәрілік өсімдіктерден тұнбалар дайындау...................................................19
2.2 Жергілікті жердегі дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеті..............................21
2.3 Жергілікті халықтың дәрілік өсімдіктерді пайдалануы...............................24
III.Зерттеу нәтижелері
3.1. Дәрілік өсімдіктердің басқа дәрілерден айырмашылығы және емдік қасиеттерін анықтау..............................................................................................25
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................27 ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ............................................................28
ҚОСЫМШАЛАР
Аннотация
Зерттеу жұмысының мақсаты: Дәрілік өсімдіктердің адам өміріндегі маңыздылығы, пайдасы және дәрілік өсімдіктермен емдеу жолдарын зерттеу.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
Қазақстан аймақтарында өсетін дәрілік өсімдіктерді зерттей отырып, олардың адам, қоғам өміріндегі маңызын ашу.
Бұл өсімдіктердің таптырмайтын емдік көзі екенін дәлелдеу.
Олардың өсетін жерлерін, өсу ерекшеліктерін анықтап, қоршаған ортаны таныту, олардың адам өмірінің арашасы екеніне көз жеткізу.
Болжамы: Өз елімізде өсетін дәрілік өсімдіктердің ерекшелігін, емдік қасиетін терең зерттеп білсек, онда көптеген аурулардың алдын алар едік.
Зерттеу пәні: Биология
Зерттеу обьектісі:Қазақстандағы дәрілік өсімдіктер
Зерттеу әдістері: іздену, зерттеу, баяндау, талдау, сауалнама
Нәтижесі: Дәрілік өсімдіктердің көптеген ауруға ем-шипа, құрамында адам ағзасына қажетті минералды заттарға және дәрумендерге бай екенін білдік.
Дәрілік өсімдіктерді насихаттау барысында, ауылдық медицина қызметкерлерінің кеңесімен, ауыл тұрғындары пайдалануда.
Abstract
Aim of work research: Medicinal plants importance in life of man, benefit and to investigate lines by treatment medicinal by plants.
Duties of work research:
- Investigating medicinal plants, that grow on edges of Kazakhstan, them man, to open importance in life of society.
- , It plants compel to find curative source, to ground.
are Places, on that they grows, features height surrounding environment educing, to show itself, they disjoint life of man, to convince.
prognosis : country grows medicinal plant feature, curative quality investigates deeply knows, me increases patient anticipates is.
Object research: Biology
To Investigate the object: Kazakhstan medicinal plants
Methods research: to engage in a search, to investigate, to give a report, to discuss, questionnaire
Result: Medicinal plants to the patient, that increased, for treatment means-treatment, in composition necessary to the organ of man mineral things and we, дәрумендерге is a husband, knew.
Medicinal plants in motion propaganda, by an aul by adviceoffice workers of medicine, habitants of aul use.
Кіріспе
Сонау есте жоқ ерте замандарда адамзат баласы дәрі-дәрмек деген дүниені мүлде білмейтін. Олар өздерінің сырқаттарынан айығу үшін халықтық амал-тәсілдердің көмегіне жүгінетін еді. Сондықтан да, шөптерден жасалған дәрілер бүгінге дейін маңызын жоғалтпай келеді. Және де дәрілік өсімдіктер адам денсаулығына ине мен дәрі-дәрмекке қарағанда, әлдеқайда қауіпсіз келеді. Себебі, таблеткалардың құрамында сіздің ағзаңыз қабылдай алмайтын химиялық заттар болуы мүмкін. Бірақ біздің айтқымыз келгені бұл емес еді...
Адамзат қоғамының дамуының ең алғашқы дәуірлері кезінде адам баласының негізгі корегі өсімдік болған. Алуан түрлі жемістерді, өсімдік тамырларын, түрлі-түрлі гүлдерді, шөптерді жинай жүріп, адам тамағын тойғызып қана қоймай, сонымен қатар әртүрлі аурулар азабынан құтылу жолдарын іздестіре бастаған. Сөйтіп, өсімдіктің шипалық қасиетін зерттеп білуге адамды өмірдің өзі жетектейді. Оның алғашқы аптекасы орман мен дала болды.
Біздің Қазақстанда дәрілік өсімдік түрі өте көп. Олар: адыраспан , арша, қалақай, жолжелкен, шайқурай, асқабақ, сәбіз, пияз, т.б. осыларды адам ауруларына тиімді пайдалану кажет.
Біздің халқымыз ерте замандардан бері дәрілік өсімдіктердің құпиясын білген, әрі оларды әртүрлі ауруларды емдеуге шебер қолданып келген.
«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деп халқымыз бекер айтпаған. Дәрілік өсімдіктер есігіміз алдында өсіп тұр, тек пайдалануымыз керек.
Біле білген адамға осының өзі қаншама байлықтың көзі деп айта аламыз. Алайда оған өз деңгейінде назар аударып жүрген ешкімнің жоқтығы қынжылтады. Болмаса, қытайлар секілді біздің де өз емдеу тәсіліміз арқылы әлем жұртшылығының алдында абыройымыз асқақтар еді ғой. Қазақстанда дәрілік өсімдіктермен емдеу ісіне медицина тарапынан күні бүгінге дейін өз бағасы берілген жоқ. Осының салдарынан жұртшылық оны тұтыну ісіне қорқа қарайтыны шындық. Себебі, кезінде жүргізілген саясаттың салдарынан дәрілік өсімдікпен емдеу деген ескіліктің қалдығы секілді болып жұрттың жадында жатталып қалған. Дегенмен, осы істі әрі қарай дамытып жүрген елдер бар.
Негізгі бөлім
I.Қазақстандағы дәрілік өсімдіктерге, фармацевтика саласының дамуы және пайдалану жолдары, емдік қасиеттеріне жалпы шолу
1.1Дәрілік өсімдіктерге жалпы сипаттама
Дәрілік өсімдіктер (лат. Plantae medicinalis) , шипалы өсімдіктер –медицинада және мал дәрігерлігінде емдеу және аурудың алдын алу мақсатында қолданылатын өсімдіктер. Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеті олардың құрамында стероид, тритерпен, алкалоид пен гликозидтердің, витаминдердің, эфир майлары мен тұтқыр заттар сияқты түрлі химиялық қосылыстардың болуына байланысты. Қазақстанда өсетін алты мыңнан астам өсімдік түрінің бес жүздей түрі дәрілік өсімдіктерге жатады.Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі.Дәріні көбінесе жабайы өсімдіктерден алады . (Қосымша №1 суреттер)
Дәрілік өсімдіктер кептірілген шөп, тұнба, қайнатынды, шай, ұнтақ, т.б. түрінде қолданылады. Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі. Дәріні, көбінесе, жабайы өсімдіктерден алады. Көптеген өсімдіктердің емдік қасиеттері бар. Оларды дәрілік өсімдіктер дейді. Осы заманғы кейбір ең таңдаулы дәрілер жабайы шөптерден жасалған.
Соған қарамастан адамдар пайдаланып жүрген дәрілік шөптердің бәрі бірдей медициналық тұрғыдан өз бағасын алған жоқ, ал ондай шөп қолында барлар көбіне оны қате пайдаланады. Өз өлкеңіздегі осындай шөптерді зерттеуге тырысыңыз және қайсысының емдік қасиеті бар екенін анықтаңыз.
Кейбір дәрілік шөптер, егер оларды ұсынылғанынан артық мөлшерде қабылдаған жағдайда, өте улы келеді. Бұл орайда, осы заманғы дәрілер әлдеқайда қауіпсіз, себебі олардың мөлшерін оңай анықтауға болады.
Қазақстанның оңтүстік шекарасын солтүстіктен бөліп, 1800 шақырымға созылып жатқан аймағын орманды даланың, жазықтардың, шөл және шөлейт жерлердің алып жатқаны, Республикамыздың батысында Каспий теңізінің, шығысында Алтай жоталарының, оңтүстігінде Тянь-Шанның биік шыңдарының орналасқаны мәлім. Қасиетті қазақтың осынау дархан даласы мен орман, тоғайында 6 мыңнан астам өсімдік түрі бар.
Адамзат тіршілігінде өсімдіктер дүниесінің маңызы өте айрықша. Бағзы заманнан-ақ ата-бабаларымыз өсімдіктерді зерттеп, танып-біліп, оларға ат қойып, жеміс-жидектерін, дәндерін азыққа, жапырақ, сабақ, гүл, тамырларын дәрі-дәрмекке, тері илеуге, түрлі нәрселерді бояуға пайдаланған. Өсімдіктер-оттегін бөлуші, табиғат көркі, дәрілік шикізат, мал азығы, тағамдық өнім. Алайда өсімдіктердің ішінде улылары да аз емес. Оны тұрғын халық білмесе, малдарын, өздерін уландырып алуы да мүмкін.
Халық емшілерінің тәжірибесінен Қазақ даласында дәрілік өсімдіктерді жетік білген, онымен малды да, адамды да емдеп, жаза алған атақты тәуіптер болған. Солардың бірі – Найманның Қыржы руынан шыққан Ырғызбай емші Досқанұлы. Ол кезінде ұлы Абайдың әкесі Құнанбай қажыны дәрілік өсімдіктермен емдеп жазады. Халық емшісі 1787 жылы Тарбағатай өңірінде дүниеге келіп, 1850 жылы «Мыңжылқы» құдығына таяу маңдағы күзеуде қайтыс болады. Ырғызекең бала жасынан емдік шөптерге үйір болса керек. Емші шипалы тамыр – шөптерді жаз, күз айларында, әбден толысып-жетілген шағында жинайтын көрінеді. Әрине, әрбір шөптің теру тәсілі, сақтау ережесі бар ғой. Бір шөпті таңғы шық кеппей тұрып жинау қажет болса, екіншісін тек қана кешкілік терген дұрыс. Және де оларды шіліңгір аптапта тамырынан ажырату оның емдік қуатын әлсіретеді. Ырғызбай емші өсімдіктердің шипалы тамырларын жаңбырдан кейін, қараңғы түсе жұлып жинаған да, күн сәулесі түспейтін көлеңкеде, самал есетін, тыныс алатын орындарда кептіріп, дайындаған.
Ырғызбай емшінің кезінде айтып кетуі бойынша, кейбір шөптер мен тамырлар аралас кептірілсе, сақталса күш-қуатын жоғалтады екен. Ол сол себепті шөп, тамырларды бөлек-бөлек сақтайтын үш қанат күркені алдын-ала дайындап, оған сөрелер орналастырған, қапшықтар мен қалталар әзірлеп, оны керегеге іліп қойған. Емшінің шипалы өсімдіктерден дәрі-дәрмек жасайтын ыдыстары мынандай болыпты: ағаш тостағандар мен шойын шөң-келер, күміс тегештер мен мүйіз тостағандар, аршаға ысталған мойнақ торсықтар мен жез құтылар, емдік майларды сақтайтын сүйек ыдыстар, сұйық және тұнбаларды құятын басқа да қажетті заттар. Дәрі-дәрмектердің мөлшерін анықтайтын нәзік таразысы да болған. Дәрі-дәрмектер дайындау барысында Ырғызекең жылқының қылы мен түйенің шудасын, тарамысты да пайдаланыпты. Бір рет Шәуешек жақтан бір қарт емші оның үйіне келіп Тарбағатайдың теріскейіндегі күн түспейтін сулы қойнауларында емдік қасиеті өте күшті адам бейнелі өмір тамыры болатынын, хансулардың оны женьшень дейтінін, осы кісі шөпті іздеп табуын өтінеді. Ырғызбай емші оны көп жыл бойы іздеп, ең соңында Түйемойнақ шыңының сулы жықпылынан табады. Сөйтсе, ол жасылтым жапырақтары жайылған, қызғылтым сабағының ұшында шоқ жемістері мөлдіреп тұрған, бәкене бойлы ерекше өсімдік екен.
Атақты Ырғызбай емші шипалы өсімдіктердің гүлінен, жапырағынан, тамырынан дәрі-дәрмек жасағанда олардың қандай ауруға қалай қолданғанда ем болатынын табиғи түйсікпен біліп, дамытқан. Емшінің үйінен қысы-жазы кенекұнжұт, түймешетен, адыраспан, долана, көккекіре, суқалампыр, қарандыз, киікот, шайқурай, тікенжиде, тәуіпдәрі, томардәрі, қасқыртамыр мыңжапырақ, жаушүмілдік тәрізді өсімдіктер үзілмеген. Ол улы шөп-тамырларды аса сақтықпен жіңішке ауруларға, тері ауруларына, күйікке қолдана біліпті. Құнанбай қажы ауруынан емдеп жазуға шақыртқанында, Ырғызбай емші қоңыр аюдың өтін бауырымен қоса алып, мейіздей етіп кептіріп, марал, бұғы, киік мүйіздерінен жасаған дәрілерін реттеп, әбден қайнатып тазартқан, мумиесін мысқал–мысқалға бөліп, дайындапты. Ол Құнанбай қажының өт жолының да бұзылғанын біліп, өзіне арнап тігілген киіз үйде жеті, қырық бір, жүз үш түрлі шөптен, қырық бір түрлі жапырақтан, гүл мен тамырдан дәрі жасап, оны жылқының іш майына араластырып қайнатып, жеті түрлі дәмнен тосап дайындайды. Тосапқа аю өтінің тарыдайын екі-үш сүйкеп, жиі-жиі ішкіздіртіп, қырық күн емдеп, Құнанбай қажыны ауруынан жазып алады. Құнанбай қажының өтінішімен Сыбан еліндегі ақын Түбекті де емдеп, қатарға қосады. Содан Сұртай ақын Ырғызбай емшіні былайша жырға қосады:
... Ырғызбай елге әйгілі тәуіп еді,
Құнекеңе шипалы ем тауып еді.
Ажалдан Құнанбайды
алып қалды,
Әйтпесе, басқа төнген қауіп еді...
Құнекең сыйға тартқан сол биені,
Сусынға неше жылдай сауып еді.
«Емші» өсімдіктер тарихынан
Республика териториясынан 6000-ға жуық өсімдік түрлерін кездестіруге болады. Олардың түрлерінің көптігі жөнінен Қазақстан одақ көлемінде бірінші тұр. Өсімдіктер дүниесінің осындай молдығына байланысты олардың ішіндегі дәрілік өсімдіктің зерттеудің маңыздылығы айтпаса да түсінікті.
Мал бағумен ақылым заманнан айналысқан қазақ халқы шөптердің, жалпы өсімдіктердің емдік, дәрілік қасиеттерін ертеден білген. Сөйтіп ел арасында ауруға шалдыққан адамдарды дәрілік өсімдіктермен емдеу ілгеріден-ақ кеңінен таралған.
Ертеде өмір сүрген әл-Фараби, Әбу Әли Ибн Сина, Баруни әл-Джуржани және орта ғасырларда өмір сүрген тағы да басқа Шығыс ғалымдарының қазақ халық медицинасының дамуына әсіресе дәрілік өсімдіктерді танып пайдалануына еткен ықпалдары зор болды.
Әр облыстың, аймақтың, халық дәрілік өсімдіктердің әр түрлі қасиеттерін өздерінше пайдалануы да мүмкін. Оның да жөні бар. өйткені кейбір өсімдіктердің бірнеше түрлі дәрілік қасеттері бар.
Қазақ емшілерінің ауру - сырқауларымен ұзақ жылдар күресу барысында қолданып келе жатқан алуан түрлі дәрі - дәрмектердің қайнар көзі – ұлы табиғатты өсімдіктер дүниесі.
Өсімдіктердің сабағы, тамыры, гүлі, жапырағы, қабығы, жемісі шәйірі және тұқымынан дәрі - дәрмек жасалады. Қазақ емшілерінің қолданатын дәрілерінің басым көпшілігі - өсімдіктер. Өсімдіктердің әрбір бөлігінің, мәселен, тамыр, сабақ, жапырақ, гүл, жеміс тұқымдарының дәрілік қуаты әртүрлі болып келеді. Сондықтан оларды емдік қуаты ең күшті болатын мезгілде жинағанда ғана сапалы дәрі - дәрмек алуға болады.
Алтын тамыр. Сабағы тік өсетін, көп жылдық шөп тектес өсімдік. Дәрілік шикізат ретінде оның барлық түрінің тамыры жиналады. Дұрыс жиналып, сақталған бұл өсімдік тамыры 2,5-3 жылға дейін шипалық қасиетін жоймайды. Алтын тамырдың құрамындағы экстракт ағзаның дене жұмысына шыдамдылығын арттырады, жүрек-қан тамырлары жүйесін жақсартады, жоғарғы жүйке жүйесінің ырғағына жағымды әсер етеді, қан қысымын реттейді. Оны орнымен қолданбаса, кейбір адамдардың қан қысымын арттырып та жібереді.
Адыраспан. Дәрілік шикізат ретінде шілде айында бұтақшаларын, жапырағы мен гүлін жинап алады.
Ол – улы өсімдік. Халық емшілері адыраспанды адамның құяңын, сегізкөздің жүйке ауруын емдеуге пайдаланған. Мал дәрігерлік тәжірибеде оның тұнбасымен малдың қышыма қотырын, түрлі тері ауруларын емдейді.
Арша. Оны кәдімгі арша, ем арша деп те айтады. Биіктігі 1-3,5 метр, қысы-жазы көгеріп тұратын, бұталы өсімдік. Қара күзде өсімдіктің піскен жемісі (қаракөк түстілері) жинап алынып, ашық жерде ептеп кептіреді. Халық емінде арша жемісі ежелден-ақ несеп айдайтын және қуықтың қабынуын басатын дәрі ретінде қолданылып келеді. Аршамен тіс тазалау пайдалы.
Ащы мия. Оны ақ мия деп те атайды. Көп жылдық шөп тектес өсімдік. Бүкіл шөбі мен тұқымы дәрі. Басты ем болатын аурулары: жедел және созылмалы дизентерияға; асқазан ауырып, аздап запыран құсқанда; шиқан, сыздауық және басқа жарақаттың іріңдеуіне, жараларға; қышыма, бөріткен, ескілікті теміреткіге; ақ кір көп келуге. Улы дәрі. Абайлап қолдану қажет.
Ащы қарбыз. Көп жылдық өрмелегіш сабақты өсімдік, ұзындығы он сантиметрдей. Тамыр түйнегі етті, сабағы көп бұтақты, мұртша ширатылып өседі. Басты ем болатын аурулары: кеңірдекшелердің созылмалы қабынуына; кеуде толып, тынышсызданып ауырғанда; жүрек шаншып ауырғанда; емшек безінің шұғыл қабынуына; жұтқыншақ ауырып, үн қарлығуына. Ащы қарбыз тамыры қанды несеп ауруына ем болады.
Арпа. Бір жылдық шөп тектес дақыл. Халық медицинасында бойға қуат беретін арпа дәнінің қайнатпасы асқазан мен ішек ауруларын, денедегі бөртпелерді жазып, бүйректегі тасты түсіріп, қуықтың қабынуына ем.
Дәрмене жусан. Онымен емдеу ғылыми медицинаға қосылған үлкен үлес. Қазақтың халық емшілері ішек құрты ауруына қарсы қолданған. Бабаларымыз бұл өсімдікті атам заманнан бері шет елдерге сауда керуендері арқылы көп мөлшерде жіберіп отырды. Қара жусанның тамырын тәбет ашуға, ішек, асқазан, бауыр, өт қалтасы ауруына пайдаланады.
Женьшень. Ол тіршілік тамыры саналады. Аралия тұқымдасы панак туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Биіктігі 50 сантиметрдей, тамыры жуан, бұтақталған, сыртқы қабығы ақ, қатты. Өте баяу өсіп, 10-11 жылдан кейін жеміс береді. Оның тамырында тритерпен глюкозидтері (сергіткіштік қасиеті бар) кездеседі. Женьшеньнің тамырынан дайындалған дәрі-дәрмек, ұнтақ, тұнба медицинада организмнің жалпы тіршілік қа-білетін, ауруға төзімділігін арттырып, кейбір жүйке және жүрек – қан тамыры ауруларын емдеуге қолданылады.
Мойыл. Биіктігі 3,5-8 метрлік, ағаш немесе бұталы өсімдік, жемісі – қара сүйекше. Дәрілік шикізат – жемісі. Жеміс тұнбасы жас бұзаулардың іш өтуін тоқтатады. Шыбын-шіркей, кене т.б. зиянкестерді қыру үшін ағаш қабығының тұнбасы пайдаланылады. Ол үшін ағаш қабығының 100 граммы 5 литр суға ерітіліп, шыбын-шіркейі мол жерге шашылады.
Марал шөп тамыры. Бұғылар күз, көктемде бұл өсімдіктің тамырын тұяғымен қазып жейтін болғандықтан, оны марал шөп тамыры деп атап кеткен. Тамыры қысқа, ірілеу, шашақталған, гүлдері – көк, көкшіл түсті, шар тәрізді тостағанша құрып, сабақтың ұш жағында жеке-жеке орналасқан. Оны мақсыр деп те атайды. Халық ертеден бері «алтын тамыр», женьшень тәрізді әл беретін дәрі ретінде пайдаланған.
Қара пышақ, күшәла. Қара пышақ – биіктігі 20-40 сантиметр болатын, көп жылдық шөп тектес, жартылай улы өсімдік, гүлінің ішкі беті қара түсті. Өзбектер оны күшәла деп атайды. Ортаңғы қабыршақ жапырақтың ішінен ұзындығы 5-8 сантиметр болатын, қарындаш тәрізді өзекше өсіп шығатын болғандықтан, орыстар оны карандаш дейді. Медицинада осы өсімдік тамырынан дәрі жасап, онымен өкпе туберкулезін емдеп келеді.
Тобылғы. Раушан гүлділер тұқымдас, көп жылдық, шөп тектес өсімдік – тобылғының тұнбасы, майы көп ауруға ем. Гүлінің, жапырағының тұнбасымен малдың бүйрек, қуық ауруларын, асқазан – ішектің түйілуін, денесіндегі түрлі ісіктерді емдейді. Тобылғы майын малдың, адамның ісіп кеткен буындарына, сырқырап ауыратын тұстарына жағып, сырқатын жазады.
Қарандыз. Сазды жерде өседі. Түбін дәрі ретінде пайдаланады. Жөтелгенде түбірін аршып ауызға салады.
Жербауырсақ. Жусанға, басқа шөпке жабысып өседі, бауырсаққа ұқсас. Оны қуығы тұтылған адам емге ішеді.
Шырғанақ. Бұтағы тікенді, аса жуан емес, іші сары қатты ағаш. Оны ыстық-суық болып ауырғанда емдік дәрі ретінде қолданады.
Шетен. Биіктігі – 3-20 метрлік, жұқа сұрғылт қабықты, көп жылдық жабайы ағаш. Оның жемісін бауыр, өт ауруларын емдеуге, несеп, өт айдауға, бүйрекке және қуыққа байланған тасты түсіруге, іш жүргізуге пайдаланады.
Итмұрын. Жемісінің құрамында илік заттар, С, К, Р, Е, В тобындағы дәрумендер, каротин, қант, лимон, алма қышқылдары, аздаған мөлшерде белок, май, гликозидтер бар. Итмұрын жемісі, тұнбасы малға да, адамға да өте пайдалы.
Орман бүлдіргені. Биіктігі 5-25 сантиметр, көп жылдық шөп тектес. Жемісі шілде, тамызда піседі. Жемісі-дәрумендердің бай қоры. Асқазан – ішек жұмысын жақсартады, адамның тағамға деген тәбетін арттырады, ас қорыту органдарының қабынуын басады, бауыр, бүйрек ауруларына ем.
Өгей шөп. Биіктігі 15-20 см, күрделі гүлділер тұқымдас, көп жылдық шөп тектес өсімдік. Жапырағының астыңғы беті жұмсақ, жылы, үстіңгі беті қатты және суық болғандықтан, халық оны өгей шөп деп атаған. Халық емшілері өгей шөптен жасалған тұнбаны жөтелді басатын дәрі ретінде қолданған. Өсімдіктің құрғақ жапырағын тынысы тарылып, ентігетін адамға темекі тәрізді қағазға орап тартқызып, емдеген.
Долана. Раушан гүлділер тұқымдасына жатады, бұта не ағаш. Қазақстанда 7 түрі Алтай, Тарбағатай, Іле және Жетісу (Жоңғар) Алатауында өседі. Жемісі тамыз – қыркүйекте піседі, дәруменге бай. Долананың 50 түрі қолдан өсіріледі, ол – дәрілілік құнды шикізат. Жемісінің құрамында аскорбин, лимон қышқылдары, флавоноидтар, каротин, гиперозид, қант бар.
Долана жүректің бұлшық еттерінің жиырылуын күшейтеді, қажығанда қуат береді, қан қысымын төмендетеді.
Сүйел шөп. Көкнәр тұқымдасына жатады. Халық емшілері сүйелшөп және сүттіген шырынымен бауыр, өт ауруларын, сары ауруды емдеген.
Шай шөп. Халық оны шөп шай, сары мысық-табан алтын түсті күн сәулелі шай шөп, құрғақ гүл деп атайды. Оны медицинада өт айдайтын дәрі ретінде қолданады, бұл өсімдіктен аренарин деп аталатын антибиотик алынады.
Аскөк. Одан жасалынған дәрі-дәрмектер медицинада қан қысымын төмендетуге, қан тамырларын кеңейтуге, несеп, өт жүргізу, қақырық түсіру үшін қолданылады.
Жалбыз. Ерін гүлділер тұқымдасы, хош иісті, көп жылдық, кейде бір жылдық шөптесін өсімдік. Жалбыздың жапырағында ментол бар. Бұл өсімдіктен жасалатын дәрілер жүрек, өт жолдарын емдеуге шипалы. Ол жағымды иіс беретін әрі антисептикалық зат ретінде сұйық дәрілердің, тіс тазалығыш ұнтақтардың құрамына кіреді.
Жөке ағашы. Оның ашық сары түсті, хош иісті уақ гүлдерінің қайнатпасы мен тұнбасы микробты құртады, ісік қайтарады, несеп жүргізеді. Шипа ретінде оны асқазан, ішек жолдары, бауыр, бүйрек, қуық ауруына да қолданып, қайнатпасын күйікке, жараға жағады, жөке гүлінің тұнбасы шашты бекітеді.
Жолжелкен шырыны туберкулез, қатерлі ісікті емдеуге айтарлықтай нәтиже береді. Бір ас қасық жапырақты бір стақан қайнап тұрған суға салып 15 минут қояды да, сүзіп, тұндырмасын күніне 1 ас қасықтан 3-4 рет ішеді.
Жиі кездесетін улы өсімдіктер біздің жеріміздегі өсімдіктердің қай-қайсы да шипалық қасиетке бай. Алайда олардың ішінде улы өсімдіктерді дәрі-дәрмек ретінде пайдаланғанда аса сақтық, білімділік, тәжірибелік қажет.
Негізінен, біздің даламызда жиі кездесетін улы өсімдіктер мыналар:
1.Итсигек.
2.Көкнәр.
3.Сүттіген.
4. У қорғасын.
5.Шытыр.
6.Көкек.
7.Қызғалдақ.
8.Есекмия.
9.Қара пышақ, күшәла.
10.Үшкір азинеума.
11.Шашақ жемісті гелиотроп.
12.Батпақ қалтагүл шөбі.т.б.
1.2 Еліміздегі фармацевтикалық өнеркәсіптің дамуы
Біз ғой көбінесе дертімізге дауа іздегенде отандық дәрі-дәрмектен гөрі шетелдік қымбатына жүгіреміз. Ондағы ойымыз қымбат дәрінің берер нәтижесі де тез әрі оңды деген қағидаға сүйенгеніміз. Тіпті қайсыбіріміз дертімізге дауа болар дәріні «айшылық алыс жерлерден» ғаламтор арқылы да алдырып дертімізге дауа іздеп жүрміз. Ал күні кеше еліміздегі фармацевтік өнімдердің дестрибютерлері қауымдастығы нақ осы дәрі-дәрмек саласындағы сапаға байланысты біздің назарымызды аударған бірқатар деректерді алға тартты.
Мәселен, деректерге жүгінсек, біздің бұқара жылына 120-130 млн теңгеге жасанды дәрі-дәрмектер сатып алатын көрінеді. Демек, бұл – миллиардтаған теңгенің желге ұшып жатқанының айғағы. Желге ұшқаны – өз алдына, қып-қызыл ақшаға сатып алған дәрі дәру емес, ауруды одан сайын асқындыратын болып шықса, онда кімді жауапқа тартамыз? Біз бұл жөнінде ой қозғауды да жөн көрдік.
Жалпы, отандық сарапшыларымыздың дені «импортты дәрі-дәрмектерге трансұлттық, әлемдік проблема деп қарау керек. Бұл өнімдер елге сырттан әкелінеді деп айтамыз, бірақ қайсыбірі өзімізде де өндірілуі әбден мүмкін. Сондықтан жалпы импорт дәрі-дәрмекке қатаң бақылау керектігі, өндіріске алдымен отандық дәрі-дәрмектерді енгізу қажеттігі даусыз» деп отыр.
Сарапшыларымыз осылай деп жатқан тұста отандық ғалымдарымыз қазақстандық дәрі өнімін өндіруге, оны қолданысқа енгізуге әлі де айрықша мән берілмей жатқанын алға тартты. Мысалы, қазірде көптеген елдерде отандық дәрі-дәрмегінің сапасын ұлғайту мақсатында дәрі шығаратын ірі зауыттардың қасынан шағын зауыттар ашу үрдісі жетіліп отыр. Осы үрдіс арқылы дамыған елдер фармацевтикасын тереңдете дамытуға мән беруде. Ал бізде өкініштісі, мұндай еңбектер еленбей де жатады.
Фармацевтика саласындағы жұмыстар біздің елімізде осыдан 63 жыл бұрын басталған еді. Республикамыздың фармацевтика жүйесінде бұл күндері 12 мыңнан астам адам қызмет етсе, 5,5 мыңы жоғары дәрежедегі мамандар. Рас, Қазақстандағы медикаменттердің жиынтық нарығы шамамен 6 мың атауды қамтиды. Айта кету керек, фармацевтика өнеркәсібі ел аумағындағы дамушы сала болып тұр. Қазір республикамызда фармацевтика және медицина өнімін өндірушілердің жалпы саны 79 ірі кәсіпорын болып отыр. Осы ретте, 6 ірі зауытты бөліп айтуымыз керек. Олардың қатарында «Химфарм» АҚ, «Глобал Фарм БК» ЖШС-і, «Нобел АФФ» АҚ, «Ромат» фармацевтикалық компаниясы, «Нұр-Май Фарм» ЖШС, «Қарағанды фармацевтика кешені» бар. Сөйтіп, жоғардағы кәсіпорындардың үлесіне республикада шығарылатын барлық дәрілердің 90 пайыздан астамы тиесілі. Осы ретте, қазірдің өзінде еліміздегі ең ірі 5-6 компанияның үшеуі шетелдермен бірлесіп шығаратын кәсіпорындар. Қазақстандағы фармацевтика өнімдерін шығаратын ең ірі «Ромат» фирмасы. Прагадағы компаниямен келісім жасалса, Павлодар мен Семей қалаларында 37 млн. еуро болатын екі фармацевтикалық зауыт тұрғызуды көздеуде. Мұндай маңызды келісімдер соңғы кездері Түркия мен Польша елдерімен жасалған.
Дегенмен де, елімізде әлі де сырттан келетін дәрілер көп. Мәселен, 2011 жылы өзге елдерден 940 млн. долларға дәрі-дәрмек сатып алыппыз. Яғни, бұл елде сатылған дәрінің 86 пайызы болуда. Басқа патентсіз дәрілерді жергілікті фармацевтикалық фирмалар шығаруда. Осындай теріс құбылысты байқаған республика Үкіметі отандық өнімді 50 пайызға жеткізуді жоспарлауда. Бұл шара елімізде денсаулық сақтау саласындағы жұмсалатын шығынды едәуір қысқартады деп күтілуде. Неге десеңіз, елде фармацевтика өнімдерінің 45 пайызы қазына қаржысына алынатын болып шықты.
Респбликамыздың кең байтақ даласы, таулы-тасты өңірі, өзен-көлдердің жағасы дәрілік шөптерге бай. Сөйте тұра, дәрі-дәрмекті көбіне сырттан тасимыз. Бұған дәріханалар мен дүңгіршектерде соңғы кездері қаптаған шөп дәрілер куә бола алады.
Қазіргі дүние жүзінде шығып жатқан дәрі-дәрмектің 90 пайызынан астамының биологиялық шикізаты біздің Қазақстанда бар. Ал, еліміздің фармацевтика саласындағы отандық өндірістің үлесі 10 пайызды құрап отыр. Демек, дәрі-дәрмектің басым бөлігі әлі де шетелдердің еншісінде. Әрине, өз қолымызда болмағасын өзгенің қымбат, әрі сапасына толықтай кепілдік бере алмайтын дәрісін аламыз. Бұл мәселе жөнінде республика Президенті Н.Назарбаев алдағы уақытта фармацевтика өндірісін дамыту мақсатында ішкі сұраныстың 50 пайызын отандық дәрі-дәрмек өндірушілер есебінен қамтамасыз ету жөнінде тапсырма берді. Сондай-ақ, сырттан міндетті түрде сатылып алынатын дәрі- дәрмектер де бар. Алайда, оларды сатып алу кезінде сапасына қатаң бақылау керектігін де ескертті.
Жалпы біздің мемлекет дәрі-дәрмек жағынан ешкімге тәуелсіз болуы былай тұрсын, тіпті, оны экспорттаушы елге айналуға толық мүмкіндігі бар. Айта кету керек, бұл мәселеге жауапты органдар ел Президентінің осы мәселе жөнінде айтқан тапсырмаларын сөзсіз орындауы керек. Яғни, бірінші орында қаржылық мәселе шешіліп, шөп дәріні жинаушылар мен оны сатып алушылардың және дәрігер ғалымдардың арасында тұрақты байланыс орнауы керек. Сонда ғана, біз арзан бағадағы, сапалы дәрі-дәрмекке қол жеткіземіз.
Дегенмен де, сарапшылардың айтуынша, бұл салада бәсекелестік шешілместен келеді. Дәрі-дәрмектің жолында кедергілер әлі де көп. Қазақстанда фармацевтика нарығында өткен жылы отандық өнім 25 пайыз ғана болды. Үкіметтің биылғы жылы қол жеткізгелі отырған 50 пайыздан әлдеқайда аз. Мұнымен қатар, республикамыз дүниежүзілік сауда ұйымына кірсе, дәрі-дәрмек нарығы да өзгергелі тұр. Құдай қаласа, қараша мен желтоқсанда бұл ұйымға мүше болып қалармыз.
Ел фармацевтикасының ақсап жатқан тұстарына ЕуроОдақ Түркия, Үндістан елдерінің республика нарығындағы үстем жағдайы көлеңкесін түсіруде. Әсіресе, төменгі экспорттық әлеует, кәсіпорындардың халықаралық стандарттарға сай еместігі, қарыз ресурстарына қол жеткізу проблемалары, өнідірісте заманауи технологиялардың жеткіліксіз болуы, дәріханалар сатып алушыларға препаратты қымбат бағамен ұсыну сияқты жағдайлар жатады. Енді салаға қауіп-қатерлер неден болады деп ойласақ, фармацевтикалық және медициналық өнім импортына жол беру, шикізат экспорты мен орау материалдарына, Үндістан мен Қытайда фармацевтикалық өнеркәсіптің тез өсуі жатады екен. Сондай-ақ, Орта Азияның фармацевтика саласының жаңа өндірістік қуаты өскен сайын экспорттың төмендеуі білінуде. Яғни, Ресей, Беларусь, Украина тарапынан фармацевтикалық өнім импортының өсуі экспортты тежей түспек.
Атыраудағы дәрі-дәрмек зауытын қарастырайық. Жоба бойынша оның бірінші кезеңі бір жылдан кейін іске қосылады екен. Әңгіме зауытта қай елдің шикізаты басым болмақ? Қазақстандыкі ме, әлде Үндістандыкі ме немесе Қытайдыкі ме? Осы мәселелерді күні бұрын шешіп алған жөн. Екіншіден, шприц шығару мәселесі. Бізде шприц шығаратын зауыт бұрыннан да бар. Алайда, оның өнімі қымбат болып келеді. Нарықта екі зауыттың өнімі қатар өте ме? Үшіншіден, республикамызда дүниежүзіне шығатын дәрі-дәрмектің 90 пайыздан астамының биологиялық шикізаты бар екен. Дәрінің шөптен шығатынын ескерсек, осы байлықты неге пайдаланбаймыз? Егер республикамызда дәрі-дәрмек өнеркәсібі жолға қойылса, оның пайдасы мұнайдан түсер пайдамен пара-пар болады екен.
Фармацевтика саласындағы қазіргі проблемалардың бірі - өнімді өткізудің кепілдік нарығы әлі де жоқ. Сондай-ақ, білікті кадрлардың тапшылығы қатты сезіледі. Қазіргі таңда, барлық компаниялар фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті білікті кадрлардың тапшылығын, өндірушілер ұлттық басымдылықтың бірі ретінде осы салада кадр даярлауды, оның ішінде шетелде даярлауды қаржыландыруды ұсынып отыр.
Иә, жыл соңына дейін Қазақстанда халықаралық талаптарды сақтаған фармацевтика өнімдері өз еліміздің нарығында 50 пайыздық сатылымға қол жеткізіп қоймай, ТМД елдерінің нарығында экспортқа шығуды ойластыруда. Шіркін, бұл жоспарлар нақты жүзеге асса, дәрі-дәрмек саласы да дамыған салаға қосылар еді-ау.
Достарыңызбен бөлісу: |