Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеті


Дәрілік өсімдіктерді пайдалана отырып, аурулардың алдын алу жолдары



бет2/3
Дата25.12.2016
өлшемі0,64 Mb.
#5030
1   2   3

1.3 Дәрілік өсімдіктерді пайдалана отырып, аурулардың алдын алу жолдары

Терезеңіздің алдында өсіп тұрған,бөлме өсімдігі алоэ өсімдігінің емдік қасиетінің бірнеше ауруларға ем екенін білесіз бе.(Қосымша №2.сурет №1.2.)

Ата-бабаларымыз,өздерінің сырқаттарынан айығу үшін халықтық амал-тәсілдердің көмегіне жүгінетін еді. Сондықтан да, шөптерден жасалған дәрілер бүгінге дейін маңызын жоғалтпай келеді. Және де дәрілік өсімдіктер адам денсаулығына ине мен дәрі-дәрмекке қарағанда, әлдеқайда қауіпсіз келеді. Себебі, таблеткалардың құрамында сіздің ағзаңыз қабылдай алмайтын химиялық заттар болуы мүмкін. Бірақ біздің айтқымыз келгені бұл емес еді...

Сіздің үйіңіздің терезесінде алоэ аталатын кереметтей өсімдік өсіп тұр ма? Жоқ? Өте өкінішті. Осы жазбадан кейін алоэны өсіріңіз. Ол сізді өзінің жасыл көйлегімен ғана емес, шипалық қасиеттерімен де қуантатын болады.

Жер бетінде алоэның 300-ден астам түрі бар. Және оның әрбірінің өзіндік қасиеттері бар. Мәселен, бұта қалпындағы түрі ішкі ағзаға жақсы әсер береді, ағаш түріндегі алоэ сыртқы сырқаттарға қарсы тұра алады. Алоэ өте қарапайым, оның өсуіне ылғал мен жарық жеткілікті. Оның көбеюі де қиындық тудырмайды: ұрықпен де, бұталармен де, сабақтармен де, тіпті жапырағымен де өніп кете алады.

Білесіз бе, айдай әлемге танымал Клеопатра ханшайымның өзі алоэ –дан жасалған кремді жаққан екен. Дәрігер Диоксид: "Алоэ жараларды емдеп, ұйқыны тыныштандырады"деп жазып кеткен.

Алоэ шырыны иммунитетті нығайтып, пайдаланылған өндіріс бұйымдарын бастапқы қалпына келтіріп, бактерияға қарсы күресе алады. Басқа өсімдіктер секілді алоэ да көміртегіні жұтып, оттегі шығара алады. Сондықтан да оны ұйықтайтын немесе адам көп жүретін бөлмеге қойған жөн.

Алоэ екіқабат әйелдер, бүйрек, өтқабы, цистит, геморой ауруларымен қиналатын адамдарға кері әсер етеді. Сондай-ақ, қан қысымында ауытқушылығы бар адамдарға да алоэға жақындауға кеңес берілмейді.



Алоэны қандай жағдайда қолдануға болады?

Тәніңізді тыныштандыратындай ванна қабылдағыңыз келсе, 3 ас қасық шырынды 2 стақан сүтке және жалбыз тұнбасына қосып, жылы ваннаға қосасыз. Мұндай ваннада 15 минут жатуға болады.

Күйік шалғанда, іріңд іжаралар пайда болғанда алоэны қойып, дәкемен таңып тастау керек және әр екі сағат сайын ауыстырып тұру керек.

Ол үшін алоэныңж апырақтарын жуып, бинтке қойыңыз да, аздап жаншыңыз. Содан кейін барып, ауырған жерге қойыңыз. Аяулы нәзік жандыларымыз алоэдан маска жасай алады. Ол үшін алоэныңбір ас қасық шырыны мен қаймақты араластырасыз да, оған жұмыртқаның сарысын қосасыз. Қоспаны таза бетке жағып, 15-20 минут ұстаңыз да, жылы сумен шайыптастаңыз. Нәтижесінде, теріңіз жылтырап, сұлуланатүседі.

Иммунитетті көтеру үшін алоэ шырыны мен балдың қоспасын жасайсыз. Шырынды алу үшін 15 сантиметр болатын бірнеше жапырақты үзіп алып, суменбір рет шайып жіберіңіз. Таза стақанды, дәкені немесе мәрліні аласыз. Қолыңызды тазалап жуыңыз да, сол мәрлінің бетіне әбден кескілеген алоэны қоясыз. Оны қолыңызбен қатты сығып, суын стақанға тамызасыз. Дайын шырынды балмен араластырасыз (1:1). Бұл қоспаны күніне 3 рет бір шәй қасықпен тамақтан жарты сағат бұрын ішіп тұрыңыз. Пайдалану уақыты – 3 апта.

Егер суық тигізіп алсаңыз, алоэның жаңадан жасалған шырынын әрбір 3-4 сағат сайын 2-3 тамшыдан тамызып тұрыңыз. Бұл әдісті 2-3 күннен артық жасауға болмайды.

Егер сізде гастрит, асқазан жарасы болса немесе тәбетіңізді жақсартқыңыз келсе, күніне 2-3 рет алоэ шырынын ішіңіз. Ларингит (тамақауырсынуы) кезінде, тамағыңызды, аузыңызды алоэ шырынымен шайыңыз.

Мінеки, терезеңіздің алдындағы алоэның бір бойынан осыншама үлкен дәріхана жасап алуға болады екен. Оны пайдаңызға жаратыңыз да, суаруды ұмытпаңыз.


Жолжелкен өсімдігінің емдік қасиеті
Жолжелкеннің құрамында әр түрлі витамин, белок, май, қышқылдар мен тұздар мол болғандықтан, одан жасалынған дәріні көптеген ауру түрлеріне қолданады.
Мәселен ол адамның тәбетін ашып, қандағы гемоглобинді молайтып, түрлі жүйке ауруларын тыныштандырады. Сондай-ақ қан тамырының қатаюына, асқазан, ішек жарасына, тыныс жолдарының қабынуына, өкпе туберкулезіне, созылмалы бронхит, плеврит және бүйрек, несеп жолдарының қабынуы тәрізді сырқаттарға қолданылады. Тамырының қайнатпасын іштен қан өткенде, қан қақырғанда ішкізіп, мұрыннан қан тоқтамағанда танау ішіне құяды. Ал тұқымның қайнатпасын қант диабетіне, дизентерия және іш өткенге ішеді. 
Ертеде қазақтар жолжелкен жапырағын кептіріп ұнтақтап, жараның аузына сеуіп қанын тоқтатқан. Жас жапырағын түйіп жасаған қоймалжың сөлін улы жәндіктер шаққанда беріп, уын қайтарған, сүйелге таңып кетірген. Жарақаттанған малдарында осымен емдеп, күнделікті тұрмыста тері илеуге пайдаланған. 
Жолжелкен гүлдеген кезде тамырын қазып алып жуып, салқын жайда кептіріп ұнтақтайды. Сол ұнтақтың 100 грамын жарты литр араққа салып, 10 күн қараңғы жерде ұстап ашытады. Сонан соң сүзіп, шыны ыдысқа салып салқын жерде сақтайды.Дәрі даяр болады. 
Мұны асқазанмен ішегінде жарасы бар адамдар күніне (ас алдынан бір сағат бұрын) бір ас қасықтан 3 мезгіл 2 ай ішсе, науқасынан айығып кетеді.
Ал оның жапырағын кептіріп ұнтақтап, бір ас қасығын жарты литр қайнаған суға салып шай тәрізді демдейді.Бір күнен кейін үстіне бір шай қасық анис тұнбасын құйып, күніне 30 грамнан үш рет бозөкпе, созылмалы бронхит ауруларына ұшырағанда береді.
Ем болатын аурулары:
♦ Жолжелкеннің тұқымы ыстықты басып, уытты қайтарады. Қақырықты шығарып, жөтелді тоқтатады. Шөбі де осындай қасиетке ие.
♦ Ішек қабынғанда, 15 грамм жас жолжелкенді( кептірілгенінен 9 грамм) қайнатып, күніне екі рет ішеді.
♦ Несеп жолының және қуықтың қабынуына 9 грамм жолжелкен тұқымын, 15 грамм тікенді ұшқат гүлін, 9 грамм жүрек жапырақты, 6 грамм қызыл мияны суға қайнатып ішеді.
♦ Бүйректің жедел қабынуына 30 грамм жолжелкен шөбін суға қайнатып ішеді.
♦Кеңірдекшелердің созылмалы қабынуына 90 грамм жолжелкеннің жас шөбін суға қайнатып немесе 9 грамм жолжелкен тұқымын сарғайғанша қуырып, талқандап, қайнаған күріш суына қосып ішеді.
♦ Жас жолжелкен шөбін жаншып, асқынған сыздауық, шиқанға тартады
Қызыл мия өсімдігінің емдік қасиеті

Бұл – көпжылдық шөптектес өсімдік. Биіктігі 100-30 сантиметр. Сыртқы қабығы қызылқоңыр немесе қара қоңыр түсті, дәмі ащы, сабағы тік, жұмыр әрі жуан, түп  жағы ағаш тектес, жоғарғы жағы көп бұтақты болады. Тақ қауырсынды күрделі жапырақтары кезектесіп орналасады. Бірқатарда жұмыртқа формалы, не сопақша немесе бүтін жиекті 7 ден 17-ге дейін ұсақ жапырақшалары болады. Шашақгүл шоғыры сабақ қолтығында өседі. Гүлі көбелек формалы, көгілдір немесе қызғылт көк түсті, бадана жемісі орақ тәрізді имек, қоңыр түсті, сыртында жиі тікен түкшелері болады.  Құмды жерлерде, шаппалықтарда, өзен бойларында, топырақты аймақтарда өседі.



Жинау және өңдеу.

Қызыл мияның тамыры ем болады. Көктем мен күзде қазып алып, екі шетіндегі кішкене тамырларын, жас өркендерін алып тастап, жуып, тазалап кептіреді. Жапырақтарын турап, шикідей немесе бал қосып өңдеп жасайды. Тәтті дәмді, усыз болады.



Ем болатын аурулары:

Жүректің ыстығын басып, уытты қайтарады. Көкбауырды күшейтіп, әлдендіреді. Өкпені дымқылдандырып, жөтелді басады.



  1. Асқазан мен он екі елі ішек жарасына қызыл мияны 9 грамм, жұмыртқа қабығын 15 грамм, сасық меңдуанадан 0.5 грамм ұнтақтап, күніне үш рет 3 грамнан ішеді.

  2. Истерия(есалаң) ауруына 15 грамм қызыл мияны, 30 грамм шыланды, 12 грамм   сәнген бидайды араластырып, суға қайнатып ішеді.

  3. Көңіл ала бұртып, ұйқы қашқанда, 3 грамм қызыл мияны, 105 грамм андызды суға қайнатып, күніне екі рет ішеді.

  4. Ауыл шаруашылық дәрілерден(фосфорлы дәрілер) уланғанда, 120 грамм қызыл мияны, 15 грамм талькті қосып қайнатып, салқындағаннан кейін күніне үш рет ішеді.

  5. Қорғасыннан уланғанда, 9 грамм қызыл мия мен 12 грамм өрік дәнін суға қайнатып, күніне екі реттен 3-5 күн ішеді.

  6. Әрсеннен уланғанда, қызыл, қарабұршақпен қосып қайнатып, сумен шеді.

Пайдалану мөлшері: 4,5-9 грамм. Қызыл мияның құрамында қызыл мия қышқылы, күрделі қанттар және крахмал бар.
Жоңышқа өсімдігінің емдік қасиеті

Жоңышқа – шөптектес, мал азығы үшін өсірілетін өсімдік. Биіктігі 1 метр, жасыл түкті, көкшіл гүлді  болып келеді. Жылына екі рет орылып, жиналады.



Жинау және өңдеу.

Жазда көгерген кезінен бастап, жас  өсімін көк күйінде пайдаланады.Күзде тұқымын қағып алып, кептіріп, сақтап, дәріжасайды.



Ем болатын аурулары:

1.Жаңа көктеп шыққан жоңышқаның жапырағын сындырып алып, шекер қосып езіп, жеп тұрса, қанды көбейтеді, денені қуаттандырады. Сірке қышқылына езіп, ісінген жерге таңса, ісікті қайтарады.

2. Қол мен аяқ қалтылдағанда, жоңышқаның жапырағын мол етіп қайнатып, аяқ-қолға күніне екі уақыт таңады немесе булайды. Жоңышқа ұрығының майын күнге қыздырып, күнсайын жағып отырады.

3. Сау адамның асқазан, ішек жолдарын тазалау үшін мамыр айының басында жаңа көктеген жоңышқа жапырағынан тұшпара немесе мәнті жасапжесе, ішті босатады. Адам рухани жағынан сергіп, ас қорыту жолдарының жұмысы жақсарады. Халық емшілерінің тәжірибесінен көктем мезгілінде жоңышқаның жаңа шыққан жапырағын көкөніс ретінде ексе, майға араластырып жеуден саулыққа пайдалы екені белгілі. Ол кезде жапырағы уы жоқ балғын болады.



Пайдалану мөлшері: 6-15 грамм. Алайда, жағдайға қарай түрлі мөлшерде пайдалана беруге болады. Жабайы жоңышқа мен екпе жоңышқаның дәрілік қасиеті бірдей. Олардың құрамындаА,В.С,Е витаминдері және белок, май, амин қышқылдары бар.
II. Дәрілік өсімдіктерден дәрі-дәрмек жасау, емдік қасиеттері,жергілікті халықтың пайдалануы

2.1 Дәрілік өсімдіктерден тұнбалар дайындау

Дәрілік өсімдіктерден тұнба дайындау жолдарын, ауылдық медицина қызметкерлерімен бірлесе отырып, дайындадық. (Қосымша №3.Сурет №3, №4)



Итмұрыннан тұнба дайындау және қолдану әдісімен дозалары.

Жемістерді 10 г(1 ас қасық) эмальданған ыдысқа салып, 200 мл (1 стақан) қайнаған су құйып, қақпағын жауып және сулы моншасында 15 минут қыздырып, бөлме температурасында 45 минут салқындатып, сүзіп, қалған өнімді сығу керек. Алынған тұнбаның көлемін қайнаған су құю арқылы 200 мл-ге дейін жеткізу керек. Дайындалған тұнбаны салқын жерде екі тәуліктен асырмай сақтау керек. Ішке 50-100 мл-ден күніне 2-3 рет тамақтан кейін жылы күйінде қабылдау керек. 5-7 жастағы балаларға 10-15 мл-ден, 8-14 жастағыларға 20 мл-ден күніне 2 рет тамақтан кейін қабылдау керек.



Ем болатын аурулары:

Авитаминоздарда, жедел және созылмалы жұқпаларда, бауыр, ішектің жедел және созылмалы ауруларында, асқазанның ойық жарасы ауруларында, гипертиреозда, пневмонияда, бронхы жолдары және цистит ауруларының алдын алу үшін қолданылады.



Аскөктен тұнба дайындау және қолдану әдісімен дозалары.

1-2 ас қасық кептірілген майдаланған аскөкті, қайнап тұрған150-200 мл суға салып, 15-20 минут тұндырады. 5-10 минуттан кейін пайдалана беруге болады. Сонымен қатар, аскөкті күнделікті тағамдарға дәмдеуіш ретінде қосып, пайдалануға болады



Ем болатын аурулары:

Одан жасалынған дәрі-дәрмектер медицинада қан қысымын төмендетуге, қан тамырларын кеңейтуге, несеп, өт жүргізу, қақырық түсіру үшін қолданылады.

Сарымсақтың емдік қасиеті, пайдалану жолы

Күнделікті тағамға пайдаланылатын сарымсақтың көптеген ауруларға ем-шипа екенін бұрыннан белгілі.

Сарымсақтың пайдалы да шипалы екенін барша жұрт біледі. Сөйте тұра оның исіне бола пайдаланудан қашқақтайды. Дегенмен, дәрігерлер әр адамға күнделікті тамақпен қоса бір сарымсақ жеуге кеңес береді, Оны турап, үгітіп алып жеу керек немесе бір бөлігін бүтіндей жұту керек.
Сарымсақтың құрамындағы табиғи екі антибиотик он бес түрлі зиянды бактериялардан қорғайды.
Сарымсақтың ежелден белгілі қасиеттері: тәбетті ашады, бас ауыруын басады және салқын тигенге ем. Сондай ақ ревматизм, гепатит, қырыққұлақ ауруларына, баспаға, тұмауға қарсы, зәр жүрізгенге, қақырық түсіруге қолданылатындағы халық емшілігі әдістерінде бар. Кейінгі кезде сарымсақтың қанның артериялық қысымын азайтып, қандағы холестерин деңгейін төмендететіні, қан тамырларында тромбылардың пайда болуына қарсы әрекет ететіні мәлім болды.
Біздің заманымыздың «керемет» кеселдерінің біріне айналған аллергия да сарымсақтан «сескенеді» екен. Оның бір бөлігін алып, бір-екі қайнаған суға үгітіп, езіп алып, тамақтан кейін күніне 3-4 реттен қабылдаса, бір аптадан кейін-ақ адамның сауығып кетуіне себепші болады. Мұндай ем тіпті демікпе мен аллергиялық сипаттағы тері бөртпелеріне де шипалы көрінеді.
Бір бөлік сәбіз шырынын, белгілі бір мөлшердегі өсімдік майын және бірер тамшы сарымсақ шырынын мұқият араластырып, мұрынға күніне бірнеше рет тамызып отырса, күзде-көктемде салқын тигенге, тұмауға қарсы ем болады.
Сарымсақты дұрыс сақтаудың маңызы зор. Тоңазытқышта төрт ай сақталған сарымсақтың бактерияға қарсы қарымы шамамен екі есе, ал бір жыл сақталса 48 есе кемиді. Дегенмен сарымсақты сақтайтын ең жақсы әдістің өзі осы екен, өйткені әдеттегі бөлменің температурасымен сақталса, біршама уақыттан кейін оның емдік қасиеттерінен ештеме қалмайтын көрінеді.
Ескертетін жағдай, асқазан жүйесінде уытты жарасы, гастриті бар не болмаса бүйрегі қабынған адамдардың аталмыш ем-домдарды қолдану барысында абай болғаны жөн.

2.2 Жергілікті жердегі дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеті

Итмұрын өсімдігінің емдік қасиеттері

Халқымыздың ежелден дәрі ретінде қолданып келе жатқан өсімдіктердің бірі – итмұрын. Итмұрынның 60-тан астам түрі болса, соның 13 түрі дәрі жасау кәсіпорындарында қолданылады. Оның құрамында қант 18, С дәрумені 6 пайызға дейін болса, бұл 40-50 есе қарақаттан, 100 есе лимоннан артық деген сөз. (Қосымша №4)

Адам осының 5-8 данасын ғана күнделікті аспен бойына сіңірсе қажетті дәруменді толық алды деп есептеледі. В2, Р, К, Е, каротин 12-18 мг, пайыз, органикалық қышқылдар, алма және лимон заттары, эфир майлары, минералды тұз, темір, марганец, фосфор, кальций, молибден, кобальт, хром, мыс, тағы басқа заттар көптеп кездеседі. Жұмыс қабілетін арттырады, қан құрамын жақсартады, түрлі жаралардың жылдам жазылуына ықпал жасайды. Сонымен қатар, өтті айдайтын, зәрді жүргізетін, сұйық болып өтетін ішті тоқтататын, туберкулездің алдын алатын, тәбетті ашатын дәрі десе де болады.. Ұнтақталған   дәнді 5 минут ақырын қайнатып, термоста 30-40 минут ұстап, шектеусіз іше берген жағдайда еске сақтау қабілетін жақсартып, ағзалардың жасаруына септігін тигізеді. Осы орайда ескеретін бір жайт, аталған тұнбаны тістің арасынан өткізіп ішуге болмайды. Өйткені тістің эмалын кетіретін қышқылдар бар. Адамның жұмыс қабілеті төмендеп, жылдам шаршайтын болса, қан құрамы өзгеріп, өкпеде туберкулез белгілері байқалса, бауыр, өт, қуық жұмыс ырғағы бұзылып, көңіл-күйді бұзатын болса, төмендегідей әдістерді қолданған жөн. Бір ас қасық ұнтақталған итмұрын дәнін 400 г қайнап тұрған суға салып, су моншасында 15 минут қайнатады, бір тәулік бұқтырады. Осыдан әр жолы жарты стақаннан күніне 2-3 рет ішеді. Балаларға осыған бал қосып береді. Тамырын турап, бір ас қасығын жарты литр суға 10 минут ақырын қайнатып ішсе, бойдағы зат алмасуды реттейді. Итмұрын құрамындағы Р және С дәрумендері қыл тамырлардың сыну және жарылу мүмкіндіктерін азайтады, керілу және созылу мүмкіндіктерін арттырады.

Жинау және өңдеу.

Итмұрынды күзде піскен кезде жинап, жел қағып тұратын көлеңкеде кептіреді. Таза ыдыста ұзақ мерзім сақтауға болады. Ал қысқа қалып, аяз ұрса, С дәруменінен айрылып қалады. Итмұрынның дәні ғана емес, жапырақтары мен гүлін де жинайды. Гүлінде эфир майлары көп болса, жапырақтарында С дәрумені баршылық. Күзде тамырын да жинайды.



Ем болатын аурулары.

1.Қан аздыққа 2 ас қасық ұнтақталған дәннен 500 г суға 10 минут ақырын қайнатып, бұқтырып, астан бұрын 150 грамнан қабылдайды. Күніне үш рет.

2.Зәрді ұстай алмайтын жағдайда 4 ас қасық ұнтақталған дәнді 1 литр суға 30 минут ақырын қайнатып, қайнап бола берген кезде 2 ас қасық гүл ұнтағынан салып, тағы да аз қайнатады. Бұқтырып қойып, таңертең-кеш астан бұрын стақанмен ішеді. 15-20 күн бір емделу барысы.

3.Көз былшықтанып, басқа да жеңіл-желпі ауруы болғанда итмұрын гүлінен бір шай қасықты 300 г суға 15 минут ақырын қайнатып, тұндырып қойып, салқындай көзді жуады. Бетті осы сумен жуса терінің өңін келтіреді.



Жусан өсімдігінің емдік қасиеті.

Жусан биіктігі бір метрге жететін өзіне тән иісі бар,сұр түсті көпжылдық шөп.Сабағы тік өседі де,бас жағы бұтақтанады.Жапырақтары уақ,кезектесіп орналасқан,бет жағы жасыл түсті,төменгі жағын сұр түсті түктер басқан. Жусанның дәрілік қасиеті бар.Оның шөбінде абсинтин,анабситин глико- зидтері,эфир майлары,С витамині,илік заттары бар.Жусан шөбінің тұнбасы көбіне ас қорыту жұмысын жақсартуға,тамақ ішуге ынталандыруға қолда- нылады.

Экстракт жасау үшін кептіріліп,уақталған шөпті ыдысқа салып үстіне 40 проценттік спиртті құяды.Өсімдік пен спирт мөлшері 1:5 болу керек.Бұл экстракт 7-14күн сақталады.Осы экстрактты күніні үш рет тамақтан жарты сағат бұрын 15 тамшыдан ішеді. Ауыз шаюға керекті тұнба су қосып жасалады.Бір ас қасық өсімдіктің үстіне бір стакан қайнаған ыссы су құйып біраз ұстау керек.Осылай дайындалған тұнбаны ауыз шаюға 2-3 күндей ақ пайдалануға болады.Тұнба жасаудың тағы бір жолы бар.Бір шай қасық уақталған жусан шөбін екі стакан қайнаған су құйып,кәдімгі шай сияқты қайнатып содан кейін 20 минут тұндырып,дәкемен сүзеді.Осы тұнбаны күніне үш мезгіл ,тамақтан жарты сағат бұрын стаканның 1/4бөлігін ішеді.

Ем болатын аурулары.

1.Тамақ тәбетін арттырады.Ол үшін жусан шөбінің бір бөлігі мен субеде жапырағының бір бөлігінің қосындысының екі шай қасығына бір стакан қайнап тұрған су құйып,шай демдегендей қайнатып ,дәкемен сүзнді.Осылай дайындалған тұнбаны күніне екі мезгіл тамақ алдында жарты стаканнан ішеді;

2.Ішек-асқазан ауруларын емдеуге пайдаланылады.ол үшін ащы жусан-50г;батпақ иірі (тамыры )-25г;үшжапырақты субеде(жапырағы)-25г;кәдімгі зире(жемісі)-25г.Бұл қоспадан дайындалған тұнбаны тамақтан 15-20 минут бұрын 1ас қасықтан ішеді.

Түймедақ өсімдігінің емдік қасиеті

Түймедақ– ортасында сары дағы бар ақ түсті гүл. Өсімдіктің табиғатта 200-ге жуық түрі белгілі. Түймедақтың сары түсі де бар, дегенмен, ақ күлтелі түрі көп таралған. Түймедақтың табиғи түрі дәрілік қасиетімен жоғары бағаланады. Дегенмен, көбісі түймедақтың пайдасын біліп, шипалық мақсатта қолданбайды.

Түймедақ гүлі көгалдандыруда кеңінен қолданылатын көпжылдық шөптесін өсімдік. Биіктігі 30-60 см аралығында болады. Гүлінің диаметрі 9 см-ге дейін жетеді. Дүние жүзіне таралған. Бақшаға еккен түймедақ жаз бойы молынан гүлдеп, ерекше көңіл күй сыйлайды.

Өсімдіктің сұрыпталған түрлерінің гүлі ірі болып келеді. Бойы аласа, гүлпарлы түрлері де бар. Сұрыпталған түрлерінің гүлдеу мерзімі ұзағырақ болады. Сұрыпына қарай маусымнан шілде айының соңына дейін гүлдейді. Алғашқы гүлдері сола бастаған кезде гүлсидамын қырқып тастаса, жаздың соңына қарай қайтара гүлдейді. Әрине, гүлі алғашқыдан сиректеу болады.

Отырғызады.

Түймедақ гүлі топырақ талғамайды, дегенмен де молынан гүлдеуі үшін топырағы құнарлы болғаны дұрыс. Арам шөбін жұлып, түбін қопсытып тұру керек. Күнді жақсы көреді, бірақ ала көлеңкеде ұзағырақ гүлдейді. Сәуір айынан бастап, жауынды күнді ескермегенде, күн ара суғарып тұрған жөн.

Түймедақтың түбін жыл сайын көбейтіп тұрмаса, гүлдеуі нашарлап, гүлінің көлемі кішірейіп кетеді.

Көбейтілуі

Табиғаттағы түрлері өздігінен тұқымы шашылып көбейеді. Ал, көгалдандырудағы сұрыпталған түрлерін көктемде түбін бөлу арқылы көбейткен тиімді, әрі оңай. Көшеттің ара қашықтығы биіктігінің жартысындай болу керек. Мысалы: түймедақтың биіктігі 70 см болса, арақашықтығы 35 см болғаны абзал.



Ем болатын аурулары

Түймедақпен көптеген ауруды емдеуге болады. Түймедақ гүлі өт жолына тас байлану, тұмау, бас ауруына қарсы ем.

Өсімдіктен алынған эфир майы жүйке жүйесін әлдендіріп, ми тамырларын кеңітеді. Асқазан, ішек жолдарының жұмысын жақсартып, өтті жүргізіп, тәбетті ашуға көмектеседі. Бұлшық еттің жұмыс қабілетін арттырады. Сонымен қатар:

1) Суық тигенде екі шай қасық түймедақ гүлін 300 г суға қайнатып, 4 сағат бұқтырып тұнба жасау арқылы пайдалануға болады. Тұнбаны ертелі-кеш астан бұрын ішу қажет.

2) Асқазан ауруына екі ас қасық гүл үгітіндісін бір стақан қайнап тұрған суға салып, бір сағат жабық ыдыста бұқтырып алып ішу көмектеседі.

3) Бел ауырса, түймедақ гүлін ұнтақтап тұзы жоқ сары майға араластырып белге жағуға болады.




2.3 Жергілікті халықтың өсімдіктерді пайдалануы

Смагульова Барқыт Қоқатайқызы

Мен шөптерден дәрі жасауды бала кезімде өз әжемнен үйрендім. Бала кезімде әжем бізді шөп теруге қасына ерітіп жүретін.Ол кезде ол шөптердің қандай мақсатта жинайтынын және неге қолданатынын білмеуші едім. Бізді бала кезде жолжелкен шөбінің тұнбасын қайнатып сок деп ішкізуші еді.Өсе келе ол шөптің емдік қасиеті бар екендігін байқадым. Шөптерді қалай қайнатып тұнба жасайтынын көріп білгім келіп қызыға бастадым. Әжемнің қасында жүріп көп шөптердің дәрілік қасиеттерін біле бастадым. Бері келе өзімде әжемнің дайындаған құрамы бойынша дәрі жасаудың жолдарын үйрене бастадым. Қандай ауруларға ем екенін сұрап қызыға бастадым.Қазіргі таңда Аңғал батыр ауылының тұрғынымын. Бұл Түймедақ шөбін мен ауыл жанынан жинап кептіремін. Оның тұқымы, жапырағы және тамырының да өзіндік емдік қасиеттері бар. Мен өз тәжірибемнен айтар болсам жапырағын кез –келген жараға яғни бір жеріңді жырып кетсе болмаса шеге кіріп кеткен жағдайда жолжелкен шөбінің жапырағын сол жерге таңса жараны тез емдеп жазады.Ал тұқымын қайнатып тұнбасын ішсе ішектің қабынуына және қанды қойылтатын қасиетке ие. Бірақ көбіне үлкен кісілерге жалғыз өзін қайнатып ішуге болмайды .Өйткені үлкен адамдарда қан құрамы қою болғандықтан басқа шөп қосындыларымен бірге ішу керек. Мен өз тәжірибемнен басқа кісілергеде осы қоспаны ұсынып, дәрі ішпей –ақ шөптердің емдік қасиеті арқылы да денсаулығының жақсаратындығын айтар едім.



Амиржанова Нагима Шокайқызы
Қазақстанда емдік қасиеті бар көптеген шөптер өседі. Халық даналығында айтылғандай «Мың теңге тұратын дәрі дәл шарбағыңның түбінде өсіп тұр» демекші біздің аймақта өсетін шөптердің өзіндік емдік қасиеттері бар. Ол үшін кітапты көп оқып білімді болу қажет. Мен бала кезімнен кітап, газет журналды көп оқитынмын. Қазіргі таңда өсімдіктер жинап, кептіріп дәрі жасаушылар саны аз. Барлық шөптің өзіндік емдік қасиеті бар. Мен өз тәжірибемнен айтар болсам бір жылдары қолыма күбіртке шығып қатты қиналдым сол кезде кітаптан оқыған жолжелкеннің емдік қасиеті есіме түсіп жапырағын алып жуып, тазалап жараға таңдым сол кезде таң қалғаным тіпті жаранң орныда қалмай жазылып кетті. Сонан бері мен балаларыма да өзімде ешқашан дәрі қолданған емеспін. Ауырсам кітап беттерінен оқыған білімімнің арқасында емдік шөптер тұнбасын пайдаланамын.

III.Зерттеу нәтижелері

3.1. Дәрілік өсімдіктердің басқа дәрілерден айырмашылығы және емдік қасиеттерін анықтау

Осы тақырыпты зерттеу барысында дәрілік өсімдіктердің басқа дәрілерден (таблетка) айырмашылығы қандай деген сұрақ туындады. Осы сұрақтың жауабын табу мақсатында дәрілік өсімдікті басқа дәрімен (таблеткамен) салыстырдық.



Сонымен, дәрілік өсімдіктердің құрамында адам ағзасына қажетті органикалық заттардың көптігі, пайдаланған кезде өте тез сіңімділік қасиетінің жоғары екендігін және химиялық заттардың жоқтың қасы екенің аңғардық. Ал керісінше, басқа дәрінің құрамында химиялық қоспаның көптігі байқалды, мұндай дәріні пайдалану арқылы адам өз ағзасын өзі улап жатқаны сөзсіз.

Дәрілік өсімдікті халық емдік дәрі ретінде қаншалықты қолданады, біз осыған орай интернет-әлеуметтік желілерде сауалнама жүргіздік.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет