АҒЗАДАҒЫ ДӘРУМЕНДЕР КОНЦЕНТРАЦИЯСЫНЫҢ БҰЗЫЛУЫ - ГИПОВИТАМИНОЗ
- ағзадағы дәрумендердің жетіспеушілігі
- ГИПЕРВИТАМИНОЗ
- ағзадағы дәрумендер мөлшерінің артуы
- (А және Д дәрумендерінің ғана артуы ағзаны ауруға шалдықтырады)
- АВИТАМИНОЗ қандай да бір витаминнің күрт жетіспеушілігінен болатын ауру. (Мысалы:бери-бери, пеллагра, құрқұлақ(цинга) және т.б.)
А ДӘРУМЕНІ - Эпителий ұлпаларының дамуын, қалыпты өсуін реттейді;
- Ферменттер жұмысын күшейтеді;
- Өсу витамині деп аталады;
- Жануартекті өнімдерде-бауыр, сарымай, балық майында кездеседі;
- Өсімдіктекті өнімдерде-құрамында каротины бар сәбіз, қызанақ, асқабақ, тәтті қызыл бұрыш, өрікте кездеседі;
- Тәуліктік мөлшері 1-1,5мкг.
-
ҚЫЗҒЫЛТ ПИГМЕНТ - КАРОТИН - Каротиноидтар ( лат. carota -сәбіз және грек. eidos - түр), қызғылт және сарғыш табиғи пигменттер тобы.
- Жарық сәулесін сіңіру арқылы фотосинтез процесіне қатысады; Эндоплазмалық тордың жарғақшасында сіңіріліп, секреттік, тасымалдаушы нәруыздардың қалыптасуына әсер етеді;
- Митоз үрдісінде жасушаның бөлінуін реттейді;
- Адам ағзасына тағаммен түскен каротиноидтардан А дәрумені түзіледі.
А дәруменінің жетіспеушілігін білдіретін белгілер: - Күндізгі жарық көзге әдеттен тыс жағымсыз әсер етеді;
- Түнде көру нашарлайды, яғни ақшам сокырлық байқалады;
- Шынтақ, тізе, бөксе қызарады;
- Тамақтың сілемейлі қабықшасы жиі қабынады;
- Баста қайызғақ пайда болады
Достарыңызбен бөлісу: |