Қайта тіркеу Қайта тіркеуге өтініш куәліктің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін берілуі керек. Қазақстанда қайта тіркеу рәсімі тіркеу рәсіміне ұқсас жүргізіледі.
Қайта тіркеу барысында дайын өнімнің спецификациясында және/немесе сапасын бақылау әдістерінде өзгерістер болған жағдайда үлгілерді зертханалық сынау тағайындалуы мүмкін. Сондай-ақ, қайта тіркеу барысында өндірістік учаскені инспекциялау тағайындалуы мүмкін.
Сараптама жұмыстарын жүргізу мерзімі Өтініш берушіге сараптама процесінде анықталған ескертулерді жоюға, өндіріс жағдайларын бағалауды ұйымдастыруға, қорытынды құжаттарды келісуге берілген мерзімдерді қоспағанда, күнтізбелік 120 күннен аспайды.
Қайта тіркеуді жүргізу нәтижелері бойынша бес жыл мерзімге (не мерзімсіз) тіркеу куәлігі беріледі.